Әлемнің ең бай 10 спортшысы анықталды

Әлемнің ең бай 10 спортшысы анықталды

Әлемнің ең бай 10 спортшысы анықталды
ашық дереккөзі
237

Cоңғы 10 жылда ең көп жалақы алған спортшылардың тізімі белгілі болды. бұл тізімді Forbes журналы анықтады. Журналдың рейтингіне соңғы он жылда белсенділік танытқан атақты спортшылар ғана енгізілген екен.

Рейтингтің көш баксында гольфшы Тайгер Вудс тұр. Тайгер Вудс соңғы 10 жыл ішінде 845 миллион доллар табыс тауыпты. Одан кейінгі орынға  боксшы Флойд Мейвезер тұрақтаған.  Мейвезер соңғы онжылдықта  660 миллион доллар пайда тапқан. Forbes журналының деректеріне сүйенсек, бұл соманың жартысына жуығын ол Мэнни Пакьяомен өткізген бір кездесуі үшін алған көрінеді. Айта кетейік, Мейвезер қыркүйекте спорттық мәнсабын аяқтады. Алғашқы үштікті баскетболшы Коби Брайант түйіндеп тұр. Баскетболшының табысы  475 миллион долларға тең.

Төртінші орынға баскетболшы Леброн Джеймс 472 миллион табысымен жайғасса, гольфшы Фил Микельсон 468 миллион табысымен бесінші орынға орналасқан. Алтыншы орында теннисші Роджер Федерер (455 миллион), жетінші орында футболшы Дэвид Бекхэм (441 миллион) тұр. Одан кейінгі орындарды боксшы Мэнни Пакьяо (432 миллион), футболшы Криштиану Роналду (407 миллион) және футболшы Лионель Месси (350 миллион) өзара бөлісіпті.

Серіктес жаңалықтары