Астанада 8 оқушы менингит жұқтыру күдігімен ауруханаға түсті

Астанада 8 оқушы менингит жұқтыру күдігімен ауруханаға түсті

Астанада 8 оқушы менингит жұқтыру күдігімен ауруханаға түсті
ашық дереккөзі
259
Астанада сегіз оқушы ықтимал "сероздық менингит" деген диагнозбен балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің жетекшісі Сәдуақас Байғабыловқа сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер хабарлады, деп жазды centralasian.org. "Олар ауруханаға 5-16 қазан аралығында түсті. Қазір балалардың жағдайы қанағаттанарлықтай. 16 қазанда түскен бір баланың жағдайы орташа ауыр. Барлығы симптомдарға және вирустарға қарсы ем алып жатыр. Олар денелері ауырсынып, басы, іші, тамағы ауырып түскен. Кейбірінің мұрны бітіп, жөтел пайда болған, құсып, өздерін жайсыз сезінген. Қазір балалардың жалпы жағдайы жақсы" деді Байғабылов. Оның сөзінше, қазір үрейленіп, дүрлігуге себеп жоқ. Себебі, науқас әдетте ауруынан 8-10 күнде айығады, ауру өршімейді. Сероздық менингитте карантин жарияланбайды. Ауырған балалар №23, 71, 75 және 19 мектепте, Астана халықаралық мектебі мен Назарбаев интеллектуалдық мектебінде оқиды. Ресми мәлімет бойынша, Астанада жыл басынан бері менингит жұқтырған 196 адам тіркелген, олардың 85-і - оқушылар. Денсаулық сақтау министрлігінің бұған дейін хабарлауынша, Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері менингиттен 14 адам көз жұмған. 14 қазанда Ақтауда ауыр халде ауруханаға түсіп, "іріңді менингоэнцефалит" деген диагноз қойылған сарбаз қайтыс болған.

Серіктес жаңалықтары