"Жас кинологтар" клубы өз жұмысын бастады

"Жас кинологтар" клубы өз жұмысын бастады

"Жас кинологтар" клубы өз жұмысын бастады
ашық дереккөзі
Жаңа оқу жылынан бастап, Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағында "Жас кинологтар" клубы өз жұмысын бастады. Аталған клуб бірнеше жылдан бері табысты түрде жұмыс істеп келеді. Клуб алғашқыда өздерінің төртаяқты жануар достары - иттерімен, әсіресе қызметші тұқымды түрлерімен айналысуға арналған үйірме ретінде құрылған. Бұл жерге иті бар, немесе әлі онымен айналысуды, түрлі бағыттағы үйірмелерге қатысуды армандайтын, әскери полиция қызметшілерінің, кинологтар мен нұсқаушылардың мамандығы туралы білгісі келетін жеткіншектер келе алады. Оқу және тәрбие үрдісінің басты бағыты - әскер и патриоттық бағыт. Балалар төртаяқты жануар достарымен, жаттықтырушының тәжірибелік машықтарына ие бола отырып, жануарларды табысты түрде үйретуге қажетті - биологиядан, анатомиядан және физиологиядан теориялық білімді меңгереді. Клуб ашылған алғашқы күннен бастап Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағының кинология бөлімі қамқорлыққа алынған жалпы білім беретін №84 мектептің оқушылары мен танысу кездесуін өткізді, онда көрсетілім сабақтары алға тартылды, яғни қызметтік иттер есірткі заттары, тротил салынған құралдарды пәрмендерді дәл орындай отырып, оңай іздеп тапты, шартты түрдегі қылмыскерді ұстап тиісті орынға жеткізді. "Бұндай ит өсіретін мектеп балалар үшін, олардың жеке тұлға ретінде дамуымен қатар, болашақта олар таңдауы мүмкін кәсіптің әліппесіне үйрету тұрғысынан пайлалы"- дегенді ӘПЖ бастығының орынбасары Ғалымжан Тлеужанов атап өтті. Клубқа 12-16 жас аралығындағы балалар келеді. Оларға өзі итін дұрыс күтуді, жаттықтыруды және тәрбиелеуді үйретеді. " Жануарлармен жұмыс істеу әрқашанда оң аспектіге жатады. Жануарларды жақсы көрмейтін адам, мамандықты өзі үшін бір мүмкіндік ретінде қалауы екіталай." Жануарлар тек қуаныш сыйлап қана қоймай, сонымен қатар депрессияға қарсы нағыз ем болып табылады. Итпен айналысатын адамдар әдетте торығуға, күйзеліске ұшырамайды"-дейді АӨГ ӘПЖ кинология бөлімінің дәрігері, питомник офицері Нұрлан Диxанбаев. Қазіргі таңда кинология бөлімінде қызметте: Малинуа, Лабрадор сияқты неміс және бельгиялық тұқымды иттер бар. Алматы өңірлік гарнизонының Әскери полиция жасағының кинологтары мен олардың қарамағындағы иттер түрлі конкурстар мен жарыстардың нәтижесі бойынша ең үздіктер қатарында келеді.