Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Еліміздің спортшылары Азиаданың ашылу салтанатына қатысты

Индонезия астанасы Джакартада жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық орлимпиада комитетіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық атлеттер ашылу салтанатындағы спортшылар шеруіне қатысып, еліміздің көк туын боксшы Әбілхан Аманқұл көтеріп шықты. Бұл – Әбілхан қатысып отырған алғашқы Азия ойындары.  Бүгінгі салтанатты ашылу рәсіміне таеквондошылар, баскетболдан қыздар командасы, суда жүзушілер мен боксшылар қатысты. Құрама команданың басым бөлігі ертеңгі жарыс күніне дайындалғандықтан, салтанатты шеруден тыс қалды.  Қазақстаннан Азия ойындарына жалпы есебі 440 спортшы аттанды. Оның ішінде, 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды. Азия ойындары ел спортшылары үшін биылғы жылдың ең басты додасы болмақ.

Азия ойындары 18 тамыз – 2 қыркүйек аралығында, Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтеді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button