АҚШ-та «Флоренс» дауылынан 11 адам көз жұмды

АҚШ-та «Флоренс» дауылы ойран салып жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Соңғы ақпаратқа сүйенсек, кем дегенде 11 адам апат құрбаны болған. Әртүрлі деңгейде жарақат алғандар да бар. Мамандардың айтуынша, қазір желдің күші біраз бәсеңдеп, сағатына 75 шақырымды құрапты. Алайда енді тасқын болуы мүмкін. Су деңгейі көтерілсе, толық ойнаса, ол да оңай болмайды. Әлгі аймақтан шамамен 30 мың адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Олар уақытша арнайы орталықтарда орналасты. «Флоренс» келтірген шығын әлі есептеген жоқ. Мөлшері біразға баратыны анық.

Back to top button