Ардагерлерге арналған «ашық есік күні»

Ардагерлерге арналған «ашық есік күні»

Ардагерлерге арналған «ашық есік күні»
ашық дереккөзі
641
«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында Алматы қалалық №11 емханасында Ұлы Отан соғысының  ардагерлері мен тыл майданына қатысушыларға арналған «Ашық есік күні» өтті. «Ашық есік күні» аясында ардагерлер медициналық тексерістен өтіп, дәрігерлердің кеңестерін тыңдады. Арнайы ем алған қарттарға дәрігер-кардиолог, эндокринолог және отбасылық дәрігерлер кеңестерін берді. Сонымен қатар, үй күтіміндегі ардагерлер де қараусыз қалған жоқ. Оларға сапалы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді. «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл және еңбек жұмысшыларының төзімділігі, ерен еңбектері мен табандылықтарының арқасында біз осындай бейбіт өмір сүріп жатырмыз. Оларға деген құрмет көрсету біздің қасиетті борышымыз. Тарихымызды, өткенімізіді ұмытпау, үлкенді, қарттарымызды  сыйлау және оларға қамқорлық жасау – іс-шараның негізі де осы. Қарттарымыз үшін  біздің есігіміз әр күні ашық», – дейді емхананың бас  дәрігері Майра Жүнісова.

Серіктес жаңалықтары