«НАҒЫЗ МЕНІҢ АҚТОҚТЫМ»

Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсіреповтің осындай батасын алған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Райхан Қалиолдинамен сырласу.

– Кей-кейде өткенді сағым-сағынышқа айналды деп жатамыз. Меніңше, сағым емес, сол бір қимас та ұмытылмас кезеңдер жылдар өткен сайын мазмұнданып, құндылығы да күшейіп, бағасы арта түсетін секілді, – деп актриса сонау өткен күндердің әдемі бір кездерін көгілдір аспаннан іздегендей жанарын көкжиекке қадай түсті. – Өз басым өткенім үнемі өзіммен бірге жүргендей жақсы бір күй кешемін…

Жаратылысынан ашық-жарқын, өз ойы мен көзқарасын жасқанбай жеткізе алатын қасиетін аңғартқан Райхан Нәбиолдақызымен әңгімеміз де осылай емен-жарқын басталып кетті. Қала ортасындағы 28 панфиловшылар саябағы әдеттегіндей ығы-жығы жүргіншілерге толы. Әсіресе, топ-топ студент-жастар. Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері болуы керек, бір топ жас актрисаны танып, амандасып, суретке түсіп жатты. – Бұдан бұрын да танымал едім, енді газеттің арқасында бүгін тіпті «популярный» болып кеттім ғой, – деп жарқырай күлген Райхан әңгіме тізгінін тағы да өзі алды.

– Ақсу ауданы, қазақ әдебиетіне Ілияс Жансүгіровтей талантты қаламгерді сыйлаған қасиетті өңір менің де туған өлкем. Аудан орталығындағы орта мектептің түлегімін. Неге екенін қайдам, ата-анам мұғалім бола тұра, мені орыс мектебіне беріпті. Әрине, сол кездегі қоғамның қалыптасуына байланысты болар. Кеңестік кезеңде орыстілділердің ғана жолдары болғыш еді ғой, білім-ғалым да соны талап еткен шығар. Сабақты жақсы оқыдым, орыс мектебі деген аты ғана, әйтпесе, үйдегі тәлім-тәрбие таза ана тілінде. Мектеп қабырғасында жүріп өнерге, ән-күйге еліктемеген оқушы жоқтың қасы. Мен де ән жырға әуестеніп өстім, көркемөнерпаздар үйірмесінің белді мүшесі болдым. Біздің бала, оқушы шағымызда ел арасынан дарынды балаларды іздейтін байқаулар көп болатын-ды. «А ну-ка, девочки», «Алло, мы ищим таланты» деген сынды мәскеулік байқауларды қызыға бақылап жүретінмін. Ол заманда танымал актер-актрисалардың суреттері бейнеленген ашық хаттар көптеп шығады. Пошта арқылы жаздырып алатынбыз, солар секілді танымал болғымыз келетін. Әдебиеттегі шығармалардан монологтар жаттайтынбыз. Бұл енді ғана бой түзей бастаған бойжеткен мен бозбалалардың басынан өтетін жағдай. Мен де өнерге құмартып өстім. Мәскеуден шығатын «Советский экран», «Юность» сынды жастарға арналған әдеби-көркем суретті журналдар, Қазақстанда қазақ-орыс тілдерінде шығатын «Новый фильм» – «Жаңа фильм» журналдарын жаздырып алып оқимын. Бірде денешынықтыру сабағында, спортзалда аяқ киімімді орап тұрып, бір газет қиындысынан «Театр көркем-сурет институты талапкерлер қабылдайды» деген хабарландыруды көріп қалдым. Көңіл нілдей бұзылды. Арман қала – Алматы жайлы қиялданып, күндіз-түні ойдан шықпайтын жағдайға жеттім.

Сөйтіп жүріп мектеппен қоштасатын сәт те келді. Әке-шешем Халық шаруашылығы инситутына, бухгалтерлік оқуға барасың дейді. Ал менің ойым мүлдем басқа. Әртіс дегеннен ол кезде бәрі ат-тонын ала қашатын. Біздің халықтың менталитетіне сіңбегендіктен болар, әйтеуір әртістің оқуы дегенге қарсылық білдіріп жатушы еді. «Бармайсың» деуге менің көңіліме қарайды. Сонымен, Алматы қайдасың деп тартып отырдық. Қаланы жөнді білмейміз, әкемнің Остепенко деген таныс орыс отбасы болған, сол үйге келдік. Жақсы адамдар болып шықты. Өз үйіміз сынды кіріп-шығып жүре беретінбіз. Ауылдан келгендердің көбі осы үйге түсетін. Әйелі де, өзі де қонақжай, қарапайым кісілер екен.

– Алматыға жеттіңіз, Алатауды көрдіңіз. «Қыздың жолы – жіңішке» десек те, қазақ қыздарының тосын шешім қабылдайтын кезі көп…

– Театр көркем-сурет институтын іздеймін ғой баяғы. Басқа жоғары оқу орындарынан ерекшелігі – шығармашылық байқаулары бар, қосымша емтихандар тапсыру қажет болғандықтан, бұл институтта талапкерлер қабылдау мерзімі ертерек басталады екен. Онысы ата-анама да ұнаған секілді. Қабылданбай қалсам, халық шаруашылығы институтына құжаттар тапсыруға да мүмкіндік бар. «Өзінің бағынан көрер дедік» дейді кейін. Құжаттарымды қабылдап алған Татьяна Қасымқызы Наурызбаева анасы орыс, әкесі қазақ болса да, орыстілді екен. Бірнеше сұрақтарға жауап бергеннен кейін: «Көзіңде отың бар екен! Казак бөліміне дайындалып кел!» деді қазақша «ң» әрпіне тілі сынбай. Сөйтті де, үсті-басымды көзімен шолып өтіп: «Бірак ана аягындагыны шешіп кел», – деді. Ол кезде қыздар тізеге дейін келетін қысқа капрон шұлық киетін. Өзімше қалаға келіп, сәнді киінген түрім ғой.

Райхан риясыз күліп алды. Қосыла күлдік. Біздің де көз алдымыздан әппақ бантик, қызыл галстук таққан, гольфи киген оқушы дәурен тізбектеле жөнелді.

– Сонымен бірнеше турдан өтіп, қабылдау емтиханынан ең жоғары балл жинадым. Қуанышымда шек жоқ. Есік алдында емтихан нәтижесін күтіп тұрған ата-анама қарай құстай ұшайын. Менің оқуға қабылданғанымды жүгірісімнен, жүзімнен сезген әкем шешеме қарап: «Ал керек болса! Бухгалтерің!» деп күбір ете қалыпты. Студентпін. Жақсы ұстаздардың, қазақ өнерінің қазанында қайнаған зиялы қауымның алдынан бір-ақ шықтым. Бақыттан басым айналып, керемет күйдемін. Балалығым да, еркелігім де жоқ емес.

Ес білгеннен арман болған оқу орнының қабырғасында қазақ өнері мен мәдениетіне еңбегі сіңген талай марқасқалардан тәлім-тәрбие алдық. Олардың өнер жайлы лекция оқығандағы жан тебіреністері мен жүздеріндегі лапылдаған оттары әлі күнге көз алдымда. Жанып кететін-ді. Студенттер де өнерге одан сайын ынтығып, құмарта түсетін. Бүкіл болмысымды билеп алған өнерге деген ғашықтық лапылдап жүріп, студенттік жылдардың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. 1983 жылы Алматы мемлекеттік театр және сурет өнері институтының драма театры және кино актеры мамандығы бойынша Қазақстанның халық артистері, профессор Шолпан Жандарбекова, Тілектес Мейрамовтың, КСРО-ның және Қазақстанның халық артисі Асанәлі Әшімовтің шеберлік курсын үздік бітіріп шықтым. Соңғы курста диплом жұмысы кезінде Жастар театрынан актер, режиссер-педагог Р.Сейтіметов институтқа келіп, студенттер арасынан бірнеше қыз-жігітті таңдап алды. Сол кісінің арнайы шақыруымен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына бөліндік. Талғампаз, шыншыл Райымбек аға: «Райхан, қазір штатта орын жоқ, бірақ бір мүмкіндік бар. «Ақан сері-Ақтоқтыны» қайта сахналауға дайындық жүріп жатыр. Ақтоқты іздеп жатырмыз, сен Ақтоқтының монологын жаттап кел»,– деді. Соның алдында ғана бұл пьеса сахналанып, біраз кемшін жақтары үшін тоқтатылғанынан хабардар болатынмын. Соны Райымбек аға қолына алып жатса керек. Егер Ақтоқтыны шығара алсам, қабылданатын болдым. Өзімнің ұстазым, Әуезов атындағы академиялық театрда Ақтоқтыны тұңғыш ойнаған Шолпан апама бардым.

Алғаш құжаттар тапсырып жүрген кезімізде институттың дәлізінен мені көрген Ұлжан Қолдауова деген режиссер Шолпан апайға ертіп келді де: «Сізге Ақтоқтыңызды ертіп келдім»,– деп күлгені бар. Ол кезде мектепті орысша бітірген басым «Ақан сері-Ақтоқтыны» қайдан білейін?! Аузына Құдай салды ма, дуалы ауыздан шыққан сол сөз тағы да алдымнан шықты. Енді бір қадам жасасам ол пікірдің ақиқатқа айналары сөзсіз. Сонымен дайындық басталып кетті. Күндіз-түні монолог жаттау. Жаттап қана қоймай, оны өз бабында жеткізу, сахнадағы жүріс-тұрыс, яғни сахна мәдениеті… бар жанымды салуға тура келді. Педагог-ұстаздарым да демеп, ақыл-кеңестерін аямады. Оларға да өз студентінің бірден театрға қабылданғаны, қабылданып қана қоймай, өнер жолын классикадан бастауы, әрине, ол кезде түсіне қоймасам да, үлкен абырой, бедел екенін уақыт келе түйсіндім. Қуандым! Кеудемді мақтаныш кернейтін сәттері де жоқ емес. Режиссердің ұсынысынан кейін осылай дайындық басталды да кетті.

– Ол кез театрдың актерлар құрамы да мықты сияқты еді. Ылғи ығай мен сығай…

– Ой, несін айтасыз, бүкіл ғұмырын сахнаға арнаған өнердегі әкелеріміз Қасым Жәкібаев, Мұхтар Бақтыгереев, Мәлік Құланбаев, Досхан Жолжақсынов, Гүлжамал Қазақбаева, Ғазиза Әбдінәбиева тәрізді атақтары жер жарар мықты сахнагерлерді ел толық танып, дүрілдеп тұрған кездері. Осы кісілер қатысқан көркемдік кеңес мені тыңдауға жиналды. Бар жанымды салып, Ақтоқтының монологын орындап шықтым. Бәрі қолдады, ұнады. Осылай театр артистері құрамына қабылдандым. Осылай театрдағы алғашқы қадамым – «Ақан сері–Ақтоқтыдан», яғни Ақтоқтыдан басталды. Қандай қуаныш! Қандай бақыт! Өнерге келген, қасиетті сахнада жүрген кез келген актрисаның Ақтоқтыны армандамайтыны жоқ шығар. Ал менің маңдайыма тағдыр осындай көл-көсір бақытты жазыпты. Кез келген актер-актриса бірнеше кезеңнен өтіп барып, тәжірибе жинақтап барып қолы жететін осындай шоқтығы биік арман-образға оп-оңай ене салдым. Әй, оп-оңай болмады-ау. Сөздің сірағысы ғой, әшейін.

– Шығарма авторының өзі риза болып, бата бергенінен ептеп хабардар едік… Бұл көптің маңдайына бұйыра бермейтін сәттілік.

– Иә, ол ғұмырымдағы ең бақытты сәттердің бірі. Қандай шығарма сахналанса да, оны қойған режиссермен бірге авторы да міндетті түрде қатысатын. Тұсаукесері ғана емес, дайындық кездерінде де театрдан шықпаушы еді. Бұл, меніңше, өте жақсы үрдіс. Ал спектакль қойылатын күні алдыңғы қатарда игі жақсылар қатарласа, иықтіресе отырып тамашалайтын. Спектакльден кейінгі пікірталас қандай еді?! Қызылкеңірдек болып талқылайды, айтыс-тартысқа толы қызықты кештер… одан кейінгі тәтті шәй ішу!?

Мен өте бақытты жанмын, жап-жас күнімде, институт қабырғасынан шыға сала жоғарыда аттары аталған марқасқалардың ортасына түсіп қана қоймай, сол кісілермен сахналас болдым. Әсіресе, актердің бағын ашатын кейіпкері десек, сондай жаныңа жақын образды таңдап-талғап беретін режиссер екенін өнер адамдары жақсы біледі. Десек те, педагог-режиссер, ұстазым Райымбек аға Сейтіметов жайлы айтпай кету үлкен күнә болар еді. Жастар театрына поэтикалық жанрдағы спектакльдер енгізген де Райымбек аға, сонысымен театрымызға жаңа серпін, үрдіс енгізді. Актер-актрисалардың қабілет-қарымын, бейімін асқан аңғарымпаздықпен сезе білетін қасиетін кез келгеніміз әлі күнге жыр ғып айтып жүреміз. Тиянақты, ерекше талғампаз еді. Ол кісімен жұмыс істеу өте қиын әрі оңай болатын. Қиын болатыны дайындық барысындағы қаталдығы, оңай болатыны сенімен ерекше санасып, пікіріңді қолдайтыны.

Сонымен «Ақан сері- Ақтоқты» сахналанды. Көрерменнің де көңілінен шықса керек,оны әр қойылым сайын толасыз ағылған халықтан-ақ байқауға болар еді. Алғашқы қойылымынан соң дір-дір етіп сахна сыртында тұрғанбыз. Өзінің маңғаз, тәкаппар жүрісімен Ғабит Мүсірепов сахнаға көтеріліп келе жатыр екен, іле-шала сахна сыртында тұрған бізге бұрылды. Шыны керек, оған дейін таныс болмасам да, спектакльге дайындық барысында жазушы шығармаларының біразына көз жүгіртіп, оқып алғанмын. Жазушы тіке өзіме келе жатқанын байқап, тіпті мазам кетті. «Не дер екен?». Мінезді кісі деп естігенім тағы бар. Жо-оқ, жүзіне сәл-пәл күлкі жүгіріп, жымиды. Аузынан «Нағыз менің Ақтоқтым» деген сөз шыққанда жанарымды жас жуып кетті…

Бүгінде өзі де салиқалы ұстаз атанған актрисаның жанарына мөлтілдеп келіп қалған жасты көріп қатты толқыдым. Енді ше, қазақ сөз өнерінің киесін түсінген бірегей жазушыдан жылы сөз есту, бағалы бата алу дегеніңіз, жүрегі нәзік актриса түгілі қарапайым кісінің де жанын әдемі әуенге бөлейтін сәт емес пе?! Өнердің құдіреті, сөздің құдіреті деген осы шығар!!

– Содан сахнада он үш жыл, бір мүшел Ақтоқты болып жүрдім. Ақтоқты болып өмір сүрдім! Отыз бес жасыма дейін сомдадым. Сахнада жүргеннен кейін оның арасында қаншама рөлдер болады, бірақ дегенмен алғашқының аты алғашқы. Сағынамын! Ғұмырымның ең қымбат, қимас шақтары да сол кезең екенін сезінген сайын жүрегім елжіреп, сағына түсем! Сол бір асыл ағалар мен аналарымызды есіме алған сайын бойымды әдемі бір күй тербейді. Ғазиза апай: «Райхан, сен арманнан-шыңнан бастадың ғой, бақыттысың, актрисаның бақыты ғой ол» дегені бар-ды. Ақтоқтыдан кейін ұлы Абайдың 150 жылдығына арналып қойылған М.Әуезовтің «Желсіз түнде жарық ай» спектакліндегі Абайдың анасы Ұлжан бейнесі, Д.Исабековтың «Ескерткіш» операциясы» комедиясындағы–миссис Чарльтон, І.Жансүгіровтің «Исатай-Махамбет» тарихи драмасында – Фатима ханым, Е.Елубаевтың «Асар» атты балаларға арналған ертегісінде – Тауық, Э.Хушвақовтың «Сүйе білсең…» лирикалық комедиясында – Сандабану, В.Умардың «Мың бір түн» мюзиклында –Ана, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» – Сатты, Б.Мұқайдың «Шындық детекторы» спектаклінде –Сәния, Ә.Таразидің «Жақсы кісі» трагикомедиясында – Балзия, Т.Теменовтың «Шығыс сазы» музыкалық хикаясында – Аспан қыз сынды талай кейіпкерлерім көрермен қауымнан жақсы бағасын алып жатты.

– Театр – асқар тау болса, кино – Көктөбе ғой. Әрқайсының өз орны, өз міндеті бар. Қазақ киносында да із қалдырған жансыз…

– Ойлап отырсам, өмірімде Ақан деген есімнің орны ерекше болған екен. Сахнадағы ғұмырым – «Ақан сері-Ақтоқтыдан» басталса, кино өнеріндегі тұңғышым режиссер Ақан Сатаевтың «Рэкетир» фильміндегі Анасынан басталды. Еліміздің тәуелсіздігімен бірге өмірімізге енген телесериалдар да өз кезегінде көрерменнің көзқуанышына айналған туындылармен толықты. «Ана жүрегі» көркем фильміндегі – Сәуле, «31» арна ұсынған «Базарбаевтар отбасы» телехикаясындағы Айғаным бейнесі де көпшілік көңілінен шықса керек.

– Өнеріңізді, сомдаған бейнелеріңізді көрермен ретінде жақсы білеміз, көріп те жүрміз. Ал қазақ әйелінің басты тірегі – отбасы емес пе?!

– Өкінішке қарай, соңғы бес-алты жыл мен үшін өте ауыр кезеңге айналды. Барлық спектаклімді өзімнен артық күтіп жүріп тамашалайтын, өнер десе ішкен асын жерге қоятын қосағым Рүстемді мәңгілік сапарға шығарып салдым… Өмір бар жерде қазаның да қоса жүретінін мойындасақ та, жан жарыңнан, ұзақ жылдар жұбайлық ғұмырдың ащы-тұщысын, қызық-қиындығын бірге көріп, қол ұстасып бірге жүрген еріңнен ойда-жоқта айырылып қалу, кім-кімге болса да оңай емес. Рүстем ерекше жаратылған жан еді. Отыз жылға таяу тірлігімізде бірде-бір рет жүрек ауыртатындай көңіліме тиген жері болмапты. Ата-бабаларымыз айтқандай «орнында бар оңалар», артында ұрпағы қалды. Қызымыз Аида мен ұлымыз Аяттың отбасында өзі көре алмай кеткен немерелері өсіп келеді. Алды студент. Осы бір қызық-жақсылықтарды көруге тиіс еді, амал жоқ, жазмыштан озмыш жоқ!..

Келісті кең маңдайдағы қияқтай қара қастарының астындағы мойылдай жанарына тағы да мөлтілдеп жас толып кеткен актрисаның жан жарасын абайсыз тырнап алғандай болып… ыңғайсызданып қалдық. Үнсіздікті торғайлардың үні бұзды. Олар келіп қонақтаған үйеңкі жапырақтары сары­ала күздің хабаршысындай біртіндеп біздің иығымызға қонақтап жатты. Елең ете қалдым. Жаны нәзік актриса емес пе, табиғаттың осы бір қоңыр лебі ескен қоңыр күзі жайлы әдемі бір әуенді ыңылдай жөнелген еді…

 

 Сырласқан Таңсұлу Алдабергенқызы

Редакция таңдауы

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Неслихан ӨЗТҮРІК: Мұстафа Өзтүріктің қызы болу – зор жауапкершілік

Мұстафа Өзтүрік есімін білмейтін қазақ жоқ. Таэквондодан қара белбеу иегері. Халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы. Өз ұлтын шексіз сүйген оғлан атажұртқа келіп, Қазақстандағы таэквондо (WTF) федерациясының...

Бельгердің бағасы

Үмітіңді үкілеген тұңғыш кітабыңның қуанышы жүрегіңді қалай жылытса, ол туралы баспасөз бетінде білдірген алғашқы пікір одан бетер жаныңа ыстық. Қара ормандай қаптаған оқырман түгіл,...

Тағзым мен тағылым ордасы

Еліміздегі техникалық жабдықтамасы озық музей­лер­дің бірі – Әскери-тарихи музейі. Ондағы экс­по­зициялар келген туристерді таң-тамаша қалдырады. Өйткені мұнда түрлі дәуірлердің тарихынан сыр шертетін әс­кери жәдігерлер...
photo 81881

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының...
2021051716104282653 2021051715443670077 1a49b9dc4ef7683d9c1a

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат...
186861320 978957252643477 8102261037098391248 n 1

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры...

Жаңалықтар

Пандемия: 42 пойыздың қозғалысы уақытша тоқтады

Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында елдегі 156 пойыздың 42-і қозғалысын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлімдеді. Ресми ақпарат бойынша, тоқтатылған пойыздардың...

Түркістан облысы әкімінің орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берілді

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің ұсталғаны туралы ақпаратқа түсінік берді. «Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мырзалиевтің...

«Nur Otan» Айда Балаеваға анасының қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында қайтыс болды. "Nur Otan" партиясы Орталық аппаратының ұжымы министр Балаева Аида Ғалымқызына,...

Елордада қай жерлерде шомылуға рұқсат берілді – ТЖД жауабы

Нұр-Сұлтан қаласында халық суға түсетін 23 орынның үшеуінде ғана шомылуға ресми рұқсат берілген. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады. «Статистика бойынша, қазіргі уақытта судан қаза...

Бос жұмыс орны: Алматыда қоғамдық көлікке 800 жүргізуші қажет

Қазір қаладағы қоғамдық көліктерге шамамен 800 жүргізуші жетпейді. «Алматыда 800 жүргізуші тапшы. Қоғамдық көлік жүргізушілерінің жетіспеушілігін болдырмау үшін тасымалдаушылар жүргізушілерге жағдай жасауы қажет (облыста тұратын...

Көкшетауда 12 жастағы бала жүргізген көлік апатқа ұшырады

Көкшетауда көлік жүргізген 12 жасар бала жол-көлік апатына түсті, деп хабарлады  Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі. «17 мамырда кешкі сағат 22:00 шамасында Көкшетау қаласының 50...

Анасы қылмысты жасырған: 8 жасынан бері зорланып келген қызға қатысты іс қозғалды

Алматы облысының тұрғыны немере қарындасын 8 жасынан бері зорлап келген деп айыпталды, ал қыздың анасы бәрін білген, бірақ жасыруға тырысқан. Әлеуметтік желі қолданушысы Андрей...

«Сергектің» айыппұлын жойып беремін»: жарнама берген адам ұсталды

Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлын жойып беремін деген жарнама пайда болған еді. Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді. «Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып,...

Карантин: елімізден 13 мемлекетке әуе рейсі орындалады

Қазақстаннан халықаралық бағыттар бойынша аптасына 13 елге 40 бағыт бойынша 117 тұрақты әуе рейстері орындалады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналындағы мәліметке...

Шөкеевтің орынбасары қамауға алынды

Әлеуметтік желілерде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің парамен ұсталғаны жайлы ақпарат тарап жатыр. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп...

Аида Балаеваның анасы дүние салды

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның анасы, еңбек сіңірген мұғалім Раиса Рахымжанқызы Жыланкөзова 69 жасында өмірден өтті, бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму...

Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған

Тағы екі қыз адам саудалады деген күдікке ілінген Әсел Айтпаеваның жездесінің құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы...

28 мамырдан бастап чек берілмегенін хабарлағандарға сыйақы беріледі

Үкімет төлем қабылдауға арналған құрылғыны пайдалану ережелерін бұзу фактілері туралы хабарлайтындарға сыйақы төлеу туралы ереже бекітті, деп хабарлайды zakon.kz. Ережеге сәйкес, сауда орындарында чек берілмегені,...

«Сатпас бұрын бюджет ақшасына күрделі жөндеу жүргізген». Түркістан қаласының әкімдігінің ғимараты арзанға сатылып кеткен

Түркістан қаласы әкімдігінің қызметкерлері отырған ғимаратты қала басшылығы нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жіберген. Оған қоса, әкімдік ғимаратты сатпас бұрын бюджеттің ақшасына оны...

18 мамыр қандай оқиғалармен есте қалды?

1992 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы ресми сапармен барды; 1996 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ақын Олжас Сүлейменовке "Қазақстанның...

Мамин вакцинаның екінші компонентін салдыру мерзімін нақтылауды тапсырды

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, қазір коронавирус жұқтыру деңгейі төмендегені байқалады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Дегенмен, "қызыл аймақта" 6 өңір тұр: Нұр-сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды,...

Ресейде ешкілердің сұлулық байқауы өтті

Ресейдегі Удмуртия республикасында ешкілердің сұлулық байқауы өтті. Байқауда ең әдемі жануар анықталды. Иелері ешкілерге көйлектер мен белдемшелер кигізіп, көзілдірік тағып қойған. Шартқа сәйкес, иелері жануарлармен бірге...

Өткен тәулікте 1 837 адам коронавирус жұқтырды

Өткен тәулікте елімізде 1 837 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы "ҚазАқпарат" coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-сұлтан қаласы - 251, Алматы қаласы - 520, Шымкент қаласы...

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен...

ШҚО-да арықтан екі баланың денесі табылды

ШҚО Үржар ауданы Елтай ауылында арықтан 3 жастағы 2 баланың денесі табылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" altaynews.kz-ке сілтеме жасап. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,...

Алексей Цой 21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін салдырды

Министр өзін жақсы сезінетінін, ешқандай реакция болмағанын айтты, - деп хабарлайды Orda.kz. Ол QazVac препаратының бірінші компонентін 26 сәуірде алған болатын. Сондай-ақ, білім министрі Асхат Аймағамбетов...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері мемлекеттік органның...

Автомобильдерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілмек

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және...

Виталик Бутерин крипто-миллиардер атанды

Ethereum крипиовалютасының негізін қалаушысы 27 жастағы Виталик Бутерин әлемдік миллиардерлер қатарына қосылды. Бұл туралы KAZNEWS порталды хабарлады. Бутерин ресми түрде тарихтағы ең жас крипто-валюта миллиардері...

Аида Балаева киносыншыларды ынтымақтастыққа шақырды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева киносыншылармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. А.Балаева министрлік телехикаялар өндірісі бойынша сметалық қаржыландыру...

Болмысы биік «Бопай ханым»

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры 14-15 мамыр күндері  «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын қойды. Туынды авторы –...

Түріктерді мақтаған Қыдырәлі мен Қарақат елдің сынына қалды

Қыдырәлі мен Қарақат түріктерді мақтап, желі қолданушыларының сынына қалды, - деп хабарлайды oinet.kz. - Жақтырмай қараған бірде-бір түрік көрмедік. Ашуланып, қабағын түйіп, менсінбей қараған түрік...

Алматыда белгісіз біреулер Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен

Алматыда белгісіз біреулер Дінмұхамед Қонаевтың портреті салынған муралды бүлдіріп кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысының суреті төрт жыл бұрын №3...

ІІМ мектепке апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады

Ішкі істер министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп білім беру ұйымдарына апаруға болмайтын заттардың тізімін жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Жыл басында Министрлік Білім және ғылым...

Үндістандағы індет Ресейге жетті

Ресейде "Қара зең" инфекциясы, мукормикоз тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасай отырып. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне...

Маусым айынан бастап 6 мың шақырымға жуық автожол ақылы болады

Маусым айынан бастап елімізде жалпы ұзындығы 5,8 мың шақырым автожолдардың 18 ақылы учаскесі енгізіледі, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол "ҰК"АҚ баспасөз қызметі. Соның ішінде мына жолдар ақылы...

Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады

Елімізде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап. Тек солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей...

Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған

2021 жылғы сәуірде қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг құйма алтын сатып алған, бұл туралы Kapital.kz...

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Еліміздегі білім беру мекемелері арнайы күзеттің бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Білім беру ұйымдарының объектілері...

Алматыдағы сауда орталығының жанынан 49 жастағы ер адамның денесі табылды

Ер адамның мәйіті Наурызбай ауданында орналасқан "Апорт" сауда-ойын-сауық орталығы маңынан табылды, деп хабарлайды АА NewTimes.kz. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адам кісі қолынан қаза тапқан. Оқиға...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы қанша жалақы алады?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа басшысы Марат Ахметжанов пен оның орынбасарларының жалақысы туралы мәлімет берілді. Tengrinews.kz сайтының жазуынша,  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері –мемлекеттік...

«Президенттің әулетінде балалардың да, үлкендердің де туған күнін тойлау дәстүрі қалыптаспаған» – Берік Уәли

Мемлекет басшысының Баспасөз қызметінің басшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні қалай өтетіні туралы сауалдарға жауап берді. «Бүгін азаннан бері бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері...

Алаяқтық жасап, Америкаға қашып кеткен үш қазақстандық ұсталды

Америкаға бой тасалаған Қазақстанның үш азаматы ұсталып, елге жеткізілді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді. «Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық...

«URKER-2021»: өтінім қабылдау басталды

Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2021» ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды. Республика аумағында медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық және өңірлік радиостанциялар,...

МҚІА Президент сынға алған шенеуніктің қайта қызметке тағайындалуын түсіндірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (МҚІА) Сайранбек Бармақовтың қайтадан қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, шенеунік Автомобиль жолдары комитеті төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша...

Бағалау матрицасы: «қызыл» аймақтағы өңірлер саны азаяр емес

Коронавирус ахуалына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 17 мамырдағы жағдай бойынша: «Қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды...

Ақтаудағы хайуанаттар бағында жануарларды өлтіріп, торға салып қойған

Ақтаудағы хайуанаттар бағына келушілер өліп қалған қояндарды көріп, видеоға түсіріп алған. Олар зообақта бұдан өзге тасбақалар мен аламандар да өліп жатқанын айтады, – деп...

1 қыркүйекте Қазақстанда халық санағы басталады

2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы өтеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, санақты өткізу...

Үш айда елімізден 5,5 мың адам көшіп кеткен

Биылғы үш айда тұрақты тұру үшін Қазақстанға 2 мың адам келсе, көшіп-кеткендер саны – 5,5 мың адам. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық...

Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады

2021 жылғы 1 сәуірдегі мәлімет бойынша, Қазақстандағы халық саны 18 млн 940 мың 400 адамға жетті. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі...

Өткен тәулікте 2 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 2089 адамның коронавирус жұқтыпғаны расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 549 Алматы қаласы - 284 Шымкент қаласы -...

17 мамыр: атаулы күндер һәм маңызды оқиғалар

1936 жылы 17 мамырда Мәскеуде алғаш рет қазақ мәдениеті мен өнерінің онкүндігі өткізілді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркияда Қазақстанның елшілігін ашу...

Мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты

Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты. Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы...

Батыс Қазақстанда полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін Орал-Тасқала жолында...

Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды

  Шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогының жеңімпазы анықталды. «Есіл» әуесқой командасы шағын футболдан Қазақстан Президентінің Суперкубогын иеленді. Команда финалда «Qurman» командасынан басым түсті. Негізгі және қосымша...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Өткен аптада еліміздің бірқатар өңірінде кадрлық ауыс-түйіс болды. ҚазАқпарат 10-16 мамыр аралығындағы тағайындауларға шолу ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орталық мемлекеттік органдардардан бастасақ, ҚР Үкіметінің қаулысымен...

Исландияда жаңа оянған жанартау сатылып жатыр

Исландияда наурыз айының соңында оянған Фаградальсфьядль жанартауы тұрған жердің иесі жер телімін вулканымен қоса сатуға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Bloomberg-ке сілтеме жасап. Жер телімі...

Мальдивте коронавирустың таралуы бәсеңдемей тұр

Мальдивте індеттің таралуы бәсеңдемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24». Аралды елде күн сайын мыңға жуық адамнан вирус анықталып жатыр. Жергілікті билік жұқпалы кеселдің өршуіне...

Алматыдан 352 шақырым қашықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 мамыр күні 22 сағат 45 минутта жер сілкінісін тіркеді. «Зілзала ошағы...

Хоккейден Қазақстан құрамасының бір ойыншысы коронавирус жұқтырды

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасының бір өкілінен коронавирус анықталды. Осыған байланысты бүгін қазақстандық спортшылар Беларусь құрамасымен жолдастық кездесуге шықпайды. Бұл ойын...

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына...

17 мамырдан бастап 14 күн оқшаулану міндеттеледі – Бас санитар дәрігер

Еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов «Қазақстанға Мальдив аралдарынан коронавирус инфекциясы келуінің алдын алу шараларын күшейту туралы» жаңа қаулыға қол қойды. «Облыстардың, Алматы,...

«Ирина Қайратовна» тобымен аттас әйел өнер ұжымына алғыс айтты (видео)

«Ирина Қайратовна» атты топтың мүшелері өнер ұжымының неге бұлай аталатынын айтты. Ал "Қызық LIVE" телебағдарламасына арнайы келген Ирина Қайратқызы есімді әйел танымал топпен аттас...

Головкин ең үздік боксшылар рейтингінде Мұхаммед Әлиді басып озды

Boxrec.com салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound) ең үздік боксшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды Sports.kz. Америкалық Флойд Мейвезер бокс тарихындағы ең үздігі деп танылды. Екінші орынды Эззард...

«Үйімді сағынып кеттім». Алматы облысында әскерден қашып кеткен сарбаз ұсталды

Алматы облысында әскерден қашып кеткен қатардағы жауынгер ұсталды. Шығыс Қазақстан облысының тумасы үйін сағынғандықтан осындай әрекетке барғанын түсіндірген. Қатардағы жауынгер Дархан Мырзабаев 16 мамыр түнгі...

Қызылордада 24 жастағы жігіт катамараннан көлге құлап қайтыс болды

Қызылорда облысы Шиелі ауданында катамараннан Ханқожа көлінен құлап кеткен жігіт қайтыс болды. ҚазАқпараттың жазуынша, оқиға Шиелі ауданына қарасты Бәйгеқұм елді мекені тұсындағы Ханқожа көлінде болды....

Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды

Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат...

Новосібірде қабір қазудан чемпионат өтті (видео)

Новосібірде қабір қазудан жарыс өтті. Шарт бойынша, қатысушылар тереңдігі екі метрге жуық қабір қазуы керек. Қазылар алқасы қазу жылдамдығын, сапасын және техникасын бағалады. Қабірлердің мөлшерін тексеру...

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның жездесі ұсталды

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның өліміне күдікті ретінде оның жездесі ұсталып, қамауға алынды, - деп хабарлайды polisia.kz. Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті Грузияда қаза тапқан А.Айтпаеваның...

Қазақ дроны сынақтан өтті

Бүгінде әлемдегі әскери күштердің басты қаруының бірі - ұшқышсыз ұшатын құралдар болып отырған кезде өз қарулы күштерін осындай құралдармен жабдықтауды өз алдарына басты мақсат...

Өзбек әншісі Юлдуз Усманованың Израиль туралы айтқанына қатаң жауап берілді

Осы аптада Израиль мен Палестинаның бір-біріне оқ жаудырғаны белгілі. Соған байланысты әлемнің түкпір-түкпірінде бұл оқиғаға баға беріп, пікір айтып жатқандар көп. Міне осындай кезде...

«Ата-аналары алаяқты тәрбиелеген» деп полицияның намысына тигені үшін 20 күнге қамалды

Алматы облысында полицейлердің ар-намысына әлеуметтік желі арқылы нұқсан келтірген азамат 20 күнге қамалды. Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 мамыр күні Талдықорғандағы мамандандырылған...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ісін Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі бақылауға алды

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваға қатысты істі өз бақылауына алды, деп хабарлайды «Хабар 24». Эльвира Әзимова қайғылы жағдайда қызынан...

Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты

Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды. «Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда...

«Бүркітке тұрмысқа шығар алдында, Исламды қабылдап, Аиша атандым» – танымал өнер жұбы сырын айтты

Бүркіт пен Аиша Ләйлә Сұлтанқызымен болған сұхбатта бұрын айтылмаған сырларымен бөлісті. Сұхбат барысында Аиша Ислам дініне қалай бет бұрғанын айтты. Stan.kz сайтының жазуынша, Аиша...

Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты. Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин...

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікке ілінді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды. Ақпаратты экс-министрдің адвокаты Нұрлан Бейсекеев растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Адвокаттың айтуынша, 11...

Air Astana: Әуе билеттері 50 пайыз жеңілдікпен сатылады

14-16 мамыр аралығында Air Astana әуе компаниясынан 50% жеңілдікпен Батуми, Бішкек, Душанбе, Киев, Ташкент, Тбилиси және Франкфурт қалаларына билет сатып алуға болады. Air Astana авиакомпаниясы...

Сәкен Майғазиев 91 тобының экс-солисі мен Ерке Есмаханның некелескеніне қатысты пікір айтты

Азамат Зенкаев пен Ерке Есмахан некелесіп, ерлі-зайыпты атанды. Бірақ бұл жаңалықты екеуі де жария еткен жоқ. Бұл туралы "Опмай-опмай" бағдарамасында айтылды, - деп хабарлайды stan.kz. Ерке жолдасынан...

«Америка үшін ұлы күн». Байден көпшілік алдында маскасын шешті

АҚШ президенті Джо Байден маскасын шешіп, бүгінгі күнді Америка үшін ұлы күн деп жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Reuters-ке сілтеме жасай отырып. АҚШ ауруларды бақылау...

Еліміздің кей аймақтарында 39 градус ыстық болады

Еліміздің 3 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. 15 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі....

Нұр-Сұлтан мен Алматыда құжат жеткізу қызметі іске қосылды

"Азаматтарға арналған үкімет" Алматы мен Нұр-Сұлтанда дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты, деп хабарлайды holanews.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сервисте 144 қызмет бар,...

Зейнетақының орташа мөлшері 100 мың теңге болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл басынан бері базалық зейнетақыны төлеуге 274,2 млрд теңге бөлінгенін хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлердің...

Еліміздегі «еститін» министрліктердің рейтингі жарияланды

Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын ұстанатын министрліктердің рейтингісінде көш бастады, деп хабарлайды...

ҰБТ-да 137 балл жинаған түлек мұғалім болуды армандайтынын айтты

"Ұлттық бірыңғай тестілеу – әрбір түлектің өміріндегі маңызды қадам. Дегенмен, негізгі мақсат – ҰБТ-ны жақсы тапсыру ғана емес, бастысы – өмірде өз орныңды тауып,...

«Бақытты келіншек» кітабы жарық көрді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында журналист, телепродюсер, PhD докторы, көпбалалы ана Алма Сайлауқызының «Бақытты келіншек» кітабының тұсаукесері болып өтті. Деректі-мотивация жанрында жазылған бұл бірегей туындының тұсаукесері...

«Басын аялдамаға ұрған». Алматы облысында жасөспірім қызды аяусыз ұрып-соққан әйелдер іздестіріліп жатыр

13 мамыр күні кешқұрым Алматы маңында 16 жастағы қызды екі ересек әйел ұрып-соққан, - деп хабарлайды tengrinews.kz. Оқиға сағат 18:35 шамасында Боралдай кентінде Космонавттар көшесіндегі...

Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаевамен қоштасуға бүкіл ауыл жиналды

Грузия астанасында қайтыс болған 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі жер қойнына берілді.  Оны ақтық сапарға шығарып салуға бүкіл ауыл тұрғындары келді, деп хабарлайды КТК. Басқа...

Мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова отставкаға кетуі мүмкін екенін мәлімдеді

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасары Сәкен Мұсайбековтің кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету туралы өтініш беретінін айтты. Бұл туралы ол 14 мамырда өткен баспасөз...

60 млн теңге пара алған Антикор қызметкері 12 жылға сотталды

Антикор қызметкері 12 жылға сотталды. Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме...

Үндістан Қазақстанның гуманитарлық көмегін алды

Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек ретінде жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдету аппараттарын жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады. Жүк рейсі Делиге 14 мамырда...

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды

Пабло Пикассоның суреті Нью-Йорктегі аукционда 103 миллион долларға сатылды, деп хабарлайды echo.msk.ru. Аукционды "Кристи" аукцион үйі өткізді. Сауда-саттық басталар алдында сарапшылар "Терезе алдында отырған әйел"...

Маусым айынан бастап Алакөлге қосымша пойыздар қатынайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алакөл бағытында қосымша жазғы пойыздар іске қосылатынын мәлімдеді. 17 маусымнан бастап №457/458 «Семей-Достық» пойызы күнара қатынайды. Семей станциясынан – тақ күндері,...

Токио Олимпиадасына 53 лицензия жеңіп алдық – министр

Токиода өтуі тиіс жазғы Олимпиада ойындарында еліміздің спортшылары спорттың 30 түрі бойынша ел намысын қорғайды. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бүгінге дейін 53 лицензия жеңіп...

Алматыда көлікпен жарысқан жастарға 1,6 млн теңге айыппұл салынды

Алматыда түнде жарыс ұйымдастырған жүргізушілерге 1,6 млн теңге айыппұл салынды. Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтың айтуынша, мұндай жарыстарды көбіне жастар ұйымдастырады. «Жастар қауіп төндіріп,...

Коронавирус: ғалымдар мұрынға себетін вакцина қашан тіркелетінін айтты

Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары әзірлеген коронавирусқа қарсы мұрынға себілетін вакцина 2021 жылдың соңында – 2022 жылдың басында клиникалық зерттеуге шығарылады. Орталық директоры Александр Гинцбург препарат...

«Ректорлар тізімі»: министр докторантураға түсу мәселесі туралы айтты

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл докторантураға түсу емтихандары Ұлттық бірыңғай тестілеу пунктерінде өтетінін айтты. «Биыл докторантураға түсу емтихандары да ҰБТ-ға қойылған талаптар негізінде...

NASA диаметрі 200 метр астероидтың жерге жақындағанын ескертті

АҚШ-тың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) диаметрі 88-ден 200 м-ге дейінгі астероидтың жерге жақындағанын ескертті, деп хабаррлайды ТАСС агенттігі. NASA-ның жерге...

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 2,5 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 2549 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 452, Алматы қаласы - 557, Шымкент қаласы - 125, Ақмола облысы -...

14 мамыр: маңызды оқиғалар күнтізбесі

1869 жылы 14 мамырда Ақтөбе қаласының іргетасы қаланды. 1869 жылдың 28 мамырында (ескіше қазақ күнтізбесі) басталған. Бұл күні «Ақтөбе» деп аталған әскери бекінісінің негізі...

Анасымен ұрсысып қалған: Таразда мектеп оқушысы үйінен қашып кетті

Жамбыл облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қыздың жоғалғанын полицияға анасы хабарлаған. Жасөспірім отбасындағы жанжалдан кейін үйден шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. «Кәмелет жасына толмаған қызды Жамбыл...

БҚО-да киіктер неден қырылуы мүмкін – министрлік пікір білдірді

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Батыс Қазақстан облысында киіктердің жаппай қырылуының болжамды себебін атады. 2021 жылдың...

Сот шешімі: Атырауда анасына қол көтерген азамат қамалды

Атырауда анасын ұрған ер адам 10 күнге қамалды. Облыстық полиция департаментiнің мәліметінше, 46 жастағы ер адам ішімдікке «тойып» алып, анасы қол көтерген. «Егде жастағы әйелден «102»...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

«Қазгидромет» РМК 14-мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бүгін солтүстік-батыс антициклоны әсерінен еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің...

Үш жүз жетпістен аса ақбөкен неден қырылды?..

«Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында өліп жатқан 372 ақбөкен табылды. Алдын ала болжам бойынша оларды жасын соғып өлтірген», − деп жазады azh.kz сайты. − Біздің...