РЭжБӘИИ қабырғасында қызу дебат өтті

РЭжБӘИИ қабырғасында қызу дебат өтті

РЭжБӘИИ қабырғасында қызу дебат өтті
ашық дереккөзі
РЭжБӘИИ-да 2018 жылдың 20-21 қазаны аралығында институт күніне орай институт бастығының кубогіне арналған жыл сайынғы VII республикалық дебат турнирі өтті. Дебаттың девизі Жоғарғы Бас Қолбасшы – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақ – білімді жастар қолында» ұранымен айшықталды. Республикамыздың түрлі аймақтарынан 33 жоғары оқу орындары атынан келген фракциялар саны 92-ге жетті. Әскери тақырыпта маңызды әрі түйткілді мәселелер талқыға түсіп, жан-жақты пікірлер ортаға салынған  Алматы, Тараз, Шымкент, Талдықорған және Қостанай қалалары студенттері мен курсанттарынан құралған дебатшылар саны 450-ге жетті.  width= РЭжБӘИИ дебат клубы мүшелері институт басшылығының қолдауымен азаматтық оқу орындарының студенттері әскери қызметшілердің өмірімен мейлінше қанық болуға және салмақты ойлармен білім қоржындарын толықтыруға барынша күш-жігерлерін салды. Дебатшылар бұлтартпас дәлелдері және тапқыр шешендік қырларымен ерекше танылып, жүлделі орындарды, яғни бірінші орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, екінші орынды Қазақ Ұлттық аграрлық университеті, үшінші орынды Шымкент мемлекеттік университеті және С.Демирел атындағы университет өзара бөлісті. Жеңімпаздар институт бастығының кубоктарымен, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.