Таразда ҮЕҰ форумы өтті

Таразда ҮЕҰ форумы өтті

Таразда ҮЕҰ форумы өтті
ашық дереккөзі
402
Тараз қаласындағы Азаматтық орталықта Жамбыл облысы үкіметтік емес ұйымдарының «Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» атты форумы өтті. Форумға ҚР Қоғамдық даму министрлігі, Қазақстанның Азаматтық альянсы өкілдері, сарапшылар, ҮЕҰ, мемлекеттік органдар, қоғамдық кеңестер, саяси партиялар, кәсіподақ ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты. Елдегі азаматтық қоғам рөлін нығайту, заңнаманы жетілдіру, азаматтық секторды дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеу аясында елімізде және өңірлерде дәстүрлі сұхбат алаңы – үкіметтік емес ұйымдар Форумы өткізілді.  «Азаматтық қоғам және мемлекет: әріптестік пен жауапкершілік» форумының бағдарламасында үкіметтік емес сектор дамуының өзекті мәселелері бойынша сұхбат алаңдары, жергілікті мемлекеттік органдардың бірінші басшыларымен кездесулер, пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Онда:
  • азаматтық қоғам институттарының, халықаралық ұйымдардың, сарапшы қоғамдастықтың, оның ішінде, ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен азаматтық сектордың дамуының өзекті үдерістерін талқылау.
  • азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында мемлекет және азаматтық сектордың өзара іс-қимыл бағыттарын және түрлерін анықтау.
  • азаматтық секторды дамыту саласында үздік тәжірибелермен, құзіреттілікпен және өзара білім алмасу арқылы азаматтық қоғам институттарының тұрақтылығын арттыру мәселелері қаралады.
Жергілікті жерлерде азаматтарды шешімдерді қабылдауға тарту мәселелері бойынша ұсыныстарды талқылап, енгізу үшін Форумға ауылдық округтердің әкімдері де қатысты. Бұл жолы үкіметтік емес ұйымдардың басқосу алаңы ретінде таңдаудың Жамбыл өңіріне түсуі бекер емес. Бүгінде облыста 700-ден астам коммерциялық емес ұйым тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 200-ден астамы белсенді қызмет етуде. Үкіметтік емес ұйымдар мен биліктің өзара іс-қимылының маңызды бөлігі – мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру екені белгілі. Биыл осындай әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға 814,8 миллион теңге бөлінген. Өткен жылмен салыстырғанда қаржы көлемі біршама өскен. Сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің ісін ілгерілету әрі олардың бастамаларына қолдау көрсету мақсатында жуырда Тараз қаласында Азаматтық орталық ашылған болатын. Республикалық форумның секциялық жұмыстары осы орталықта өтті. Форум қатысушылары түрлі секцияларға бөлініп, мемлекеттік орган өкілдерімен жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың басшылары арасында пікірсайыс ұйымдастырылып, түрлі оқыту семинары, мастер-класс өткізілді. «Бұл форумды ұйымдастырудағы мақсатымыз – ашық алаңда үкіметтік емес ұйымдармен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, ашық диалог алаңына айналдыру. Мұндай басқосулардың қоғамдық мониторингті күшейту, жалпы, үкіметтік ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға тигізер септігі мол. Бүгін осы бағыттағы көптеген мәселелер талқыланатын болады», деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали. Бұдан кейін мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар және бизнес құрылымы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында Б.Құрманғали, «Жамбыл облысының Азаматтық альянсы қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы Зайтжан Юлдашев және жеке кәсіпкер Бахтияр Тұрдыматовтың арасында үш жақты меморандумға қол қойылды. Өңірлік форумға жергілікті және өзге облыстардан қоғам белсенділері арнайы шақыртылды. Құрметті қонақтарға дастарқан жайылып, жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарламасын ұсынды. Сонымен қатар қоғам дамуына үлес қосып, әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді әріптесіне айналған қоғамдық ұйымдар облыстық ішкі саясат басқармасының Алғыс хатымен марапатталды. Ал форумның пленарлық отырысында билік органдары мен азаматтық сектор арасында өзара әріптестікті және азаматтық қоғам институттарының қызметін арттыру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. – Қазіргі таңда азаматтық институттың жұмысы іскерлік және сапалық деңгейі жаңа белестерге көтерілді. Қоғамдық ұйымдардың үлкен әлеуметтік және саяси қозғаушы күшке айналғаны ақиқат. Оның бір айғағы – осы үкіметтік емес ұйымдардың форумы. Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты – азаматтық қоғам белсенділігін көтеруге бағытталып отыр. Елімізде соңғы жылдары жүргізілген саяси реформалар үкіметтік емес ұйымдардың дамуына әсер етті. Бұл маңызы зор жұмыстар біздің облыста да жалғасын табуда. Нәтижесінде үкіметтік емес ұйымдар бүгінде өңірлік әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және рухани өмірінің дамуына үлкен үлес қосуда. Қоғамдық бірлестіктерді қаржылай қолдау да жыл санап артып келеді. Жергілікті атқарушы органдар арасында өзара байланыс нығая түсті, – деді форумның пленарлық жиынында облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. Бүгінгі таңда облыста 700-ден астам коммерциялық емес ұйымдар тіркелген, олардың 200-ден астамы белсенді қызмет етуде. Үкіметтік емес ұйымдар мен биліктің өзара іс-қимылының маңызды бөлігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру болып табылады. Биылғы жылдың әлеуметтік жобалардың қаржыландыруы 814,8 млн теңгені құрады (облыстық бюджеттен – 262,8 млн тг., аудандық/қалалық бюджеттерден – 525,0 млн тг. бөлінді), бұл 2017 жылмен салыстырғанда 108,2 млн теңгеге артты. Бүгінде үкіметтік емес ұйымдарды бағдарламаларды әзірлеп, іске асыруға, әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуге кеңінен тарту мемлекеттік органдардың күнделікті тәжірибесіне айналған. Өткен жылдар ішінде мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастығы жүйелі сипатқа ие болып үлгерді. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттің тең серіктесі ретінде қарайды.    

Серіктес жаңалықтары