Аудан әкімінің орынбасарын басынан атқан екі күдікті ұсталды

Аудан әкімінің орынбасарын басынан атқан екі күдікті ұсталды

Аудан әкімінің орынбасарын басынан атқан екі күдікті ұсталды
ашық дереккөзі
Түркістан облысы, Төлеби  ауданы әкімінің орынбасарын өлтіруге оқталған деген күдікпен екі адам ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, кеше Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға белгісіз біреулер   шабуыл жасап, өлтіруге әрекеттенген. Түскі үзіліс кезінде  қызметтік көлігімен үйіне келген сәтте үш тұлға оған қарай  бірнеше рет оқ атқан. Әйел  еңкейіп, көлігінің есігін құлыптап үлгеріпті. Осы кезде шуды естіген көршілер жиналып, әлгілер қашып кеткен. Осылайша аудан әкімінің орынбасары аман қалды. Ол тез арада  ауруханаға жеткізілді. Туыстары болса бұл алдын ала жоспарланған шабуыл деп болжап отыр. Өңірдің тәртіп сақшыларыбүгін осы қылмысқа қатысы бар деген екі күдіктіні ұстады. «Бүгін Төлеби ауданы әкімінің орынбасарына жасалған шабуылға қатысы бар деген екі күдікті ұсталды. Төлеби аудандық ІІБ қызметкерлерімен күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің  «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Қазір өзге күдіктілердің тұлғасын анықтау, оларды қолға түсіру бойынша шаралар жүргізілуде»,- дейді Салтанат Қаракөзова. Еске салайық, Рабиға Бейсебаева бұл қызметті соңғы сегізі жылдан бері атқарып келеді.