331
Елбасының төрағалығымен дін көшбасшыларының VI съезі басталды
Елбасының төрағалығымен дін көшбасшыларының VI съезі басталды
Бүгін елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Съез жұмысының ашылу рәсімінде түрлі ұлт өкілдерінен құралған хор «Ақ көгершін» әнін орындады. Алқалы жиынға барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, сонымен қатар беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 46 елден 82 делегация қатысуда. Съездің мәртебелі мейманы - Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич. Жаһандық шараның басты және негізгі тақырыбы - «Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін».
Алтыншы съезд аясында «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретінде», «Құбылмалы геосаяси жағдайдағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкіндіктер», «Дін жаһандануы: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында» атты төрт бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді.
Айта кетейік, жалпы отырысқа дейін ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Діни лидерлер кеңесінің отырысы өткен болатын.