Жаңа Каледония Франциядан бөлінбейді

Жаңа Каледония Франциядан бөлінбейді

Жаңа Каледония Франциядан бөлінбейді
ашық дереккөзі
427
4 қараша күні  Жаңа Каледония аймағында туралы референдум өтті. Тынық мұхитында орналасқан архипелаг тұрғындарының 56 пайыздан астамы Франциядан бөлінуге қарсы дауыс берді. Франция президенті Эммануэль Макрон Жаңа Каледонияның Франция құрамында қалғанына қуанышты екенін білдірді. Ол «жеккөрушілік, қатаңдық, қорқыныш пен бөлінушіліктің» күйрегенін айтты. Эммануэль Макрон бұған қоса референдум өткізуде Франция үкіметі бейтарап болғанын және дауыс беруге халықаралық бақылаушылардың қатысуына рұқсат бергенін айтты. Енді үкімет Жаңа Каледонияның барлық саяси күштеріне таяу уақытта кездесу өткізуді ұсынған. Макронның сөзінше, 5 қарашада премьер-министр мен теңіздегі аумақтар ісі жөніндегі министрі қатысқан келіссөз басталады. Франция оппозициясының бір бөлігі референдум нәтижесіне көңілі толмайтынын білдірді. «Бас имейтін Франция» партиясы дауыс беру нәтижесі «архипелаг тұрғындарына тәуелсіздік керек дейтіндердің көңілін қалдырғанын» мәлімдеді. Жаңа Каледония Францияға 1853 жылы қосылған. Аймақ кірісін никель өндірісінен түсетін қаржы, туризм мен Франциядан алатын қаржылай субсидия құрайды. Франция билігі 275 мың тұрғыны бар аймаққа жыл сайын бір жарым миллиард доллар бөледі. Жаңа Каледония Франция құрамындағы ерекше мәртебесі бар әкімшілік-аумақтық құрылым саналады. Аймақты Франция президенті тағайындайтын жоғарғы комиссар және жергілікті заң шығарушы орган басқарады. Сонымен қатар, Франция парламентінің төменгі және жоғарғы палатасының әрқайсысына аймақтан екі депутат сайланады. Жаңа Каледонияда Франциядан бөліну туралы соңғы референдум 1998 жылы өткен. Ол кезде де аймақ тұрғындарының көпшілігі Франция құрамында қала беруді қолдаған.  

Серіктес жаңалықтары