ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ ҮШІН ТЕР ТӨККЕН

Сенатор Әлімжан Құртаевтың негізгі мамандығы – инженер. Ол сонау сексенінші жылдары «Оңтүстікқұрылыс» тресінде шебер, аға инженер болып құрылыстың қызу ортасында білек түріп жұмыс істеді. Сондықтан осы саланың жай-жапсарын, ұңғыл-шұңғылын бес саусақтай жақсы біледі. Одан кейінгі еңбек жолы да құрылысқа тікелей қатысты болды. 1985-1990 жылдары Алматы құрылыс жобалау ғылыми-зерттеу институты зертханасының ғылыми қызметкері, 1990-1993 жылдары «Шымкентпромстрой» тресіне қарасты құрылыс материалдары комбинатының директоры, трест басқарушысының орынбасары қызметтерін атқарды.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласының әкімі болып жүргенде теміржолшылар шаһарының өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қоса білді. Көп ұзамай қызметі жоғарылады – облыс әкімінің орынбасарлығына тағайындалды.

Әлімжан Құртаев – қасиетті де киелі Отырардың тумасы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылы 2 қыркүйек күні осы өңірге жұмыс сапарымен барған кезде Отырарды халықаралық туризм орталығына айналдыру қажеттігін айтқан болатын. Бұл уақытта Әлімжан Құртаев осы ауданның әкімі еді. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға аудан әкімі бел шеше кірісті. Ел ағалары мен ел-жердің тарихын жақсы білетін тұлғалармен ақылдаса отырып, Отырарды халықаралық туризм орталығына айналдырудың кешенді жоспарын жасап, оны жүзеге асыра бастады. Осындай игілікті істің арқасында әл-Фараби мен Сұлтан Бейбарыс бабаларымыздың өшпес рухымен қазақстандықтар қайта қауышты. Олардың қабірі туған елден жырақта екені белгілі. Тарихи тұлғалардың басына барып, тәу етіп, туған жердің топырағын салды. Бұл өте сауапты іс болғаны айдан анық. Атақты бабаларымыздың жатқан жерінен бір уыс топырақ Отырар еліне әкелініп, Арыстанбаб кесенесінің жанына арулап қойылды. Сөз жоқ, бұл тарихи оқиға, елеулі еңбек. Бұл Әлімжан Сейітжанұлының киелі Отырарды халықаралық деңгейге көтерген көп еңбегінің бірі ғана.

Ол көші-қон саласымен де жақсы таныс. Өйткені осы жүйеде басшылық қызметте болды. Түйткілді мәселелерге қанықты. Соның бірі – тығыз орналасқан оңтүстік халқын солтүстік облыстарға қоныстандыру. Бұл өзекті мәселені Елбасы біраздан бері айтып келеді. Бірақ, үдере көшіп жатқан халық жоқ. Себебі неде? Не кедергі? Бұл ретте бірінші кезекте қандай мәселелерді шешкен жөн? Әлекең «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалғанда осы мәселені өзі бас болып қолға алды.

Әлімжан Құртаев айтқан әңгіме:

«Оңтүстік тұрмыс-тіршілікке қолайлы екені белгілі. Бірақ жұмыс табу қиын. Тұрғындармен кездескен кезде көбінің айтатыны осы. Баспана мәселесі де өзекті. Халық көп болғандықтан, балабақша, мектеп және басқа да әлеуметтік жағдайларды оңтайлы шешу оңай емес. Жұрт оңтүстіктен солтүстікке көшкісі келмейді емес, бөтен жер, бөтен облыс болғандықтан, ағайын-туыс, жақын-жұрағаты жоқ, «далаға барғандай боламыз ба» деп тартыншақтайды. Мемлекет тарапынан қолдау болатынына көздері жеткенде ғана, көшуге келіседі. «Нұр Отанда» қызмет істеп жүргенде Сарыағаш, Жетісай, Қазығұрт және басқа да аудандардан бірнеше отбасы Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударды. Осы ұлы көштің басы-қасында өзім де болдым. Көшті шығарып салумен жұмыс біткен жоқ, қоныс аударғандар қалай орналасты, барлық жағдай жасалды ма, оны да әрдайым бақылауда ұстадық».

Әлімжан Құртаев Сенат депутаттығына сайланғанда да осы мәселені назардан тыс қалдырған жоқ. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің мүшесі ретінде депутаттық сауалнама жолдап, Үкіметтің алдына ішкі көші-қонға байланысты нақты жайттарды қоя білді.

Сенатор Ә.Құртаевтың Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің атына жолдаған сауалнамасынан:

Оңтүстік Қазақстан облысының 844 елді мекенінде 3 миллионға жуық халық тұрады, бұл дегеніміз Қазақстан халқының алтыдан бір бөлігі. Ал Солтүстік өңірлерде  керісінше Қазақстан халқының тек 17 пайызы ғана шоғырланған.

Елбасы қойған міндеттердің бірі – ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру жұмыстары жалғасып келеді.

2018-2020 жылдар аралығында оңтүстіктен солтүстік өңірлерге жыл сайын 2600 жуық отбасыны көшіру  жоспарланып отыр. 2018-2020 жылдары Оңтүстіктен солтүстікке көшіру  2017 жылмен салыстырғанда  әр жылға 7 есе көп отбасыны қамтиды. Бұл бағыттағы бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асыру үшін келесі мәселелерді қарастыруды ұсынамыз:

− Республикамыздың солтүстік өңірлеріне қоныс аударушыларға тұрғылықты жеріне жетіп алу үшін қаралатын қаржыны алдын-ала төлеу механизмдері қарастырылса дұрыс болар еді. Себебі қоныс аударатын отбасылардың көпшілігі үйі, жұмысы жоқ азаматтар. Олардың көшуге деген ниеттері бар, бірақ қаржысы жеткіліксіз;

− Солтүстік өңірлерге қоныс аударушылардың барғаннан кейін кемінде 1-2 ай көлемінде тиісті табысы болмайды. Сондықтан алғашқы айларда қаржылай көмек беру қарастырылса;

− Оңтүстіктен солтүстікке көшетін азаматтардың негізгі сұрауы –тұрғын үймен қамтамасыз ету. Бұқаралық ақпарат құралдарында жазылып жатқандай, Солтүстіктегі шекара аймақтарындағы ауылдарда қаншама үйлер қаңырап бос қалуда. Соны жергілікті атқарушы органдардың балансына енгізіп, көшіп келген отбасы сол үйлерде бес жыл көлемінде тегін тұрып, ал кейін жекешелендіруге мүмкіндік беру мәселесін қарастыруды сұраймыз.

Сенатор Ә.Құртаев халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға қатысты да бағалы ұсыныстар айтып келеді. Соның бірі – «көгілдір отын» тарифы. Осыған байланысты әріптестері А.Бейсенбаев, Ә.Бектаевпен бірге Үкіметке сауалнама жолдағанын жұртшылық жақсы біледі. Ондағы негізгі мәселе – Қазақстанның аймақтарында газ бағасының айтарлықтай айырмашылығы. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында табиғи газдың бір мың текше метрінің құны 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жеке тұлғаларға – 34 475,20 теңге, заңды тұлғаларға – 36 103,97 теңге, жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғаларға – 25 148,26 теңге болып белгіленген. Ал Ақтөбе облысында жеке тұтынушылар үшін осы тариф – 8,4 мың, Маңғыстау облысында – 9,4 мың, Қызылорда облысында – 19,9 мың, Жамбыл облысында – 26,1 мың теңге. Айырмашылық айтарлықтай. Бір елде отырып осынша көп айырмашылық болуының себебі неде? Мұндай ала-құлалықты реттеуге болмай ма? «Көгілдір отынға» оңтүстік халқы басқа өңірлермен салыстырғанда неге бірнеше есе көп қаржы төлеуі керек? Депутаттар осындай сауалды алға тартты. Оңтүстікте Қазақстанның басқа өңірлерімен салыстырғанда орташа жалақы деңгейі төмен – 98,9 мың теңге. Ал Батыс Қазақстан облысында – 136,3 мың, Шығыс Қазақстан облысында –118,6 мың, Қызылордада –117,9 мың теңге. Тіпті, оңтүстіктегі газ тарифі көршілес Өзбекстанмен салыстырғанда үш есе артық болып шықты.

Бұл ғана емес, республика аймақтарында электр энергиясының құны да әртүрлі. Сондықтан депутаттар осының бәрін Үкіметтің алдына жайып салды.

Тарифтің жоғары болуы шағын және орта бизнес қарқынды дамып отырған Оңтүстік Қазақстанда тауарлардың өзіндік құнының жоғары болуына, бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне, өңірге инвесторлардың келуін азайтуға және жеке кәсіпкерлердің басқа өңірлерге ауысып кетуіне әкеліп соғуда.

Осыған байланысты халық қалаулылары Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, Оңтүстік Қазақстан облысын табиғи газбен қамтамасыз етудегі ерекшеліктерді ескере отырып, елімізде бірыңғай ортақ тариф енгізу мәселесін қарастыруды сұраған болатын.

Оңтүстік өңірі халқының әлеуметтік-тұрмыстық әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігін жақсартуды Әлімжан Құртаев билікте жүрген кезінде де, қазір де –Сенат депутаты ретінде бір сәт естен шығарған емес. Халықтың жағдайын жақсарту мақсатында белсенді іс-әрекет танытып келеді.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Шымкент халқының бір миллионнан асуына байланысты қалаға республикалық мәртебе беруін, Түркістан облысының құрылуын Қазақстан халқы зор қуанышпен қабылдады. Осыны естігенде қуанбаған жан жоқ шығар, сірә. Сенатор Құртаев та осы бір жағымды жаңалық ерекше көңіл-күйге бөлегенін жасырып қала алмай, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көпшілікпен бөлісті. «Шымкент – XIV ғасырда қазығы қағылып, өсіп-жетіліп, әдебиет пен мәдениеттің, қайнаған өндірістің ошағына айналған қала. Қысқалау қайырсақ, республикалық мәртебеге лайықты қала. Түркістан – тарихының тамыры тереңге кеткен көне қалалардың бірі де бірегейі. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі орналасқан, қазақтың небір жақсы, жайсаңы, хандары мен билері мәңгілік тыныс тапқан қасиетті жер. Елбасы Жарлығы қазір 200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістан қаласының өсіп-өркендеуінің бастауы болады. Бұдан былай облыс орталығы ретінде Түркістанның орны ерекшелене түседі. Өңірде туризмнің дамуына, экономиканың өркендеуіне даңғыл жол ашылмақ. Енді, Түркістан қаласына инвестиця молынан тартылады. Сонымен бірге, өткен жылы ғана «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деген мәртебеге ие болды. Енді, Елбасының тікелей қолдауымен Түркі әлемінің нағыз орталығына айналуына толық негіз бар» деп тілегін білдірген болатын.

Уақыт – тоқтаусыз. Кешегі күн бүгінге өлшем емес. Өзгеріске көз ілеспейді. Ұдайы жаңару. Заман көшінен қалыс қалмау үшін барлығы да сайма-сай болуы қажет. Соның ішіндегі ең негізгі тірек – заң. Қабылданған заң да уақыт ағымына қарай толықтыру мен өзгертуді қажет ететіні жасырын емес.

Елбасы Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап кәсіпкерліктің кең қанат жаюына ерекше көңіл бөліп келе жатқаны белгілі. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау бар. Осы саланың өркендеуіне мүмкіндік беретін тиісті заңнамалар бар. Қажетті құрылымдар құрылды. Соның бірі – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары. Бұл туралы алғаш рет Қазақстан Президентінің 2006 жылғы «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Жолдауында айтылып, 2007 жылдап бастап корпорациялар құрыла бастаған болатын. Бұл уақыттың талабы еді. Өйткені өңірлерде кәсіпкерліктің дамуы осы жаңа құрылымға тікелей байланысты болатын. Сондықтан корпорацияларды дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы жасалып, 2012 жылғы 31 қазанда Үкіметтің қаулысымен бекітілді. Осы тұжырымдамада əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорацияларға байланысты екі кезең белгіленген болатын. Бірінші кезең – 2013-2014 жылдар аралығы. Бұл мерзім өтіп кетті. Нәтиже қандай? Көңіл көншітпейді. Корпорацияларды жаңа сапалық деңгейге көтеру мақсатындағы талпыныс та ойдағыдай болмады. Мəселен, 12 корпорация 2014 жылды, 6 корпорация 2015 және 2016 жылды шығынмен аяқтаған. Әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорацияларды дамытудың екінші кезеңі 2015-2020 жылдар аралығын қамтиды. Оның да нәтижесі ойдағыдай емес. Бұл кезеңде корпорациялар инвестициялық жобаларды көбірек жүзеге асыруы тиіс болатын. Бірақ бұл жөніндегі көрсеткіштер де көңіл көншітерлік емес. Өте аз. Экспортты арттыру мақсатындағы жобалардың да нәтижесі де мәз емес. Сонымен бірге корпорациялардың қолдауымен ашылған жаңа өндірістердің де өркендегені байқалмайды. Сонда өңірлердегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың жұмысын жақсарту үшін қандай іс-шараларды қолға алған жөн? Қандай мәселелерге ерекше мән берген маңызды? Сенатор Әлімжан Құртаев Парламент қабырғасында осы жөнінде ойға қонымды ұсыныстар жасай білді. Бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметіне қатысты мəселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі тиіс. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың басқа да түйткілді мәселелері бар екені Сенатор Әлімжан Құртаевтың Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың атына жолдаған сауалнамасында жан-жақты айтылған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә.Құртаевтың Премьер-министр Б.Сағынтаевқа жолдаған сауалнамасынан:

«Көптеген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өңірдің даму мәселелерін шешумен емес, көпшілік жағдайда ағымдағы әлеуметтік мәселелерді шешетін жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелеріне айналып кеткендігі тәжірибеде көрініс табуда.

Осыған сәйкес, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары өз шығынын өзі өтеуі негізінде әрекет ететін, жеке бизнестің дамуына және жас кәсіпкерлерге  ықпалын тигізетін, сондай-ақ, қаржы агенттігі статусын алып, мемлекеттік ресурстарды қолдана отырып қарыз беруді жүзеге асыратын  өңірлік даму институты ретінде қайта құрылу қажеттілігі туындаған сияқты.

Өңірлік даму институты ретінде тиімді әрекет етуін қамсыздандыру үшін  әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары «Өңірлік даму корпорациялары» ретінде қайта құрылып, келесідей қызметтерді атқарса, оң нәтиже беруші еді:

Бірінші. Өңірлік даму корпорациялары өңірдегі басым секторларды, яғни индустриалдық аймақтарды, агроиндустриалдық аймақтарды, арнайы-экономикалық аймақтарды, көліктік-логистикалық аймақтарды  дамыту бойынша ең басты операторына айналуы;

Екінші. Қаржы агенттігінің статусын алуы және экономиканың белгілі бір салаларында өңірдегі инвестжобаларды және инвестициялық саясатты жүзеге асыру аясындағы банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша қаржы агенттігінің қызметін жүзеге асыру;

Үшінші. Жобаларға өз қаржысымен, жер телімімен, жер қойнауын пайдалану құқығымен, интеллектуалды меншігімен кіре отырып шағын және орта бизнестің жобаларын қолдауды жүзеге асыруы. Ұлттық компаниялар секілді сатып алудың ерекше жүргізу тәртібін ӘКК сақтап қалуы.

Төртінші. Жайлы инвестициялық климатты қалыптастыру, инвесторларды іздеу және тарту, операциялық қызмет көрсету, бастапқы құжаттарын дайындау, шетелдік инвесторлар жүгінулеріне шұғыл түрде әрекет етуді қамтамасыз ету, ұйымдастыру, келіссөздерді, кездесулерді жүргізу бойынша операторлық қызметті жүзеге асыруы;

Бесінші. Әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларды, сонымен қоса азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қолдану және қалыптастыру бағдарламасын  шығынсыз етіп жүзеге асыру;

Алтыншы. Өңірдің ерекшелігін, бәсекелестік әлеуетін, кәсіпкерлік белсенділігін  айқындау және анықтау бойынша операторлық қызметтерді жүзеге асыруы.

Жетінші. Қатқыл пайдалы қазбаларды барлау және өндіру, сонымен қатар барлау және өндіру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу негізінде конкурс өткізбеуге қатысты операцияларын жүргізуге шарт жасау құқығын ӘКК беру».

Міне, сенатор Әлімжан Құртаев осындай өзекті мәселелерді Парламент депутаты ретінде лайықты қозғап келеді. Әлі де қазақстандықтардың тұрмыс-тіршілігі мен өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатындағы талай көкейкесті мәселелердің түйіінін тарқатуға білімі мен тәжірибесін сарқа жұмсай беретіні сөзсіз. Абзал жанның ел үшін еселі еңбек ете беретіні айдан анық.

 

                Ғалым ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Астана  

Редакция таңдауы

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...
«Nur Otan» партиясы

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын...
kim serikbaev

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы...
челлендж

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер...

Жаңалықтар

Келелі жиын – келешек үлесі

Өткен апта маңызды басқосуларға толы болды. Әрбір жиынның астарында ел болашағын жарқын ету, келешегін кемелдендіре түсер мақсат бар. Нақты мәселелер көтеріліп, оны шешудің жолдары...

«Тоттенхэмнің» бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен босатылды

Лондондағы "Тоттенхэм Хотспур" футбол клубының бас бапкері Жозе Моуриньо қызметінен кетті. Бұл жаңалықты vesti.ru сайты Тhe Athletic-тің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлады. Моуриньо 2019...

Әскери қайраткер Ким Серікбаев қайтыс болды

Әскери қайраткер, полковник, әскери ғылым кандидаты Ким Серікбайұлы Серікбаев қайтыс болды. Қайғылы хабарды Алматы қаласындағы «ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері және соғыс балалары кеңесі» қоғамдық...

«Тоқтықтан»: Асты аяқ асты еткен челлендж жұртты ашуландырды (видео)

Tik-Tok әлеуметтік желісіндегі кезекті челлендж Facebook қолданушыларының наразылығын тудырды. Челленджге қатысқан жасөспірімдер тамақты аяқпен таптаған. "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді. Мұның арты жақсы болмайды....

Қазақстандық дизайнер Нұр-Сұлтанда Сақ алаңын салуды ұсынды

Отандық сәулет дизайнері Мансура Жәкен қазақстандық қалалардың бейнесін қазақтардың этникалық стилінің элементтерімен қайта жасауды ұсынды. Оның пікірінше, астанада "аң стилінде" сәнделген және ежелгі сақ...

Нұр-Сұлтандағы саябақтан жалпы құны 8 млн теңге болатын 66 шам ұрлаған күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан қаласындағы Триатлон паркінен 66 шам ұрланған. Полицейлер екі жүргізуші мен көше мен саябақты жарықтандырумен айналысатын ЖШС монтерін күдікті деп танып отыр, деп хабарлайды...

Ұлттық банк коллекциялық монеталар сатылатын интернет-дүкенді іске қосты

Ұлттық банк интернет-дүкеннің жұмысын пилоттық режимде қайта бастады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Қазақстан Ұлттық Банкі 19 сәуірден бастап коллекциялық монеталардың онлайн саудасын жаңарту үшін пилоттық...

Мүмкіндігі шектеулі Қазақстандық әйел Эверест шыңын бағындырды

Мария Әуезова Эверестің биіктігі 5364 метр болатын шыңын бағындырды. Мариямен бірге бірге күйеуі мен тәлімгері де тауға бірге шыққан - деп хабарлады sxodim.astana Instagram...

Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты заңға қол қойды

Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға қол қойды.  Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен...

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовтің әкесі Мяликгулы Бердімұхамедовтің өмірден өткені туралы...

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолдың қаупі туралы айтты

Англияның ұлттық денсаулық сақтау қызметі парацетамолды шамадан тыс қолдану қауіп тудыруы мүмкін екенін ескертеді, - деп хабарлайды ВЗГЛЯД басылымы. Дәріні шамадан тыс қолданудың белгілері -...

Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев – 1970 жылғы 2 сәуірде Ақтөбе...

Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО)...

Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Рәпіл Жошыбаев –  1963 жылғы 22 тамызда Жамбыл облысында...

Жол сапасына жауапты мыңнан астам шенеунік айыппұл арқалаған

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың айтуынша, жол сапасының сын көтермегені үшін бірқатар  шенеуніктер жазаланған, - деп хабарлайды BaigeNews.kz  "2021 жылы Жол инспекциясы бөлімшелері...

«Қазақстан темір жолының» БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры тағайындалды

Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды.«ҚазАқпарат» агенттігінің жазуынша, бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады. Қайсар Жұмабайұлының...

Қазақ киносы Германияда өтетін фестивальдің шымылдығын ашады

Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» көркем фильмі Германияның Висбаден қаласында 2021 жылғы 20-26 сәуір аралығында онлайн өтетін 21-ші Орталық және Шығыс Еуропа goEast кинофестивалінің...

Президент жарлығымен жаңа елшілер тағайындалды

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 19 сәуірдегі жарлығы бойынша Қырғыз Республикасындағы, Бельгия Корольдігіндегі және Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші тағайындалды. Бұл туралы akorda.kz сайты хабарлады. Хабарламаға...

Мемлекет басшысы Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовке әкесі Мяликгулы Бердымұхамедовтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, - деп хабарлайды akorda.kz. «Әкеңіздің...

Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

Әлемдегі ең үлкен А68 айсбергі еріп, бірнеше бөлікке бөлінді, – деп жазды Sky News. 2017 жылы Антарктика жартылай түбегінің мұздығынан ажыраған кезде оның ауданы 5800...

Коронавирустан 23 науқас көз жұмды – ДСМ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы тіркелген қайғылы жағдайларға қатысты мәлімет берді. 17 сәуірде коронавирустан 23 науқас көз жұмған. Оның 22 КВИ+, бір адам...

Президент бірқатар лауазымды тұлғаны қызметінен босатты

Бүгін, 19 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен  еліміздің шетелдегі бірқатар төтенше және өкілетті елшілері қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда. «Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Қайрат...

Павлодарда қарағай орманынан шыққан өрт мың гектарға жетті

Павлодар облысындағы қарағай орманында ірі өртті сөндіру жұмысы жалғасуда. Өртке оранған алқап мың гектарға жетті. «Галкин ауылдық округінің екі елдімекеніне қауіп төнді. Бірақ оның алдын...

«Кездесуге шақырамын». Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты

Әнші Алмас Кішкенбаев танымал блогер қызды ұнататынын айтты. Ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында бойжеткеннің видеосын жариялап, көпшіліктен оның жеке өмірі жайлы сұрастырды деп жазады...

Ерлан Саиров: Шекараны жергілікті халықтың ыңғайына оңтайландыру амалын қарастыру абзал

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Атырау облысындағы Көптоғай ауылының тұрғындарын алаңдатқан Қазақстан-Ресей шекарасына қатысты мәселеге орай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді. «Атырау облысы, Құрманғазы...

Ерлан Әлімбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев 1975 жылы 6...

Жамбыл облысында төрт елді мекен ішімдіктен түбегейлі бас тартты

Жамбыл ауылдық округіне қарасты Шәкен Ниязбеков, Шайқорық, Танты, Қапал ауылдары ішімдіктен біржола бас тартты. Осы төрт елді мекендегі 22 дүкен иелері ішімдік сатуға берілген...

Жағдай мәз емес: жеті өңір «қызыл аймақта» тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылдың 19 сәуіріндегі жағдайы...

Қазақстан Бокс федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры лауазымына Маратбек Мықтыбеков тағайындалды, – деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметінің мәліметі. Ал соңғы 11 жыл бойы осы лауазымды атқарып келген Бекжан...

Келіссөз жүріп жатыр: Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жыл соңында жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жекке шығуды жоспарлап отыр, – деп жазды Sports.kz. Алғашқы болып...

Қызылордада қолдан жасалған құрттан есірткі табылды

Қызылордада түзеу мекемесіне келген сәлемдемедегі қолдан жасалған құрт ішінен есірткі табылды. Бұл оқиға Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде болды. Қылмыстық кодекстің...

19 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1960 жылы 19 сәуірде Бұқтырма су қоймасын толтыру басталды. 1993 жылы Алматыдан Түркияның Трабзон қаласына алғашқы жолаушылар әуе рейсі ұшырылды. Бортында 120 турист болған...

Өткен тәулікте 2700-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2719 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады  coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 436, Алматы қаласы - 665, Шымкент қаласы - 114,...

Мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті қамауға алынды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта белгісіз адамдардың мешіттің ішіне терезесін...

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті

Еркін күрестен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста есімдері төменде аталған балуандар жеңіс тұғырына көтерілді: 57 келі: 1. Құмар Рави (Үндістан), 2. Әлиреза Сарлақ (Иран),...

Нұр-Сұлтан қаласының іргесінен өрт шықты

Нұр-Сұлтан қаласын Ақмола облысының Қоғалжын ауданымен байланыстыратын тасжол бойындағы саяжайдан өрт шықты. Бұл туралы саясаттанушы Қазыбек Майгелдинов facebook парақшасында жариялады. «Қорғалжын тасжолы бойындағы саяжайлар өртеніп...

Танымал актриса Ғазиза Әбдінабиева қайтыс болды

Танымал актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ғазиза Мәкешқызы өмірден озды. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов хабарлады. Ол...

Нобель сыйлығының бес лауреаты Навальный ісі бойынша Путинге ашық хат жолдады

Францияның Le Monde басылымы және британиялық The Economist журналы әлем жұлдыздарының Ресей президенті Владимир Путинге жазған ашық хатын жариялады.  Онда танымал адамдар колонияда отырған оппозиционер...

Қазақстан-Ресей шекарасы: Көптоғай аулындағы дау неден шықты?

Қазақстан-Ресей шекарасындағы Атырау облысы Көптоғай ауылының тұрғындары шекара сызығы ауысуымен келіспей, оны заңсыз деп санайды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Көптоғайлықтар шекара бекеттерін орнату бойынша жұмысты тоқтатуды...

Лукашенко вакцина алғысы келмейді

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы вакцина алғысы келмейтінін айтты. Бұл туралы tass.ru хабарлады. Лукашенконың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында өткен тексерісте оның қанында антиденелердің жеткілікті...

Шыңжаңдық тағы бір қандасымыз Олимпиадаға жолдама алды

Қазақстанның Алматы қаласында өткен күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирінен жақсы жаңалық келді. Шыңжаң өлкесінен шыққан Уәлихан Серікұлы 60 келі салмақта грек-рим күресінен өнер көрсетіп, Токио...

ҰҚК Атырау облысындағы акциялар туралы ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желілерде жерімізді қорғап, бейжай қалмауға шақырған видеолар таралуда. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, онда «Қалқан-2021» оқу-жаттығуларында түсірілген кадрлар көрсетілген, деп хабарлайды stopfake.kz сайты. «2021...

Ақмола облысында ер адам қызымен бірге сарқырамаға құлап кетті (видео)

Куәгерлердің айтуынша, әкесі мен қызы суретке түспек болғанда, сарқырамаға құлап кеткен. Желіде сарқырама маңында өзеннің қатты ағысы ер адамды баламен бірге ағызып бара жатқаны...

Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Президенттік жастар кадр резервінің мүшелері түрлі жаңа лауазымдарға тағайындалды. Қазақстанда 12-18 сәуір аралығында болған кадрлық ауыс-түйіске «ҚазАқпарат» агенттігі шолу жасады. Апта басында...

Алматыдан 181 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 04 сағат 38 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Зілзаланың эпицентрі...

«Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? – дінтанушы жауабы

Белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Faceboоk  әлеуметтік желісінде қызу талқыланып жатқан сауалға жауап берді. Желіде мынадай («Намазсыз ораза қаза болады» деген рас па? –ред.) діни...

Өмірзақ Шөкеев қарияларды жаңарған Түркістанды тамашалауға шақырды

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Шардара ауданындағы ардагерлер үйінде болды. Ақсақалдармен кездесіп, үстел басына жиналғандарды ашық сұхбат құруға шақырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз...

Қазақстан-Ресей шекарасында әскерилер қоршау орната бастады

Қазақстан мен Ресей шекарасында қоршау орнату жұмысы басталды. Қоршау Атырау және Астрахан (Ресей) облыстарының шекарасында орнатылуда. «2021 жылғы 14 сәуірде Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылында...

Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай туралы айтып, жұртты сақтандырды (видео)

Қазақстандық әнші Айқын Төлепберген Алматыда өзі куә болған келеңсіз жағдай жайлы айтып, жұртты абай болуға шақырды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. Айқын Төлепбергеннің...

Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі биржа басқармасына төраға болып тағайындалды

Astana International Exchange (AIX) Директорлар кеңесі акционерлер мен реттеуші органдардың мақұлдауымен 23 мамырдан кейін күшіне енетін AIX басшылығының құрылымындағы өзгерістерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Директорлар...

Ақмола облысында жүк көлігі жүргізушісімен бірге суға батып кетті

Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды. Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында болған. «Анықталғандай, қарғын су шайып...

Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі қайтыс болды

Чарльз Гешке – PDF форматты жасауға қатысқан, Adobe компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Калифорнияда тұратын Чарльз 82 жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Adobe компаниясы хабарлады....

Африкада аң аулаған қазақтарды елдегі аңшылар қолдап пікір білдірді

Қазақстанның аңшылық қауымдастық өкілдері Африкада жабайы аңдарды атып, аңшылық құрған әріптестерін қолдап видео түсірді. Кадрлар Instagram-дағы ohotniki_kz парақшасында жарияланды, деп жазды Tengrinews.kz . «Табиғат»  республикалық қауымдастығының...

Тәулік статистикасы: 641 науқастың жағдайы ауыр, 22 адам қайтыс болды

Кейінгі бір тәулікте 22 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 18 сәуірдегі дерек бойынша 37 749 адам (37 294...

Жағдай әлі күрделі: «Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі веомствоаралық комиссиясының Telegram каналында еліміздің өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды. 2021 жылғы 18 сәуірдегі жағдай...

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні

Бұл мереке алғаш рет 1984 жылы атап өтілді. 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен. Бүгінгі...

18 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Жауын-шашын, тұман, желдің күшеюі

Бүгін Республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның басқа аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы: кей жерлерде жауын-шашын болады, найзағай, тұман,...

Нұр-Сұлтанда алты көлікті соғып зақымдаған мас жүргізуші қамауға алынды

Нұр-Cұлтан қаласында мас күйде көлік басқарған жүргізуші көлік тұрағында тұрған 6 көлікке зақым келтірді. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Полиция...

Көлгінов Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылысына қаражат қайдан бөлінгенін айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің құрылыс барысымен танысты. Бұл туралы шаһар басшысы Instagram-дағы парақшасында жазды. «Қалада республика...

Қазақстандық балуан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық балуан Талғат Сырбаз Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Құрлықтық бәсекеде 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол финалда өзбекстандық Сирожиддин Хасановпен кездесті. Екеуара...

Өзбек сенаторлары: Ташкенттен Алматыға әуебилеті – 4,7 млн , ал Мәскеуге – 4,2 млн. сум тұрады. Әділдік қайда?

Ташкентке Алматы жақын, жақын да болса, алыс. Салыстырмалы түрде Мәскеу алыс, алыс та болса, жақын. Өйткені, ұшу ұзақтығына, қашықтыққа қарамастан Ташкент-Алматы бағытындағы әуебилеті қымбат....

WhatsApp мессенджері қолданушыларға қиындық тудыра бастайды…

Әлеуметтік желілердегі шексіз еркіндікке тұсау салына бастайтын секілді. Мәселен, танымал WhatsApp мессенджері енді өз қолданушыларына жаңа ереже ұсына бастайтын болды. Яғни, 2021 жылдың 15 мамырынан...

Алматыдағы «аждаһа» қиратылып тасталды…

«Бүгін таңертең Алматы қаласындағы Құрманғазы-Достық көшелерінің қиылысында бұрынғы ресторанның қасбетіне орнатылған белгілі суретші Владимира Твердохлебовтың «Аждаһа» («Дракон») атты мозаикасы қиратылып тасталған», − деп хабарлайды...

Қостанай облысында «Nur Otan» партиясы қоғамдық кеңестерінің құрамы бекітілді

14 сәуірде «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы төрағасы, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың төрағалығымен  «Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық филиалы саяси кеңесі Бюросының...

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іске асырылуын қоғамдық кеңестер бақылайды

«Nur Otan» партиясы СҚОФ Саяси кеңес Бюросының отырысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының бағыттарын іске асыру жөніндегі өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы...

22 жастағы елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға болды. Елорда тұрғыны 11 қабаттан құлап, қайтыс болды. Қайғылы жағдай туралы Telegram-дағы Astanovka 98 каналы...

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанынан 12 қоғамдық кеңес құрылды

Маңғыстау облысының әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы С.Трұмовтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Бюро отырысында үш мәселе қаралды....

Жұмыспен қамту мәселесі оң шешімін тапты

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Nur Otan» партиясының аудандық филиалына аудан тұрғыны айлық табысы күн көріс деңгейінен артылмайтынын, қазіргі кезде баласы да жұмыссыз екенін айтып,...

Партияға өтініш білдірген аз қамтылған отбасына баспана берілді

"Nur Otan" партиясының Мойынқұм аудандық филиалына аудан тұрғыны өтініш білдірген. Өз өтінішінде жалғызбасты әке 3 бала асырап отырғанын, қолында ата-анасы бар екенін айтып, баспанамен...

«Онда тұрған ештеңе жоқ». Африкада аң аулап жүрген қазақ өз әрекетін түсіндірді (видео)

Африкада мылтықпен аң аулап жүрген қазақстандықтардың видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап, қызу талқыланған болатын. Батыр Сейкенов есімді қазақстандық азамат өз әрекетін түсіндіріп, видеоүндеу жасады....

Шығыс Қазақстанда жоғалған 5 жасар бала табылды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жоғалған 5 жасар баланы тауып, ата-анасына қайтарды. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 16 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Глубокое...

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегі туралы ресми мәлімдеме жасады

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (20-7-1) келесі жекпе-жегіне дайындықтың басталғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz. «Ресми! Біз келесі кездесуге дайындықты бастадық! Күні мен орнын жақын арада хабарлаймыз...

Ресейлік сериал кейіпкері: «Қазақтар бізге тас атты ма десек, ас атыпты ғой»

Әлеуметтік желіде ресейлік сериалдан үзінді таралып, қызу талқылануда. Онда сериал кейіпкері, орыс әйел жанындағы құрбысына Алжир лагері жайлы әңгімелейді. «Сен Алжир жайлы естіп пе едің? Ол...

Алматы облысында табытқа әйелдің фотосын салып кеткен күдікті табылды (видео)

Алматы облысында әйелдің фотосы салынған шағын табыт табылды. Әлеуметтік желіде таралып, қызу талқыланып жатқан жағдайды қазір облыстық полиция департаменті тергеу үстінде. Табыт ішіндегі фотода бейнеленген...

Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеген құтқарушының өзі табылмай жатыр

Жамбыл облысында екі айдан бері із-түссіз жоғалып кеткен Гүлдана Санақбайды Тасөткел су қоймасынан іздеп жатқан сүңгуірдің өзі он төрт күннен бері табылмай жатыр. Бұл...

Елорда тұрғыны «BMW X5» автокөлігімен 4 жасар баланы қағып, мерт қылды

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны «BMW X5» көлігімен 4 жасар сәбиді қағып, мерт қылды, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 сәуір күні сағат 19.21-де 102...

«Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар көліктің иесі халықтан кешірім сұрады (видео)

Нұр-Сұлтан қаласында көлігінде «Тапсырыспен адам өлтіру» деген жазуы бар ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Көлік бүгін...

Целиноград ауданында су тарифі төмендетілді

ҚР "Табиғи монополиялар туралы" Заңына сәйкес "Целиноград Су Арнасы" ШЖҚ МКК-ы Жаңа жол, Приречный, Шұбар, Жайнақ, Қызылсуат (Қызылсуат 1 және Қызылсуат 2), Қаратомар, Талапкер...

Африкада аң аулап жүрген қазақтардың видеосы елдің ашуына тиді (видео)

Әлеуметтік желіде "Қазақтар Африкада да аң аулап жүр" деген тақырыпта видео тарады. Видеода екі қазақ азамат және басқа да шетелдік аңшылар жираф атып алғаны...

Әлемдік паспорт индексі бойынша Қазақстан қай деңгейде?

«The Henley Passport Index» әлемдік мемлекет азаматтарының төлқұжат рейтингін жариялады. Онда Қазақстан 69 орында тұр. Азаматтардың жүріп-тұру еркіндігіне негізделген елдер классификатор болып табылатын атаулы компания...

Африкада аштық пен ауру қаупі төніп тұр

Африкада 100 миллионнан астам адам азыққа зәру. Бұл туралы Түркияның ТРТ арнасы мәлімдеді. Мәліметке сәйкес, Африкада 100 миллионнан астам адам «апат деңгейінде» азық тапшылығына ұшырап...

Балқаш қаласы маңында ұшақ құлады

Балқаш қаласының авиациялық оқу орталығында СУ-30 СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада 2021 жылғы 16 сәуірде сағат...

Елордада 600 мың тұрғын вакцина алса, вирусты жұқтыру қаупі болмайды

Қазір бізде 49 мың адам бірінші компонентпен вакцинацияланды. Осылайша 50 мың адам 1 мамырға дейін иммундалған болады, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми...

Шымкенте дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған сәбиді аман алып қалды

Шымкент қаласында дәрігерлер кеңірдегіне түйреуіш тұрып қалған үш айлық сәбидің жанын сақтап қалды,-деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Тыныс алу жолдарына әлдене тұрып қалған сәби ауруханаға жеткізілген. Сәбиді...

Партия бағдарламасының сапалы орындалуын жастар да бақылай алады

Павлодарда «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 12 бағыты бойынша қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. 16 сәуірде өткен «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси...

Елімізден екі айдың ішінде 3,4 мың адам біржола көшіп кеткен

2021 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша елімізге 1398 адам келіп, 3422 адам біржола көшіп кеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы көші-қон қызметі органдарына сілтеме жасап...

Мархабат Байғұт: Елге қызмет етсем дейтін азаматтар қатарға қосылды

– Өте-мөте өркениетті, аса алпауыт саналатын Америка Құрама Штаттарында баяғы замандарда саяси партиялар бірталай болған көрінеді. Осы жағдайды онша жақтырмаған жалғыз жазушы Марк Твен:...

Қоғамдық кеңестер бюджет қаражатының тиімді және ашық жұмсалуын қадағаламақ

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен облыстық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Отырыс барысында «Nur Otan»...

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жас депутаттар корпусын Елнұр Бейсенбаев басқарады

«Nur Otan» партиясында Мәжілістің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың 600 жас депутатынан тұратын Корпус құрылды. Нұротандық жас депутаттар жастарды қолдау және заң шығару процесінде олардың...

Елімізде екі әуежай уақытша жабылады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі әуежайларды дамыту және жаңғырту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY. Кеңесте Шымкент, Орал, Өскемен, Үржар және Үшарал қалаларындағы...

Оңдасын Оразалин: Қоғамдық кеңесте жастарға басымдық берілуі тиіс

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының отырысында Өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Отырыс барысында...

Ұстаз бақыты – шыңдаған шәкірті

Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі – ұстаз. «Ұстаз» ұғымы ұлтымыз үшін қашан да қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие...

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...