Турфирма қызметкері клиенттерді алдап кеткен

Турфирма қызметкері клиенттерді алдап кеткен

Турфирма қызметкері клиенттерді алдап кеткен
ашық дереккөзі
260

Туристік фирма мен тұтынушы арасындағы тағы бір даулы оқиға тіркелді. Алматы қаласындағы туристік фирмалардың бірі клиенттерінен алаяқтық жолмен ірі көлемде ақша алған.  Бұл туралы КТК телеарнасы мәлімдеді.

Телеарнаның хабарлауынша, Алматыдағы туристік фирмалардың бірінде қызмет ететін Ғалия Шарапова есімді азаматша клиенттерге Түркия еліне демалуға жолдама алып беруге уәде етіп, ақша алған екен. Алайда турфирма қызметкері уәдесін орындамапты. Осылайша алаяқ 200 мың долларды қалтасына басып кеткен. Іске араласқан құқық қорғау органдары алаяқтыққа барған Ғалия Шарапованы қолға түсіре алмаған көрінеді. Сондықтан, азаматшаны алданған клиенттер өздері тауып, тиісті орындарға тапсырыпты.

Ғалия Шарапованың құрығына түсіп, қаржыларынан айрылғандар полицияға арыз жазып тапсырған. Өз кезегінде Алматы қалалық ІІД бұл іске қатысты тергеудің аяқталуына аз қалғандығын мәлім етіпті.

Алматы ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбектің айтуынша, қазір бұл іске қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған екен. осы айдың соңына дейін істің деректері сотқа жөнелтіледі. Қазіргі уақытта полиция өз жұмысын жүргізуде.

Сондай-ақ, қалалық ІІД бұл әйелдің бірнеше жыл бойы осындай алаяқтықпен айналысып келгенін мәлімдеген. Бұған дейін де 11 адам полицияға арызданып келіпті. Ол уақытта Ғалия Шарапова сот залынан босап шыққан, ал бұл жолы кінәсі дәлелденсе, азаматша 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы ықтимал.

Серіктес жаңалықтары