1344
Мамандықты дұрыс таңдау маңызды!
Мамандықты дұрыс таңдау маңызды!
Қазіргі ғылыми – техникалық үдерістің үздіксіз, қарқынды дамуы - білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Қоғамға қажетті мамандық таңдау – басым бағыттардың бірі.
Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Тараз қаласында «Мамандықтар әлемін ашамыз» облыстық форумы ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат — Елбасы Жолдауын, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасын, “Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру” жобасын жүзеге асыру және кәсіби бағдар жұмыстарының сапасын арттыру, кәсіптік-техникалық мамандықтардың артықшылықтарын насихаттау.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Менің бастамам бойынша биыл «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасы іске асырыла бастады. Тегін оқытумен ең әуелі жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ, кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаңа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек» деп атап көрсеткен болатын.
Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту.
Форумның міндеттері:
- өзінің өмірлік жолын, ізденіс қызметін жобалау жағдайында жүрген білім алушылардың қызығушылықтарын жандандыру;
- кәсіби өзін-өзі анықтау сұрақтарында жоғары сыныптағылардың тиімді қоғамдық маңызды қызметін қолдау және дамыту;
- жасөспірімнің болашақ мамандық таңдауда отбасымен, мектеппен, шығармашылық ұжыммен және қоғаммен қарым-қатынастың инновациялық түрлерін дамыту.