ПАРИЖ ТҮТІНСІЗ КӨЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ

ПАРИЖ ТҮТІНСІЗ КӨЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ

ПАРИЖ ТҮТІНСІЗ КӨЛІКТІ ҚАЛАЙДЫ
ашық дереккөзі
305
Францияның астанасы Париж қаласында бір күнді көліксіз өткізу шарасы өтті. Бұл бойынша қалада күндізгі сағат 11.00-18.00 аралығында көлікпен жүруге тыйым салынып, тек велосипед пайдалануға рұқсат етілді. Сонымен бірге таксиге және қоғамдық көліктерге сағатына 20 шақырымдық жылдамдықпен жүру ұсынылды. Қала билігі бұл экологиялық шараны осымен төртінші рет өткізіп отыр. Қоршаған ортаны таза ұстауға арналған бұл шара қала тұрғындары тарапынан қызу қолдау тапқан. Еуропаның халық көп тұратын өзге мегаполистері сияқты Парижде де соңғы жылдары ауаға шығатын зиянды заттар деңгейі әдеттегіден жоғарылап келген. Қала ауасын тазарту арқылы денсаулыққа пайдалы жобаны әрі қарай дамыта түсу мақсатында, Париж қаласы 2024 жылы дизельді, 2030 жылы бензинмен жүретін көліктерден бас тартқалы отыр.

Серіктес жаңалықтары