Қазақстанда тегін дәрі-дәрмекті кімдер ала алады

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 2019 жылы тегін медициналық қызмет көрсетуге қажет дәрі-дәрмекке тапсырысты қамдай бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Министр бекіткен тізімге әзірге 829 дәрі мен 315 медициналық құрал-жабдық енген. Сұранысқа сай тізім өзгеруі мүмкін.

Мамандардың айтуынша, 550 өнім түрлерін амбулаториялық ем қабылдап жатқан науқастар, 45-ін диспансерлік есепте тұрғандар ала алады.

Айтпақшы, биылдан бастап медициналық препараттарды сатып алу электронды форматта жүргізіледі. Тендер жұмыстары екі айға созылады. Демек дәрі-дәрмектер жыл соңына дейін түгел дайын болады.

Back to top button