Мона Лизадан тараған тұяқтар

Мона Лизадан тараған тұяқтар

Мона Лизадан тараған тұяқтар
ашық дереккөзі
Итальяндық зерттеушілер суретші Леонардо да Винчидің атақты Мона Лизасынан тараған тұяқтарды тапқан. Аты аңызға айналған Мона Лизаның қазіргі ұрпақтары украин халқымен тікелей тамырлас көрінеді. Әпкелі˗сіңлілі Наталья және Ирина Строцци итальяндардың көне ақсүйектері – Тоскана отбасыларынан тараған. Шежірені зерттеу нәтижесінде  әпкелі˗сіңлілі қыздардың бойында украин қаны бар екені анықталды. Қыздардың әжесі Киевте туған украин азаматшасы, ал атасы – Одессада дүниеге келген француз. Наталья мен Иринаның айтуынша, олар бала кезінен әйгілі «Джакондаға» тікелей қатысы бар екенін жақсы біледі және олар үшін бұл жаңалық емес, тек шынайы отбасы тарихы. Әпкелі-сіңлілі қыздарды іздеп тапқан зерттеуші Доменико Савини бес ғасырдан астам уақыттан бері жинақталған бес жүз беттік ескі Флоренция отбасыларының мұрағатын жай ғана ақтарып көрген. Ғалымның пікірі бойынша, ол жас Строццилердің  Лиза Жерардинидің тікелей ұрпақтары екендігін растайтын құжатты тапқанда, өз көзіне өзі сенбеген. Сырға толы Джаконданың тікелей ұрпақтары осылайша табылған. Жалпы алғанда, Строццилердің отбасылық шежіресі Уинстон Черчилль, Италия тарихнама негізін қалаушы Макиавелли мен досы Франческо Гуччардини, сұлулығына Наполеон тәнті болған Тереза Моззи сынды атақты жандармен тікелей байланысты. Тағдырдың тағы бір  қызығы болса керек, Флоренция театрында өнер көрсететін Наталья Строцци сахнада Мона Лизадан аумай қалады екен.