Астанада келесі жылы мектеп асханаларына камера орнатпақ

Астанада келесі жылы мектеп асханаларына камера орнатпақ

Астанада келесі жылы мектеп асханаларына камера орнатпақ
ашық дереккөзі
Астанада келер жылы аспаздардың қалай тамақ пісіретінін бақылау үшін, мектеп асханаларына камера орнатпақшы. Осыған дейін ата-аналар тамақ сапасына шағымданып, тіптен котлетті қалай дайындайтынын видеоға түсіріп, таратқан, деп хабарлайды centralasian.org. Астанада келесі жылы бюджет есебінен мектептерге видеокамера орнатпақшы. Онда мектеп асханаларында аспаздардың тамақ пісіру барысы да бақыланатын болады. Осыған дейін ата-аналар мектеп асханасының тамағына шағымданып келген. Тіптен №69 мектеп гимназиясында аспаз болып жұмыс істейтін Рүстем Баскешов еттен жасалынатын котлеттің шын мәнінде минтайға орамжапырақ қосып, оған кішкентай тауық етінің фаршы қосылып жасалынатынын видеоға түсіріп таратқан. Осы видеодан кейін Баскешовті жұмыстан шығарып жіберген. Бірақ ол балалар дұрыс тамақтану үшін, әрі қарай күресуді жалғастырған. "Балалар тоя тамақ жей алмайды! Денсаулық сақтау министрлігі мәзірді не үшін дайындайды? Балалар күнде ақуыз жеу керек, күніне 50 грамм ет жеу керек",- дейді ол. №69 мектеп гимназиясы оқушылардың ата-аналары таяуда комиссия мектеп асханасын тексергенін, Бекешовтің сөздерін растағанын мәлімдеді. Білім беру басқармасы мектеп басшылары тамақ жеткізушілермен келісім-шартты бұзуына болады дейді. Сонымен бірге арнайы комиссия ата-аналарға мектеп асханасына кіріп, ас дайындау процесін тексеруіне рұқсат берген. Үш жыл бұрын мектептегі тамақ жөнінде Қазақстан президенті Назарбаев та көтерген. Ол "қазақстандықтар мектептегі балаларына айраны мен тоқашына өздері төлеу керек" деген. Былтыр Астана бюджетінен бастауыш мектептің балаларына және жеңілдік берілетін оқушыларға 10 млн доллар ақша бөлген. Биыл да 10 млн доллар бөлген.