100 нақты қадам: Өңірлік академия – мемлекеттік қызметшілерге үлкен олжа

Сондай-ақ!

Әшімбаев: Оралмандар мемлекет есебінен күн көргісі келеді

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтің пікірінше орыстардың Қазақстаннан үдере көшуі жақсы үрдіс емес. Сарапшының stanradar.com сайтына берген сұхбатынан қысқа да нұсқа үзінді ұсынады. Былтыр біздің елден 45,2 мың адам...

1 желтоқсанда отшашу және бұқаралық іс-шаралар өту-өтпеу туралы белгілі болды

1 желтоқсанда Нұр-Cұлтан мен Алматыда сауда ортылықтары мен қоғамдық көліктің жұмыс режимі белгілі болды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі Тұңғыш Президент күні қоғамдық көлік қалыпты режимде...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке компанияның қызметкерлері 3 күн бойы мұздың қатуы салдарынан жағалауға жете алмаған., -...

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

Өткен аптада киелі Әулиеата өңіріне ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев арнайы іссапармен келді. Агенттік төрағасы ең алдымен ҚР  Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының жаңа ғимаратының ашылу салтанатына қатысып, жұмысымен танысты.

Мемлекеттік қызметшілерді оқытудың бірыңғай жүйесін құру аясында ашылған филиал өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби дамыту орталығына айналмақ. Жыл сайын филиал базасында облыстағы мемлекеттік органдардың 2 мыңға жуық қызметкері қайта даярлау мен біліктілік арттыру курсынан өтіп тұрады. Филиал ғимаратының ашылу салтанатында агенттік төрағасы Алик Жатқамбайұлы мен облыс әкімі Асқар Мырзахметов ғимарат алдына қойылған ескерткіш тақтаға қолтаңбаларын қалдырды.

Үш қабатты зәулім ғимаратты аралап көрген А.Шпекбаевқа ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова жаңа ғимараттың нәтижелі жұмыс жасауға мүмкіндік беретінін жеткізді. Ал аймақ басшысы Асқар Мырзахметов стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуде мемлекеттік қызметшілерге жүктелетін жауапкершілік жүгі жеңіл емес екенін, сондықтан да сала мамандарын кәсіби дамытуға айрықша назар аударылып жатқанын атап өтті.

Мұнан кейін агенттік төрағасы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының мәжіліс залында «Кәсібилендіру мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды факторы ретінде: аймақтық контекст» тақырыбында өткен аймақтық семинар-кеңеске қатысты. Жиында баяндама жасаған өңір басшысы Асқар Исабекұлы салада атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, өзінің бірқатар ұсыныстарын да жеткізді. «Академияның облыстық филиалы өз дәрежесінде жұмыс жүргізуі үшін ең алдымен материалдық-техникалық базасын жақсарту керек екеніне көзіміз жетіп, бүгін жүйелі жұмыс жасауға біршама кедергісін келтіріп тұрған мәселе түбегейлі шешімін тапты. Алайда осы күнге дейін де филиал мамандары өздеріне артылған жауапкершілік жүгін абыроймен көтере білді. Филиалдың жоспарына сай жергілікті жерлерден келген мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін шыңдады. Сондықтан облыстық филиалда білімі мен кәсіби біліктілігін арттырған мемлекеттік қызметшілер аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына аянбай үлес қосарына сенімдімін», – деді Асқар Мырзахметов.

Алик Шпекбаев филиал жұмысына оң баға беріп, мұндағы жан-жақты жасалған жағдайдың мемлекеттік қызметшілердің деңгейін өсіруде ықпалы мол екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол өз сөзінде бүгінгі таңда заманауи құқықтық мемлекетке айналғанымызды, бұл мақсатта Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы, «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң әзірленіп, өз нәтижесін беріп жатқанын жеткізді. Алқалы жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша орамды ойлар ортаға салынды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс активімен кездесті. Басқосуды облыс әкімі Асқар Мырзахметов ашып, жүргізіп отырды.

Жиында сөз алған Алик Жатқамбайұлы облыстағы тындырымды тірліктерге көңілі толатындығын айтып, бірқатар шаруаларға таңданысын да жасырмады. «Таңертеңнен бері бірқатар нысандарды аралап көрдім. Тетігін тапқан тірліктер мен жүйелі жұмыс көзге көрініп-ақ тұр. Жаңадан ықшам­аудандардың бой көтеріп жатқаны облыс экономикасы мен әлеуметтің әлеуеті артқанын айғақтауда. Әсіресе, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының ғимаратын көріп, тәнті болдым. Өңірлік академияның материалдық базасы мен оқытушылар құрамы бойынша өзгелерден оқ бойы озық тұр. Енді жамбылдықтардың Астанаға ағылып, біліктілігін арттырудың қажеті жоқ. Өйткені барлық талапқа сай бөлімше мұнда да қызметін бастады. Осындай бастамаға ұйытқы болған Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовке айтар алғысым шексіз», – деген Алик Шпекбаев одан әрі Елбасының тапсырмасыман айқындалған Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жұмысының басым бағыттарына тоқталды.

Бүгінде кез келген өтініш білдіруші мемлекеттік қызметке 3 кезеңнен өтіп барып келеді. Бұрынғыдай бір қоңырау шалдырып, қызметке келе қаламын деген дүние жоқ. Заң бәріне ортақ.

2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бастапқы жемісін бергенімен, біз биыл бұл бастаманы тағы жандандыра түсудеміз. Нақтырақ айтсақ, агенттік бұған дейін жемқорларды құрықтаумен айналысқан болса, енді сыбайластықтың алдын алу шараларына басымдық береді.
Тағы бір өзгешелік, 2019 жылдан бастап мемлекеттік қызметте адалдық танытқан мамандар арнайы қаржылай бонустарға ие болады. Яғни, қызметтегі қырағылығы мен белсенділігінің арқасында лауазымына қарай мемлекеттік қызметші жылдық табысының еселенген мөлшеріне қол жеткізе алады. Бұл халықаралық тәжірибеде бар нәрсе. Мемлекеттік қызметшінің мәртебесін арттыру үшін біз осы жүйені заңдық нормаға енгізіп отырмыз.
Келер жылдың тағы бір жаңалығы – Елбасының тапсырмасына сай барлық мекемелер үнемдеу мен оңтайлануға көшеді. Яғни, штаттық бірлігін оңтайландыру арқылы мекеме басшылары өзге мамандарының айлық жалақысын өсіруге құқылы. Және мекемелер үнемдеудің өзге жолдарын да қарастыруға мүмкіндіктері бар, – деген Алик Жатқамбайұлы алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілер резерві және «Болашақ» бағдарламасымен шетелде білім алып келген жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту жұмыстарына да басымдық берілетінін айтты.

Алик Шпекбаев өңірдегі іссапары барысында қайта жаңғырған «Жеңіс» саябағы мен «Ақыртас» тарихи кешенінде болып, мұндағы жасалған жұмыстармен танысты.

 

Сайын Дәулетұлы

Жамбыл облысы

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Руслан Царев: Қайсы рудан екенімді білгім келеді

Қазақстандағы күрес жанкүйерлері Руслан Царев есімін жақсы таниды. Грек-рим күресінен Қырғызстан ұлттық...

Түлкібас ауданының оқушылары әлемдік рекордты жаңартты

Түлкібас ауданының оқушылары Гиннес рекордтар кітабына енуі мүмкін, деп хабарлайды Otyrar.kz. Гір көтерумен...

Қарттар үйінде тұрған зейнеткер мұрасын көршілеріне қалдырды

Германия тұрғыны 7,5 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты көршілеріне өсиет етіп мұраға...

Илья Ильин – ғылыми қызметкер

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы да жаңа қызметке...

Қарағанды облысында көпқабатты үйден өрт шығып, екі адам қайтыс болды

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты.  Өрт...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...