Ұлыбритания Еуроодақтан 2019 жылы шығады

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламент отырысында Британияның Еуроодақ құрамынан шығу мәселесі шешілгенін хабарлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, алдағы уақытта тараптар арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас айқындалған, дегенмен кейбір мәселелер әлі де талқылауды қажет етеді. Біріккен корольдік одақ құрамынан алдағы жылдың 29 наурызында шықпақ.

Естеріңізге салайық, өткен аптада кәріқұрлық елдерінің басшылары арасында өткен саммит қорытындысы бойынша, Лондон мен Брюссель келіссөздерді әлі де жалғастыратыны белгілі болған еді. Мәселен, тараптар Ирландия мен Солтүстік Ирландия арасындағы шекара бойынша бір мәмілеге келе алмаған болатын.

Back to top button