Нұрсұлтан Назарбаев: Таяу Шығысты үлкен соғыс елесі кезіп жүр

Нұрсұлтан Назарбаев: Таяу Шығысты үлкен соғыс елесі кезіп жүр

Нұрсұлтан Назарбаев: Таяу Шығысты үлкен соғыс елесі кезіп жүр
ашық дереккөзі
Таяу Шығысты үлкен соғыс елесі кезіп жүр. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан  Астана клубының жалпы отырысында ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Үлкен Еуразияның кейбір өңірлерінде кең ауқымды әскери текетірестің орын алуы қаупі жоғары. Жарылыс қаупі барынша жоғары өңірлердің бірі Таяу Шығыс болып отыр. Қазіргі уақытта біз Сириядағы дағдарыстан туындаған тұрақсыздықты, Ирактағы саяси шиеленістің сақталуын, Ливиядағы азаматтық соғысты, Араб елдеріндегі ішкі сын-тегеуіріндердің дамуын байқап отырмыз», - деп атап өтті Елбасы. ҚР Президенті мұның барлығы өте күрделі жағдайда және әлемдік қоғамдастық ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінің нәтижесінде қол жеткізілген Иранмен арадағы ядролық келісімнің ыдырауымен байланысты тереңдей түскендігін баса айтты. Қазақстанның әлем елдеріне үлгі көрсетіп, ядролық қарудан өз еркімен бас тартқанын еске салды. «Келер жылы шешілмеген проблемалардың шумағы Таяу Шығысқа үлкен соғыс елесін қайта оралтып, мұнан ары шырмалана түсуі мүмкін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Айта кетейік, Елбасы жиын барысында Үлкен Еуразияның сұлбасы қалыптасып келе жатқанын айтып, Ресей, АҚШ және Қытай арасындағы геосаяси бәсекелестікке алаңдаушылық танытты. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік державалар қарулану жарысына қайта оралуы мүмкін екендігін ескертті.