Алматыда Тылдың 80 жылдығын атап өтті

Алматыда Тылдың 80 жылдығын атап өтті

Алматыда Тылдың 80 жылдығын атап өтті
ашық дереккөзі
  Алматыда 29219 әскери бөлімінде республика бойынша ең үлкен Тыл базасының 80 жылдығын атап өтті. Барлық уақытта тылмен қамтамасыз ету сапалы және сенімді жағынан жақсы жетістік көрсетті. Армияның айбынын көтетеру және тамақтармен, өнімдермен қамтамасыз етуде көптеген қиыншылықтарға қарамай тыл қызметі кез келген мәселені шеше білген.  width= Тыл қызметі соғыс жылдары бір адам майданға кеткен бірнеше адам орнына жұмыс істеу қозғалысына, жұмыс өнімділігін арттыру барысында аянбай еңбек етті. Тыл қызметі бейбіт және соғыс уақытында қызметтердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне, қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтауға, техникалық құралдарды қамтамасыз етуге, зымырандардың, оқ-дәрілердің барлық түрлеріне жауап береді. Тыл қызметі әскеришаруашылықты негізгі ұйымдастырушы болып табылады. Тылдың мақсаты менміндеттері шаруашылық қызметті жоспарлау, материалдық құралдарды әкелу, пәтер-пайдаланумен қамтамасыз ету мәселелері (әскерлерді (күштерді) орналастырудың қалыпты жағдайын жасау және оларды пәтер мүлкінің барлық түрлерімен қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру. 1 қарашада 29219 әскери бөлімінің құрылғанына 80 жыл толады. Осыған орай 29219 әскери бөлімі мен 32 мектепте әскери қызметшілердің өздерінің ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті. Шараға ҚР ҚК Тыл ардагерлері мен әскери бөлімінің ардагерлері қатысты. ҚР ҚК Тыл бөлімінің командирі ардагерлерге бағалы сыйлықтар мен медальдар тапсырды. Салтанатты жиынды 29219 әскери бөлімінің командирі подполковник Асилхан Байыров 29219 әскери бөлімінің әскери қызметшілері өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетіп, қойылған тапсырмаларды сапалы орындайды. Тыл әскери қызметшілердің жоғары жауаптылығының арқасында ерен еңбектері орасан зор және жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігіне үлес қосқанын атап өту керек.