Тайфунмен тіл табысқан Қытай

Тайфунмен тіл табысқан Қытай

Тайфунмен тіл табысқан Қытай
ашық дереккөзі
731
«Румбия» дауылы Шанхай қаласын шарпыды. Оның алдын алған қытайлықтар су тасу қаупіне байланысты жағалауға жақын аудандардағы 53 мың адамды қауіпсіз жерге көшіріп үлгерген. Жергілікті әуежайда жүзден аса рейс кейінге қалдырылып, теміржол қатынасы уақытша тоқтатылды. Ал негізгі күре жолдарда қозғалыс жылдамдығы шектелді.  Шанхай әкімшілігі табиғаттың тосын жағдайына алдын ала қамданып, қауіпсіздік шарасына мықтап көңіл бөліп, әсіресе, жарнама тақталарына тайфунның болатыны жайлы ескерту хабарламаларын жариялауға ерекше назар аударған еді. Нәтижесінде, тұрғындардың үйлері зақымданғанын есептемегенде, 53 мың жан дін аман қалды. Жойқын тайфунмен шынайы тіл ­табысты деген осындай-ақ болар.

Серіктес жаңалықтары