«Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

«Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті

«Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті
ашық дереккөзі
Алматыда «Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өтті. Елбасының Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту, ел бірлігі мен бейбітшілік идеясын насихаттау бойынша салиқалы саясатына қолдау білдіру мақсатында. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі А.П.Чеxов атындағы кітапханада «Ел бірлігі – тұрақтылық кепілі» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге Неміс этно-мәдени орталығының төрағасы Виктор Эзау, «Барбанг» күрдтер қаумдастығының төрағасы Вакиль Набиев, «Ватандаш» қырым татарлары этно-мәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Васпие Алиарова, «Достық үйінің» бас сарапшысы Нұрсәуле Альтекова, мәдениеттанушы- Бердалы Оспан, Халықаралық “Көшпенділер Атамұрасы” қоғамдық қоры мен Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институты қатысты. Жиынға белгілі қоғам белсендісі Батыржан Сейдомар, Бейбіт Нәлібаев модераторлық етті. Виктор Эзау: «Неміс халқының қазақ жеріне қалай келгенін және қазақ халқының оларға қалай қамқор болғанын»,- дегендң айтты. Васпие Алиарова татар хылқымен қазақ халқының ежелден бірлігі жарасқан ұлт екеніне нақты мысалдар келтіре сөйледі. Нұрсәуле Альтекова ханым еліміздегі ұлттар ынтымағын ата-бабаларымыз дала заңымен ұстап отырғанын, және біз ұрпақтар сол жолды берік ұстанушы екенімізді жеткізді. Мәдениеттанушы Бердалы Оспанов ағамыз екінші дүниежүзілік соғыс кезінде біздің батырларымызыдың бастарына төнген қауып-қатерге қарамастан достыққа берік болғанын сол кездегі нақты оқиғалармен еске салды. Кездесу соңында студенттер қонақтар және ұйымдастырушылармен бірге естелік фотоға түсті.