Балқашта атмосфераның ластануы күтіледі

Балқашта атмосфераның ластануы күтіледі

Балқашта атмосфераның ластануы күтіледі
ашық дереккөзі
6 қараша күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде метеорологиялық ахуал жағымды болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Синоптиктердің мәліметінше, сейсенбі күні Балқаш қаласында ауаның ластануының жоғары деңгейі күтіледі. Бұл ретте, Қазақстанның басым аумағында метеоболжамдар қолайлы болып отыр. Атап айтқанда, Астана, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Тараз, Теміртау, Өскемен, Шымкент қалаларында атмосфералық ауа сапасының ластануы күтілмейді. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.