Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақта 189 адам болған

Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақта 189 адам болған

Индонезияда апатқа ұшыраған ұшақта 189 адам болған
ашық дереккөзі
Индонезияда апатқа ұшыраған Boeing 737 жолаушылар ұшағының бортында 189 адам болған, деп жазды «Хабар 24». Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігі хабарлайды. Белгілі болғандай, Lion Air компаниясына тиесілі ұшақ Джакарта әуежайынан шыға салысымен, шамамен 13 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Ұшақ Индонезияның Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлаған. Ұшақтың қираған бөліктерін теңізшілер жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 06:45 те тапқан. Жергілікті билік құтқару жұмыстары басталғанын хабарлайды. «Шұғыл эвакуациялау жұмысы басталып кетті. Оған әскерилер мен басқа да мамандар жұмылдырылды. Бұған дейінгі ақпарға сәйкес, ұшақ бортында 189 адам болған. Оның ішінде жолаушылар мен экипаж мүшелері бар» – деді Индонезияның ұлттық төтенше жағдай еңсеру орталығының басшысы  Мухаммад Сяуги .