Қайрат Сағатайұлы курсанттарға тарих пәнінен сабақ береді. Әрдайым сүйікті кәсібіне жан-тәнімен беріліп, тарихқа деген махаббатын шәкірттеріне дарыта білген жан.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты демекші, Қайрат ағай біздің курсанттарды елінің нағыз патриоты етіп тәрбиелейді. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде.
Қайрат ағай өз елінің нағыз патриоты десек еш жаңылмас едік. Курсанттарға Қазақстаннның кәзіргі заман тарихынан сабақтарын мәнді және астарлығып өткізе біледі. Әр сабақта курсанттардың бойына отаншылдық, ұлтжандылық қасиетерін тәрбиелейді.
Қайрат ағайдың ғылыми еңбектері Қазақстан Республикасының талай ғылыми және патриоттық газет-журналдарында жарық көрген.
Курсанттардың жауынгерлік рухын оятатын тарихші, зерттеуші Қайрат Сағатайұлының еңбектері баға жетпес кұнды дүниелер.
Тарихшы Қарамандаев қазақ-қалмақ текетіресіндегі халқымыздың азаттық жолындағы ғасыр шайқасы – Аңырақай шайқасы, Орбулақ жерлеріндегі шайқастар жайлы көптеген ғылыми мақалалар жазып, сонымен қатар 1941-1945 жылғы Отан соғысында ерлік жасаған қазақтар және қазақстандықтар жайлы талай зерттеулер жүргізген зерттеуші. Қайрат Сағатайұлы «Қазақ тарихы» журналының ақылдастар алқасының мүшесі.
Қазақтың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай: - Ұстаздық –ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Біздің болашақ офицерлерді осындай ардақты ұстаздарымыз оқытып, тәлім-тәрбие беретіні құантады.
Аида Бектурова
Құрлық әскерлері Әскери институтының
баспасөз қызметі