243
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәліметтерді жариялады
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы туралы мәліметтерді жариялады
ҚР Ұлттық банкі 2018 жылғы 2-тоқсандағы Қазақстанның сыртқы қарызындағы өзгерістер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 164,4 млрд АҚШ доллары болды. Бұл көрсеткіш ІЖӨ-ге қатынасы 96,3% болса, жыл басынан бастап 6,3%-ға жақсарған.
«Сыртқы қарыздың құрылымына келсек, 63,0%-ы фирмааралық берешек, 26,1% кредиторларға қатыссыз «басқа секторлардың» сыртқы қарызы, 7,2% - мемлекеттік сыртқы борышы (Үкімет пен Ұлттық Банк), 3,7% - «банктер» секторының сыртқы міндеттемелері (ЕДБ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) болып отыр», - делінген хабарламада.
2018 жылғы 2-тоқсанда елдің сыртқы борышы 2,2 млрд АҚШ долларына қысқарды.