11 Қазан, 12:58 450 0 Өнер Арман Құдайберген

ӘЛЕМДІК 500 ХОР ӘРТІСІ ҚАЗАҚСТАНДА

«Астана ‒ әлем дауысы» фестивалі өз мәресіне жетті. Бес құрлықтың басын қосқан мереке Астана жұртшылығын думанға бөледі. Бір айта кетерлігі, елімізде алғаш рет бес құрлықтың 25 елінің 500 хор әртісі өнер көрсетті. Аталған шараны Мәдениет және спорт министрлігі мен «Қазақстан хор дирижері» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Елге келген өнерпаздар «Астана ‒ әлем дауысы» халықаралық фестивалінің гала-концерті аясында әлемдік және ұлттық шығармаларды орындады. Аталған шара 5 қазан күні басталды. 5 күн бойы шетелден келген өнерпаздардың достық концерттері, шеберлік сабақтары өтті. 10 қазанда фестивальдің соңғы күні қорытындыланды. Соған орай елордалық тұрғындар мен қонақтардың назарына гала-концерт ұсынылды. Бірнеше күн бойы ұлттық музыкамыз бен қонақжайлығымызға тәнті болған Хор музыкасы халықаралық федерациясының президенті Эмили Куо Вонг: «Қазақ елінде хор музыкасы жақсы дамыған екен. Болашақта екітарапты серіктестік орнатып, тәжірибе алмасуды жоспарлап отырмыз», ‒ деді.

Соңғы жаңалықтар