АҚШ: ТӨРТ МИЛЛИОН МИГРАНТ

Жыл сайын АҚШ қазан айынан бастап келесі жылғы қазан айына дейінгі аралықта 310 мың босқын мәртебесін алуға үміткерді қабылдайды. 2017 жылдың наурыз айында АҚШ президенті Дональд Трамп мигранттарға қатысты тәртіпті қатаңдатып, Таяу Шығыс пен Африканың бірнеше елінің азаматтарына елге кіруге уақытша тыйым салған еді. Соның әсері болса керек, биыл АҚШ бар-жоғы 45 мыңға жуық мигрантты қабылдау туралы шешім шығарып отыр.

Ресми деректер бойынша АҚШ 2001 жылдан бері 4 миллионнан астам шетелдікке босқын мәртебесін берген. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның баспасөз мәслихатында айтқан сөзіне қарағанда, бүгінде Америка Құрама Штатында босқын мәртебесін сұраған 800 мыңнан аса адам бар көрінеді. Сонымен бірге, 2019 жылы 30 мың босқынды қабылдап, осы мәртебені алуға үміткер 280 мың адамның өтінішін қарастыратын көрінеді. АҚШ-тың босқындар жөніндегі саясаты елдің ұлттық мүддесін қорғауға негізделе отырып, әлемде АҚШ-тың көмегіне зәру мемлекеттерге қолдау көрсетуді күшейту көзделген.

Back to top button