Демалыс күндері судан 6 адам құтқарылды

Демалыс күндері судан 6 адам құтқарылды

Демалыс күндері судан 6 адам құтқарылды
ашық дереккөзі
Демалыс күндері ел аумағында суға кете жаздаған 6 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі. Атап айтсақ, Қостанай облысында 3, Ақмола облысында 2, Павлодар облысында бір адам ажал тырнағынан аман қалды. Айта кету керек, оқиғалардың басым бөлігінде ер адамдар суда алыстап кетіп, жағаға өз бетінше жүзіп жете алмай қалған.