Ауыр машина өндірісінің өркендеуі

Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында кәсіпорындарымызды жаңғыртуға және цифрландыруға бағытталған, өнімнің экспортқа шығуын көздейтін жаңа құралдарды әзірлеуді тапсырған болатын. Елімізде индустрияландыру бағдарламасының қарқынды жүзеге асырылуы арқасында  шикізат қана емес, неғұрлым күрделі өнімдер шығаруға бейімделе бастағанымыз қуантады.  Соның жарқын мысалы ретінде машина жасау саласының жаңа өнімдерін айтуға болады.

Қоғам өмірінің түрлі саласына қажетті құрал-жабдықтарды, машиналарды, станоктарды, құрылғыларды, сонымен қатар халыққа арналған тауарларды құрастыратын машина жасау өнеркәсібі елдегі агроөнеркәсіптік кешеннің, энергетикалық және металлургиялық сектордың, сондай-ақ, экономиканың басқа да негізгі салаларындағы қызметтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұл саланы кешенді жаңғырту мен оны халықаралық деңгейде алға жылжыту Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін арттыруға әрі еліміздің әлемнің озық 30 мемлекетінің қатарына қосылуға ықпал ететінін атап өткен болатын.

Асхана жабдықтарынан бастап, ұшақтарға дейінгі өндірілетін тауарлардың кең ауқымын қамтитын машина жасау өндірісі елімізде өткен ғасырдың 40-жылдарынан бастау алады. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде әскери қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін Кеңес Одағының еуропалық бөлігіндегі көптеген машина жасайтын зауыттар Қазақстанға көшірілді. Соғыс аяқталған соң бұл зауыттар кен өндіруге және ауылшаруашылық секторларына арналып қайта мамандандырылды. Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз машина жасау өндірісінің кейбір салаларын, атап айтқанда, станок жасау мен қозғалтқыштарды өндіру ісін тоқтатты. Оның орнына локомотив өндірісі, автокөліктер шығару сынды жаңа салалар қолға алынды. Электротехникалық жабдықтар секторы жаңа тынысқа ие болды.

Қазіргі таңда республикамызда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында машина жасаудың 6 секторы кең қанат жайып келеді. Атап айтқанда, автокөліктер жасау, мұнай-газ машиналарын шығару, ауылшаруашылық көліктерін құрастыру, тау-кен өндірісіне қажетті көліктерді дайындау, электротехникалық машиналарды жасау сияқты ірі-ірі секторлардың жұмысы өнімді. Мемлекет тарапынан аталған салаларға қолдау көрсетіліп, 2002-2016 жылдар аралығында оның даму көрсеткіші 77 пайызды құрады. Бүгінде елімізде жоғарыда аталған секторлардан бөлек, тау-кен-металлургиялық, ауылшаруашылық, мұнай-газ, әскери және көлік құралдарының өндірісіне де айрықша көңіл бөлінуде.

Әлемге танымал шетелдік ірі компаниялармен әріптестік қатынастың жақсы жолға қойылуы еліміздің бірнеше өңірінде көлік құрастыру зауыттарының пайда болуына алып келді. Соңғы он жылдықта Қазақстандағы машина жасау өндірісіне тартылған шетелдік инвестиция көлемі бес есеге ұлғайған. Қазір елімізде Toyota, General Electric, Talgo, General Motors, LG, Alstom және тағы басқа машина жасау өндірісінің әлемдік көшбасшылары жұмыс істейді. Бұрын шетелдерде ғана шығарылып, бізге импортталатын жапон, неміс, корей, орыс көліктері енді өз ішімізде құрастырылып, халыққа саудалануда. Бұл құбылыс ел ішіндегі ескірген жеңіл көліктердің азайып, олардың орнын сылаң қаққан жаңа көліктердің басуын жеделдетті.

Республикамызда теміржол машиналарын жасау ісі де еңсе тіктеді. «Қазақ­­­стан темір жолы» ұлттық компаниясының осы істі стратегиялық басымдық ретінде қабылдап, белсенді әрекет етуінің нәтижесінде осыдан он шақты жыл бұрын тек шетелдерден ғана көретін испан вагондары біздің еліміздің климатына бейімделіп, өз ішімізде шығарылуда. Сөйтіп, Кеңес Одағынан мұраға қалған ескірген вагондар санаулы жылдардың ішінде күрт жаңартылды. Компанияның құрылымдық бөлімшелері мұнымен ғана шектелмей, олардың қосалқы бөлшектерін де өз ішімізде шығаратын болды.

Ел Үкіметінің АҚШ-тың атақты «Дженерал электрик» компаниясымен іскерлік қарым-қатынас орнатуы теміржол көлігі саласында тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңірінде болмаған мүлдем жаңа күрделі технологияны құрастыру ісін игеруімізге мүмкіндік берді. Осы мәселеде қол жеткізілген уағдаластыққа байланысты 2006 жылы Астана іргесінен америкалық локомотивтерді құрастыратын жаңа кәсіпорын құрылысы басталған болатын. Ол тездетіп салынып, жұмысқа да кірісіп кетті. Осы уақытқа дейін ТЭ33А сериялы 300-ден астам жүк локомотиві, он шақты ТЭП33А сериялы жолаушы тасымалы локомотивтері шығарылған еді. Енді, міне, оларды өзіміз ғана тұтынып қоймай, таяу көршілерімізге де экспортқа шығара бастадық.

Мәселен, көктемде ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің Тәжікстан астанасы Душанбеге жұмыс сапары аясында Hyundai County маркасының қазақстандық 300 автобусын, 500 жүк вагонын, 4 маневрлік және магистральді локомотивті және 5200 тонна Р-65 маркалы рельстерін, сондай-ақ, ауқымы 30 мың тонналық Рогун ГЭС-інің құрылысы үшін «Арселор Миттал Теміртау» АҚ өндіретін арматураларды жеткізу туралы келісімге қол қойылды. Демек, өзара сауда айналымын 2 млрд долларға жеткізуге уағдаласқан Қазақстан мен Тәжікстанның экономикалық байланыстары әрі қарай өрістей түспек.

Жуырда отандық машина жасау саласының жарқын болашағына сенімімізді арттыра түскен тағы бір жылт еткен жаңалық Бакуден жетті. Әзірбайжан жолдарында Қазақстанда шығарылған заманауи электровоздар жүре бастапты. Келісімшарт бойынша, отандық зауыт бұл елге 50 электровоз жөнелтуі тиіс. Осы арқылы елдегі теміржол тасымалының көлемі едәуір артпақ.

Әзірбайжан мамандары қазақстандық электровоздарға жоғары баға беруде. «Қазақстаннан әкелінген электровоздардың бұрынғылардан артықшылығы, электрді аз жұмсап, көбірек вагон тарта алады. Үнемді техника. Машинистің кабинасы заманауи құралдармен жабдықталған», – дейді Баку локомотив депосының бастығы Ядигар Ширмамедов.

Қазақстандық электровоздардың қыр-сырын меңгеру үшін әзірбайжандық машинистер арнайы даярлықтан өткен. «Бұрынғы локомотивтердің жылдамдығы сағатына 100 шақырым болған. Ал жаңалары 160 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Сондай-ақ, бұл локомотивтер екі жүйелі, тұрақты және ауыспалы тоқпен де істейді. Ескі локомотивтер 15 вагон тартса, бұған 25 вагон жалғауға мүмкіндік бар», – дейді Вагиф Мусаев есімді машинист.

Қазіргі таңда қазақстандық электровоздар сынақтан өткізілуде. Ал келесі жылдан бастап жаңа локомотивтер Әзірбайжан аумағы мен шет елдерге жолаушылар мен жүк тасымалдай бастайды.

Бұл жаңалықты естігенде төбеміз көкке жеткендей болғанын несіне жасырайық?! Өйткені автобус, вагон, локомотив экспорттау дегеніміз астық, болмаса, шикізат экспорттау деген сөз емес. Бұл тасымалдың жөні бөлек, маңызы ерек. Бұдан былай мемлекетіміз адамның күші ғана емес, ақыл-ойы мен білімі жұмсалатын, осының нәтижесінде тауардың қосымша құнын қалыптастырып қана қоймай, сол өнімдерді сыртқа сатып пайда табатын елге айналғанын осыдан аңғаруға болатындай. Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында көзделген негізгі мақсаттардың бірі де осы емес пе еді?

Десе де, қол жеткізген бұл жетістіктер арқаны кеңге салуға болады деген сөз емес. Отандық машина жасау өндірісінің алдында бұдан да үлкен міндеттер тұр. Ең әуелі, бұл сала жаһандық өзгерістер мен заманауи жаңалықтарға дайын болуы қажет.  Белгілі сарапшы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының машина жасау және металл өңдеу комитеті төрағасының орынбасары Павел Беклемишевтің айтуынша, еліміздің импорт бойынша шығындарының 40 пайызы машина жасау өнімдерін әкелуге кетеді екен. «Бұл Қазақстанда машина жасау өнімдерінің нарығы, яғни сұраныс бар екендігін көрсетеді. Өткен жылы еліміздегі машина жасау өндірісі 960 миллиард теңгені құрады. Менің ойымша, импорттың біраз бөлігін өзіміз де өндіре алатын едік. Бізде ішкі нарық бар, алға қарай жылжуға себеп те жоқ емес. Алдымен өзімізде өндірсек, кейін экспортқа шығаруға да болатын еді», – дейді ол.

Ал еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батановтың сөзінше, 2018 жылдың басынан еліміздегі машина жасау өндірісі 2017 жылмен салыстырғанда, 12,2 пайызға өсіп, 384,6 млрд теңгені құраған. 2017 жылы бұл көрсеткіш 5,6 пайызға өсіп, 913,6 млрд теңгені құраған болатын. Машина жасау өндірісінде автокөліктер жасау саласының жоғары үлеске ие екені белгілі. Комитет басшысының айтуынша, өткен жылы республикамызда 19,5 мың автокөлік шығарылған.  «2017 жылы аталған саланың күрт дамуы нарықтағы сұранысқа, экспорт нарығының ашылуына, сонымен қатар мемлекет тарапынан жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасына байланысты болып отыр. Былтыр әрбір сатылған автокөліктің үшіншісі отандық кәсіпорындарда жасалған», – дейді А.Батанов.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы аясында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы қабылданған болатын. Машина жасау саласында да кәсіпорындардың әрі қарай дамуы мен бәсекеге қабілетті болуы өндірісті цифрландыру мен технологиялық жетілдіруге келіп тіреледі. Осы мақсатта Инвестициялар және даму министрлігі өнеркәсіпті цифрландыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Шетелдік әріптестермен біріге отырып 605 компания мен тау-кен-металлургиялық кешені зерттелген болса, оның 291-і машина жасау кәсіпорны. Бағалау нәтижелері бойынша кәсіпорындардың тек 3 пайызы ғана өндірісті автоматтандыру мен цифрландыру негізіне ие. Демек, аталған салада цифрландыру элементтерін енгізу жұмыстарына басымдық беру қажет. Соның арқасында өндірістің тиімділігі артып, өндірілетін өнімнің өзіндік құны төмендей түспек.

Редакция таңдауы

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...
Бас мүфти

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні...
Аманғали БЕРДАЛИН

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі...
Қаржы пирамидасы

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы...

Жаңалықтар

Алматыдағы көпқабатты үйдің тұрғындары Қайрат Нұртастың үстінен шағым түсірді

Әнші Қайрат Нұртастың басы тағы дауға қалды. Бұл жолы әнші Алматыдағы тұрғын үй кешенінің паркингінде бөтен орындарды иеленген, - деп хабарлайды zakon.kz. Zakon.kz сайтының редакциясына...

86 жастағы Қарағанды тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина алды

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Ботақара кентінің тұрғыны Қанат Жұмашұлы өз өңірінде алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы екпе алған. Ақсақал өзін және жақындарын індеттен...

Қарағандыда қоғамдық кеңестердің құрамы бекітілді

"Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының отырысында сайлауалды бағдарламаның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ететін өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары мен құрамы бекітілді. Онлайн-режимде...

Мешіт терезесін сындырып, садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Жамбыл облысында мешіттегі садақа жәшігінен ақша ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көкдөнен ауылының мешіт имамы xабарласып, түнгі уақытта...

80 жастағы зейнеткерді полицейлер екі рет ажалдан арашалап қалды (видео)

Түркістан қаласының 80 жастағы тұрғыны учаскелік полиция инспекторларына екі рет құтқарылған өмірі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды. Райхан Құрбанбаева Түркістанда тұрады....

Жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділова Талдықорғанда жерленді

Алматыда болған жантүршігерлік қылмыстың құрбаны Аяжан Еділованы Талдықорған қаласында жерледі. Қазақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл ақпаратты марқұмның бауыры Алмат Мүліков растады. «Бүгін, 16 сәуірде Талдықорғанда жерленді», -...

Даниал Ахметов: Кеңестердің жұмысы азаматтардың өтініштеріне негізделеді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындалуын қадағалайтын 12 өңірлік қоғамдық кеңестің құрамы бекітілді. Партия Лидерінің алға қойған міндеттерін ескере отырып, ең...

Кадыр түнінде мешітке жиналуға рұқсат па? – Бас мүфти жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Қадір түні мешіттерге жиналуға бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның...

Жаңаөзендік әйел 16 жастағы ұлын миы шайқалғанша ұрып-соққан

Жаңаөзен қаласында анасы баласын миы шайқалғанша ұрып-соққан. Енді ол ата-ана құқығынан айырылыуы мүмкін. Бұл туралы "Лада" басылымы хабарлады.  Басылымның дерегінше, оқиғаның мән-жайын қалалық аурухана дәрігері...

Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады

«Қазгидромет» 17-19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы 2-3 күнде Қазақстанда -12 градусқа дейін аяз болады. Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінен атмосфералық ауа ағынының әсерінен...

Жамбыл облысында сайлауалды бағдарламалардың орындалуын 10 қоғамдық кеңес бақылауға алады

Жамбыл облысындағы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асырудың Жол картасының орындалуын жаңадан құрылған 10 қоғамдық кеңес бақылайтын болады. Бұл туралы облыс әкімі, «Nur Otan» ...

Америкалықтар асырап алған қазақ баласы Қазақстаннан туған ата-анасын іздеуде

Ной Сак Маршалл Қазақстанда туған, екі жасында оны америкалықтар асырап алған. «Менің атым – Ной (туғанда Каримов Сұлтан Үмітұлы деген аты-жөні болған). Мен 1999 жылғы...

Атырау қаласының тұрғынынан бір тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Атыраулық полицейлер арнайы операция барысында бір тоннаға жуық бекіре балығын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы ПД 15 сәуірде "Бекіре-2021" арнайы операциясының нәтижесінде Атырау...

Түркістан: 12 қоғамдық кеңес сайлауалды бағдарламаны жүргізуге белсенді қатысады

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Мәжіліске Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев төрағалық етті. Күн...

Түркістан музыкалық драма театрының директоры тағайындалды

Түркістан қаласы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" басшысының бұйрығымен Түркістан музыкалық драма театрының директоры қызметіне Көпбасарова Айнұр Сайлаубайқызы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан қаласы әкімінің...

CureVac вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтеді

СureVac неміс вакцинасы жасөспірімдер арқылы сынақтан өтпек,-деп хабарлайды Хабар 24. Клиникалық сынаққа 12-17 жас аралығындағы 40-қа жуық Перу мен Панамалық жасөспірім қатысады. Бұған дейін неміс...

Әсел Қалиева: «Мыстан» сериалына түскеннен кейін ешкіммен сөйлескім келмей қалды

Өткен жексенбі 11 сәуір күні «Мыстан» веб-сериалының соңғы кадрлары түсірілді. Бұл Salem social media мен ARTDealers компаниясының бірінші ортақ жұмысы. Түсірілім жұмыстарының басқа жұмыстарға...

Белгілі журналист «Cамұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс жөніндегі директоры болып тағайындалды

«Самұрық-Қазына»  ұлттық әл-ауқат қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар жөніндегі директоры болып Марат Мұхамедсалиев тағайындалды. БАҚ және PR саласында 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. Әр...

Жол бойында төбелес шығарған жүргізушілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Елордадағы жол бойында болған төбелес үшін жүргізушілер жазаланды, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті. Мониторинг барысында Бөгенбай батыр даңғылы бойында «Газель» және «Мерседес» маркалы...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент Жарлығымен Марат Ахметжанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Марат Ахметжанов 1964 жылы 22 желтоқсанда дүниеге...

Отандық кинематографтар шетелдіктермен бірлескен 3 фильм түсіріп жатыр

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәліметінше, шетелдік және халықаралық кинокомпаниялар біздің еліміздің кино нарығына қызығушылық танытуда. Қазақстандық кинематографтар шетелдік әріптестерімен бірлескен 3 жобаны қолға...

Алик Шпекбаев қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз...

Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басшысы қызметінен босатылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Басты мақсат – партияның Сайлауалды бағдарламасын сапалы іске асыру

Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы А.Баталовтың төрағалығымен облыстық Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Күнтәртібіндегі бірқатар сұрақ бойынша Бюро мүшелерінің дауыс беруімен құжаттар,...

«NurOtan»: партиялық бастамаларды жүзеге асыру үшін 9 кеңес құрылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев білім мен ғылымды дамыту жөніндегі өңірлік кеңесті басқарды. Кеңес құрамындағы 5 нұротандық – осы саланың...

Ақын Есенғали Раушанов дүниеден өтті

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов дүниеден өтті. Қайғылы хабарды ақын Ақберен Елгезек Facebook желісіндегі парақшасында жеткізді. Ол 1957 жылы 5...

Өткен тәулікте 2700-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2656 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 601 Алматы қаласы - 673 Шымкент қаласы -...

Қазақстандық боксшы қыз Франция чемпионын нокдаунға түсірді

Қазақстандық Айшагүл Елеубаева Польшаның Кельц қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізді. Айшагүл өзінің француз қарсыласын төрт рет нокдаунға түсірді,...

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігіне студенттер оқ атқан

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Щучинск қаласында жедел жәрдем автокөлігінің терезесін зақымдағандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде 17 жастағы күдікті мен оқиғаның екі куәгері...

16 сәуір: ел тарихындағы маңызды оқиғалар күнтізбесі

1918 жылы 16 сәуірде Орынборда қазақ тілінде «Қазақ мұңы» газетінің алғашқы саны шығарылды. Газет Әліби Жангелдиннің бастамасымен құрылған. «Қазақ мұңы» большевиктер саясатын насихаттап, Алаш...

Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтінім қабылдау басталды

«Ұлттық тестілеу орталығының» мәліметінше, өтінім қабылдау app.testcenter.kz сайтында 15 сәуір сағат 17.00-де басталды және бос орындар аяқталғанға дейін жалғасады. Тіркелу кезінде ҰБТ тапсыратын күнді, уақытын...

Қазгидромет бүгінге арналған ауа райы болжамын ұсынды

16 сәуірде республиканың басым бөлігінің ауа райына антициклон жотасының ықпалы сақталады. Осыған орай жауын-шашынсыз күн райы болжанады. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, республиканың тек оңтүстік...

“Грэммиі” мен “Приорасы” бар: Иманбектің желідегі суреті жұртты сүйсіндірді

Instagram желісіндегі @nursultan.city парақшасында “Грэмми” сыйлығын иеленген Иманбек Зейкеновтің көлігін жөндеп жатқан суреті жарияланды.  “Грэммиі” бар адамның “Приорасы бар”. Бір уақытта. Мұндай жағдайды бола бермейді....

ШҚО-да балалар үйінің бұрынғы басшысы 63 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысындағы балалар үйінің директоры мен есепшісі жемқорлық бойынша күдікке ілінді,-деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл мәселе алғаш рет 2019 жылдың қаңтарында, балалар үйінің 160 қызметкері...

Мемлекет басшысы көрсеткен 7 басымдық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Мәжілістің қызметке кірісуі еліміз үшін символдық мәні бар екі оқиғамен тұспа-тұс келіп отырғанын айтты. Оның...

Қаржы пирамидасынан қашанғы опық жейміз?

2020 жылы елімізде қаржы пирамидаларының саны күрт өсіп, қа­тарына адам қосу арқылы жүретін «бизнестен» келген залал он есе артқан.  Елімізде ең алғашқы қаржы пирамидасы...

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Станислав Канкуровтың Алматы қаласы мәслихатының хатшысы лауазымына сайлануына байланысты «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының қызметіне жаңа кандидатура қаралды. Партияның Алматы қалалық филиалының...

Дәурен ҚУАТ: Жер сатылмайды, бірақ оны тиімді пайдаланудың тетігін жасау керек

Дәурен ҚУАТ, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, Жер комиссиясының мүшесі – Дәурен мырза, Жер комис­сия­сы­ның мүшесі екеніңізді білеміз. Осы комиссия құрамына өзіңізді ша­қырғанда ойыңызға не келді? –...

Мінсіздік теориясы немесе жақсылардан жаттық іздеу надандығы хақында

Неге екенін кім білсін, қазақ жылқы се­кілді «тістеп сүйеді» деген сөздің жаны бар. Бұл ретте де «Қазақтың өлісінің жаманы жоқ, тірісінің өсектен аманы жоқ»...

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ерекше көпір салынады

Алматы әкімдігінің 2022 жылға дейінгі даму жоспарындағы Әл-Фараби даңғылындағы ерекше көпір һәм таңғажайып саябақтың нобайы таныстырылды. Жаяу жүргіншілер көпірі жасыл желекті қалыптастыратын қаладағы жаңа символға...

500 ғалым мемлекет есебінен шетелде тағылымдамадан өтеді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, – деп хабарлады Ақорда. Биылдан бастап Мемлекет басшысының...

Air Astana Алматы-Батуми бағытында жаңа рейс ашады

15 мамырдан бастап аптасына 3 рет, дүй­сенбі, сәрсенбі және сенбі күндері Алма­ты­дан Батумиге тұрақты рейс қатынайды. Рейстер Airbus A320 лайнерлерімен жүзеге асырыла­ды. Дүйсенбі мен сәрсенбіде KC...

Түркістанда тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне 30 миллион ағаш отырғызылады

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өңірде 30 млн. ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылуда, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз...

Алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін берді

Елордада алимент төлемеген борышкер баласына пәтерін жазып берді, – деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы. «2020 жылғы 19 наурызда А. есімді...

Атажұртқа алғаш көш бастаған қандастар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар, шетелдегі қандастардың атажұртқа бастаған көшіне де 30 жыл толды. Осынау тарихи сәтке мұрындық болып, үлкен игі іс атқарған...

Батыс Африка балаларына білім беріп жүрген Лаура

Туған жылы: 1981 Туған жері: Жамбыл об­лы­сы Жамбыл ауданы Жасөр­кен ауылы Білімі: Жамбыл техника­лық-гу­манитарлық университеті Қызметі: Ломедегі британдық мек­теп (Батыс Африка, Того мемлекеті) Қазіргі таңда қазақстандық мұғалімдер штаб-пәтері...

Елтаңбаны қоқысқа тастаған кім – Прокуратура тексеріп жатыр

Павлодар облысындағы ауылдардың біріндегі қоқыс үйіндісінде Елтаңба мен прокуратура тақтайшасы табылды. Құзырлы органдар мемлекеттік символ қалай қоқыста қалғанын анықтауда. Tengrinews.kz сайтының жазуынша, Instagram желісінде жарияланған...

Қазақстанда киік санағы басталды

Қазақстанда киіктердің санын анықтау үшін тікұшақпен әуеден санау басталды. «14 сәуірде ҚБСҚ қызметкерлері ұшу алдындағы дайындықты өткізді: есептеушілерге арналған тренинг жүргізілді, маркерлерді орнату және есеп...

Вакцина алған адамға коронавирус неліктен жұғады – ДСМ жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті вакцинациядан кейін 16 қазақстандықтың коронавирус жұқтыру жағдайын түсіндірді. Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев елімізде қолданылатын коронавирусқа қарсы вакцинаның құрамында...

Хан Кененің қазасы

Өткен жылдың соңын­да әлеуметтік желі­де қырғыз жазушысы За­мирбек Осоров пен «Бей­бітшілік үшін күрес» қоғам­дық қорының мүшесі Вале­рий Яковлевтің қа­зақтың ханы Кенесарыға Бішкектің төрінде ескерткіш...

Тауардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса маңызды – Сенатта заң жобасы қабылданды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата отырысында «Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде талаптар белгіленбеген өнімнің Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі айналысының тәртібі және мұндай...

Сөздік құрастыруға қазақстандық ғалымдар көмектеседі

Газетіміздің 2021 жылғы 18 ақпандағы (№07) санында Оңтүстік Кореяның Хангук шет тілдері университетінің түлегі әрі қызметкері Цой Ён Сонның (қазақша есімі – Нұрай) «Қазақ-кәріс...

Білім сайысы мәресіне жетті

2021 жылы сәуір айының алғашқы күндері күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жыл сайынғы дәстүрге айналған «Халықаралық Фараби оқулары» атты халықаралық ғылыми іс-шара өтті....

Елімізде ғылыммен айналысуға кедергі жоқ

Қоғамда «Жастар ғылым саласына қызықпайды» деген таптаурын көз­қарас қалыптасқан. Оған себеп те жоқ емес. Ғылымның болашағына деген күмән, ғылыми институттардың материалдық-техникалық базасы­ның әл­сіздігі, жалақының...

Вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды – ДСМ

Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті СOVID-19 инфекциясына қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты.  «Қазіргі уақытта вакцинациядан кейін (бірінші және екінші кезең) коронавирус...

Карантин құрсауы кәсіпкерлікке ауыр соққы болды

Елімізде коронавирус қайта өршіді. Республика аума­ғында вирустың мутацияланған түрі анықталғалы бері індет жұқ­тыр­ғандардың тәуліктік өсімі күннен-күнге ар­тып келеді.  «Қызыл» аймаққа енген өңірлерде шектеу шара­­­лары...

Ерке Есмахан: Ораза ұстамауымның жақсы бір себебі бар

Әнші Ерке Есмахан өз тыңдармандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, ораза тұтқан жамағатқа тілегін айтты. Әншінің өзі биыл ораза ұстамаған екен. Айтуынша, оның жақсы...

АҚШ-та метеорит құлады

АҚШ-тың Флорида штатындағы Уэст-Палм-Бич қаласына метеорит құлады. Американың American Meteor Society метеор қоғамының операциялық менеджері Майк Хэнки оның Жер атмосферасына кіргеннен кейін жалындаған болид...

Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Танымал әнші, «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК директорының міндетін атқарушысы Сәкен Майғазиев коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Әнші Шымкенттегі Медикер орталығында «Спутник V» екпесін...

Кемелдік келбеті

Саясатты мемлекет басқар­ған тұлғалар жасайтыны бел­гілі. Сондай-ақ, саясат жайын­­да аса ауқымды талдаулармен ел бо­ла­шағы үшін істелген іс­тердің мән-ма­ғы­насын жан-жақ­ты түсіндіріп беретін де солар. Өйткені...

Елімізде вакцина салдырғандар саны жарты миллионнан асты

Денсаулық сақтау министрлігі Telegram каналында еліміз бойынша вакцина алғандар азаматтар бойынша мәліметтерді жариялады. 2021 жылғы 15 сәуір күнгі деректер бойынша: Нұр Сұлтан қаласында І компонентпен...

Дания AstraZeneca вакцинасын қолданыстан шығарды

Дания AstraZeneca COVID-19 вакцинасын қолдануды толығымен тоқтатқан алғашқы ел болды, - деп хабарлайды Reuters. Дания билігі қан ұю қаупі туралы хабарламаларға байланысты AstraZeneсa вакцинасын қолдануды...

Түркістанның 1500 жылдығын атап өткендегі мәлімет жаңсақ, көне қаланың 3 мың жылдық тарихы бар – тарихшы

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік ірі ғалымдар, археологтармен «Түркістанға 3000 жыл» атты дөңгелек үстел өтті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің...

Тәуелсіздік күнтізбесі: 15 сәуірде қандай елеулі оқиғалар болды?

1993 жылы Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігінде Елшілігі ашылды. 2005 жылы Лондонда Қазақстан Республикасы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның Ұлыбританиядағы өкілдігі ресми ашылды. 2006 жылы Түркия Республикасының беделді...

Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің бойындағы 18 ауылды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Қазір өңірде Сергеев су қоймасы тасып жатыр.

Мәжіліс жер туралы заңды Сенатқа жолдады

Мәжіліс ауылшаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен сатуға тыйым салатын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Atameken Business.  Тарихи құжат осылайша Сенат қарауына...

Өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус анықталды

Елімізде өткен тәулікте 2 641 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия. Өңірлер бойынша мәлімет: Нұр-Сұлтан қаласы - 650, ...

Алматыда жаңа тоғыз саябақ ашылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың 2021 жылғы дамуы туралы, атап айтқанда жақын арада салынатын саябақ аймақтары туралы айтты, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. Алматыда...

Қырғыз Республикасында қазақ диаспорасының экс-басшысы ұсталды

Қазақ диаспорасының экс-басшысы Марат Тоқтаучиков Қырғызстандағы мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұсталды. Кеше Қырғыз Республикасының МҰҚК екі азаматты мемлекеттік опасыздық ісі бойынша ұстау туралы ақпарат таратты....

Жаңа қаулы: ШҚО-да шектеу шаралары ұзартылды

Шығыс Қазақстан облысында шектеу  шаралары 2021 жылғы 15 сәуірден 28 сәуірге дейін ұзартылады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. ШҚО Бас мемлекеттік санитар дәрігері Қанат Тұрдиев 2021 жылғы...

Қайыңды көлінің ортасында матраста жатқан қыз елдің ашуына тиді

Қазақстандықтар Қайыңды көлінде бейнеролик түсірді. Кадрлардан бір қыздың су артасында қалқып тұрған үрлемелі матрастың үстінде жатқанын көруге болады. Оның ұлттық парк аумағындағы әрекеті жұртты...

Жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдемге оқ атылды

Щучинск қаласында жүкті әйелді ауруханаға апара жатқан жедел жәрдем көлігіне оқ атылды. Оқиға 11 сәуірде кешкісін болған, деп хабарлайды Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы. Көлікте...

Тұрғын үй нарығы тұрақтайтын болды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мамырда жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның өсуі түпкілікті тоқтайтынын, бағалар тұрақтанатынын мәлімдеді. – Біз апта сайын жылжымайтын мүлік...

«Махаббат қызық мол жылдар» жаңа форматта қайта басылып шықты

Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы «Фолиант» баспасынан жаңа форматта қайта басылып шықты. Бұл туралы ҚЖО-ның Нұр-Сұлтан...

«Нурикамал» әнінің кейіпкері қайтыс болды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейітжанқызы дүниеден өтті. Нурикамал Сейітжанқызы 1949 жылғы 12 наурызда Ақмола облысығ Державин ауданының Братолюбовка ауылында туған. Ұзақ жылдар лауазымды қызметтер...

Қандай препарат екені құпия: Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Ресей президенті Владимир Путин екінші рет коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Алайда Кремль қандай препарат екенін нақты жариялаудан бас тартты. Владимир Путин алғашқы вакцинаны 23 наурызда...

Атырау тұрғыны 30 жылдан кейін жаңа құжат алды

Анатолий Жбанов бұған дейін төлқұжатын 32 жасында өзгертіпті. Қазір ол 63 жаста. Осы уақыт ішінде ол Кеңес одағы кезіндегі төлқұжатпен жүрген. Бұл туралы Orda.kz...

Мемлекет басшысы Мәулен Әшімбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламенттің жоғарғы Палатасының заң шығарушылық қызметі туралы мәлімет берілді. Мәулен Әшімбаев Сенаттың...

Tesla компаниясы 357 мың доллар жалақыға қызметкер таба алмай жатыр

Tesla компаниясы Германияда салынып жатқан электромобиль шығаратын зауытқа қызметкерлер жалдау мәселесіне байланысты қиындыққа тап болды. Өндірісті 2021 жылы іске қосу жоспарланғанымен, көптеген жұмыс орны...

«Бақытты отбасы» жобасы аясында мәселелер шешімін тауып жатыр

Түркістанда «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында құрылған Түркістан облыстық жедел әрекет ету тобының отырысы өтті. Оған топ құрамына кіретін облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары мен...

Әлия Назарбаева ерлік жасағандарды марапаттайды

 «Жандану әлемі» қайырымдылық қорының, Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева Adam Bol Awards жобасының жаңа кезеңі басталғанын Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады....

Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

Сақтаған Сәдуақасов Нұр-Сұлтан қаласындағы Nur Otan партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Сақтаған Сәдуақасов еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің талдау және...

АҚШ президенті 11 қыркүйекке дейін Ауғанстаннан әскерін шығаратынын мәлімдеді

Америка Құрама Штаттары бірінші мамырдан бастап барлық күштерін Ауғанстаннан шығаруға кіріседі", - деп мәлімдеді Evorus.com. Америка президенті Джо Байденнің жоспары туралы ақпарат Washington Post газетіне...

Актер Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді

Тәуекел Мүсілім ұлына әкесінің тегін берді. Актер ұлының суретін ашық жариялап, толық аты-жөнін жазды.  Тәуекел Мүсілім жақында әке атанып, ұлына ерекше есім қойған еді. Анасының...

Алматыда дәрігерлер денесінің 85 пайызын күйік шалған жігітті құтқарды

Алматыда №4 аурухананың дәрігерлері денесінің 85%-ын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы 7-region.com хабарлады. Белгілі болғандай, студент 2 ақпанда бензин құйылған құтының...

15 сәуірде елордада сегізінші веломаусым басталады

15 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады. Сәуір айының соңына дейін пайдаланушыларға 850 велосипед пен 154 велостанция қолжетімді болады. Ауа-райының...

«ПСЖ» «Бавариядан» жеңіліп, Чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты

"ПСЖ Чемпиондар лигасының 1/4 финалының қарымта матчында "Баварияға" есе жіберді, бірақ екі матчтың қорытындысы бойынша турнирдің келесі кезеңіне өтті. Ханс-Дитер Фликтің командасы өз атағын...

Қай уақытта баспана алған тиімді? – Министрлік жауап берді

Жылжымайтын мүлік нарығындағы баға 2021 жылдың жазында тұрақтануы тиіс, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев. Қазақстанда тұрғын үй кезегінде 565 мың...

Бекболат Тілеухан аталық және аналық ұрық туралы мәселе көтерді

Парламент Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан бір әкеден тараған жандардың бір-бірне үйленуінің алдын алу үшін аталық және аналық ұрықтың жалғыз бір ғана базасы болуы керектігін...

Эпидахуал: Бір өңір «жасыл» аймаққа өтті

Еліміздің 14 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр. Шымкент, Жамбыл, Қызылорда,...

Елімізде екі жаңа комитет құрылды

Мәдениет және спорт министрлігінде екі жаңа комитет құрылды. Сондай-ақ мәдениет министрлігі жанынан жұмыс істейтін геральдикалық зерттеулер орталығы ашылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің 2021...

ANTIKOR: мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарлары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру барысына кешенді мониторинг жүргізу үшін еліміздің бірқатар өңіріне барды. Агенттік Төрағасының бірінші...

Ертіс өзенінде балықтардың неден қырылғаны белгілі болды

9 сәуірде Өскемен қаласында орналасқан «Samal» саябағындағы Ертіс өзенінде балық қырылғандығы хабарланған болатын. Осыған қатысты «Балық шаруашылығы ҒӨО» ЖШС-нің Алтай филиалы, ШҚО Табиғи ресурстар және...

Ауылдарда үй салуға 110 мың жер учаскесі беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев 2021-2025 жылдар аралығында тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту үшін жыл сайын 170 млрд теңге бөлініп отыратынын...

Жүлде қоры 11 млн. «Алтын тобылғы – 2021» әдеби байқауы жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры  еліміздегі ең үздік жас ақындар мен жазушыларды анықтайтын дәстүрлі «Алтын тобылғы» әдеби байқауын жетінші рет ұйымдастырып отыр. Байқаудың басты мақсаты — қазіргі заманғы...

5 мың пәтер беріледі: «Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды

«Бақытты отбасы» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды. Биыл бұл бағдарламаға 50 млрд теңге бөлініп отыр. «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, былтыр банк үшін...

NASA Қазақстанға алғыс білдірді

АҚШ Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Қазақстанға NASA миссияларын қамтамасыз еткені және ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді, – деп жазды Tengrinews.kz. «Біз адамның ғарышқа халықаралық...

«Самұрық-Қазынада» бірнеше директор қызмет ауыстырды

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да бірқатар кадрлық тағайындаулар болды. Активтерді басқару жөніндегі Басқарушы директор болып Болат Ақшолақов, ал Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі Басқарушы директор лауазымына Марат...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың кезекті жаңа қаулысы жарияланды. Құжатта «Ashyq» пилоттық жобасын қолдану арқылы театрлар мен караокелердің, банкет залдарының қайта жұмыс...

Коронавирус: 800-ден астам науқастың жағдайы ауыр

14 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339...