291
Жемқорлықсыз орта құру – мәңгілік мұрат
Жемқорлықсыз орта құру – мәңгілік мұрат
Баршаға белгілі, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 5 қазанда Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауын жариялады. Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Ел Президенті өзінің Жолдауында арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенді күрес жалғастырылатындығы туралы атап өтті.
Осы Жолдаудағы көрсетілген іс-шараларды атқару мақсатында республиканың әрбір аймақтарында құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңестерінің алдағы жұмыстарын осы бағыттқа қарай бұру қажеттілігі туындайды.
Қазіргі таңда азаматтық қоғамның мемлекетте болып жатқан барлық процестерге әсері арта түсуде.
Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері жүргізіліп жатқан Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дәйекті саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негізін, мемлекеттік және қоғамдық институттардың жүйесін құруға, сондай-ақ, азаматтық қоғамды жұмылдыруға мүмкіндік берді.
Партияның жаңа саяси Доктринасында барлық қоғамдық және саяси күштермен, халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасқа баса назар аударылған, сонымен қатар, 2014 жылдың қараша айында Партия Саяси кеңесінде 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бекітілген.
Аталмыш құжаттың осы мазмұндас өзге құжаттардан айырмашылығы бұл бағдарламада сыбайлас жемқорлық секілді қоғамға қауіпті құбылыстың алдын алудың пәрменді шаралары қарастырылған және оны жүзеге асыруда көптеген мемлекеттік органдардың жауапкершілігі белгіленген.
Бағдарламаның алғашқы кезеңін іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін бесжылдық мерзімге Жол картасы әзірленіп, онда алға қойылған міндеттерге қол жеткізудің нақты қадамдары көрсетілген.
Қазіргі таңда Бағдарлама мен Жол картасын жүзеге асыруға орталықтағы және жергілікті органдар, үкіметтік емес ұйымдар, жастар ұйымдары және т.б. атсалысып отыр.
Мемлекет басшысы айтқандай «сыбайлас жемқорлықтың қауіпті аймақтарын» анықтау жұмысын күшейту қажет. Күнделікті өмірде парақорлық қарапайым полицейлер, кеден қызметкерлері және халыққа өмірлік маңызды қызметтер көрсететін басқа да лауазымды тұлғалар деңгейінде өтетіні белгілі. Сол себепті жолдамада құқық қорғау органдарының жұмысында терең және сапалы өзгерістер кіргізу қажеттілігі аталып өтілген.
Ол туралы үкіметке «ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын» қабылдау тапсырылды.
Екіншіден, полиция қызметкерлерінің жаңа стандартын бекіту және мансаптық өсудің жүйесін өзгерту, сондай-ақ, Академияның полиция қызметкерлері арқылы кадрлар даярлау және іріктеу қажеттілігі айтылған.
Үшіншіден, халықпен жұмыстың жаңа заманауи форматтарын енгізу, полицияны бағалау критерийлерін түбегейлі өзгерту қажеттілігі көрсетілген.
Полиция жұмысын бағалаудың негізгі параметрлері қоғам тарапынан сенім деңгейі және халықтың қауіпсіздік сезімі болуы тиіс.
Президенттің дәйекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негізін және мемлекеттік және қоғамдық институттардың жүйесін құруға, сондай-ақ, азаматтық қоғамды жұмылдыруға мүмкіндік береді, сондықтан осы салада алда жүргізілетін жұмыстар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңестерінің басты назарында болуы қажет.
Тағы да бір қоғамды толғандыратын мәселе – көрсетілетін мемлекеттік қызметтер шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын төмендетуге қол жеткізу қажеттілігі. Ешкімге құпия емес, осы қызмет көрсету саласында халықтың құқықтары жиі бұзылуда. Сондықтан Жолдауда осы сұраққа да баса көңіл бөлінді.
Біріншіден, көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде мемлекеттік қызметшілердің халықпен тікелей байланысын төмендетуге қол жеткізу қажеттілігі айтылған.
Адамдарды толғандыратын мәселелердің бірі – жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократиялық рәсімдер. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнестің ақпаратқа толық қол жеткізуіне жағдай жасалмаған. Жер қоры және жылжымайтын мүлік объектілері туралы бірыңғай ақпараттық деректер базасын құру және осы мәселеде тәртіп орнату, сондай-ақ, жерді нақты инвесторларға беру қажеттілігі айтылған.
Жалпы, 2019 жылы 80 пайыз, ал 2020 жылы 90 пайыздан кем емес мемлекеттік қызмет электрондық форматқа көшіріледі деп жоспарланған.
Бұл үшін «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңды жедел түрде жаңарту қажеттігі атап өтілген.
Екіншіден, қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде Бірінші басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігін арттыру мәселесін пысықтау қажеттілігі көрсетілген.
Үшіншіден, «сыбайлас жемқорлықтан азат өңірлер» жобалары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөніндегі Астананың тәжірибесін тарату қажет.
Міне, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңестерінің алдында сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу бойынша өте көп мәселелер тұр. Сондықтан Жолдауда көрсетілген нақты мәселелерді Кеңестер басқа да ұйымдармен бірлесе отырып насихаттап және партиялық ресурстарды пайдалана отырып іске асыруы керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде партияның ықпалын арттыру, кешенді шараларды жалғастыру және дамыту қажет.
Партияның тиімді жұмысының негізгі факторы, ең алдымен, өз шешімдерінің, содан кейін партияның қоғамдық институттары шешімдерінің жүзеге асырылуын бақылау.
Атап айтқанда, Кеңестің құзыретіне тиісті мониторинг жасалғаннан кейін мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша осы Жолдауда көрсетілген түйткілдер бойынша жоспарларға кіргізіп, оның орындалғаны туралы есептерін тыңдап, қажетті ұсыныстарды енгізу керек.
Қорыта айтқанда, Жолдауда атап көрсетілген алты басымдықтың әрқайсысы халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Осы басымдықтарды жүзеге асырып, «тәуелсіз мемлекеттің мәңгілік мұратына» қол жеткізу әрқайсымыздан зор жауапкершілікті қажет етеді. Сондықтан осы жолда бірлігіміз бекем, ынтымағымыз берік болғай.
Марат Ибатов,
«Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық
Кеңесінің төрағасы,
Қарағанды техникалық университетінің ректоры,
облыстық мәслихат депутаты