333
Қырғызстанда мерекелерге бөлінетін ақшаны қысқартуды ұсынады
Қырғызстанда мерекелерге бөлінетін ақшаны қысқартуды ұсынады
Қырғызстанның парламент депутаты Акылбек Жаманкулов Көшпенділер ойындарынан бөлек, жүздеген ұсақ мерекені атап өтуге мемлекет қазынасынан 3 млн доллар бөлінетінін айтып, мемлекеттік шараларды атап өтуге кемінде бір жылға мораторий жариялауды ұсынды, деп хабарлайды centralasian.org.
"Жылына 105 мерекелік шара! Егер мұны бір жылға бөлетін болсақ, Қырғызстанда әрбір үш күн сайын той – оның 90 пайызы қоғам білмейтін адамдардың мерейтойларын атап өтуге кетеді. Мемлекет мейрамдарға ақша бөлуді шектеу керек!", – дейді қырғыз депутаты Акылбек Жаманкулов.
Депутат мерекелік шараларды атап өтуге бір жылға мораторий жариялауды ұсынады. "Олар бұл ақшаға мектептер мен балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізсін. Таза сумен қамтамасыз етсін", - дейді ол.
Үкімет депутаттың үндеуіне жауап қайтарып үлгерді. Келер жылға мерекелік шараларды 80 пайызғы қысқартуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
Дүниежүзі көшпенділер ойындары – соңғы жылдары Қырғызстанда өтіп жатқан ең ірі имидждік жоба. Өткен айда болған бұл шараға мемлекеттен төрт жарым миллион доллар жұмсалды. Екі млрд доллар құрайтын Қырғызстан бюджеті үшін бұл өте ауқымды қаржы.
2018 жылы Көшпенділер ойындарынан бөлек жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойын ауқымды түрде атап өтіп жатыр.