Теріскейде мың тонна бал жинайды

Теріскейде мың тонна бал жинайды

Теріскейде мың тонна бал жинайды
ашық дереккөзі
307
Бұл жөнінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловқа Омарташылар қауымдастығының төрағасы Олег Гаврилов баяндады. – Биыл облысқа жеткізілген балдорбалардың арқасында мың тонна бал жинай алатындай шамамыз бар. Өткен жылы 300 тонна бал жинадық, – деді бас омарташы. Облыста 30 мың гектарға жемшөптік дақылдар егілген. Ол жерлер омарта шаруашылығын жүргізуге толық жарамды. Бар болғаны, бал шөптерді өсіретін аграрлық кешендермен келіссөз жасау қажет. – Біз бұл істі бастаған кезде бал шөптерді егу керек екенін айтқанбыз. Аудан әкімдері, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер егетін шөптің көлемін біліп, қажет кезде омарташылармен жұмыс жасауы керек. Қытай мен БАӘ біздің балды сатып алуға дайын. Сондай-ақ, логистика және тағы да басқа мәселелер өз шешімін тапты. Келесі жылы көлемін ұлғайту керек болады, – деді Қ.Ақсақалов. Омарташылар тап болатын тағы бір қиындық – барлық нормаларға сай бөлшектеп, өлшейтін цехтың болмауы. О.Гавриловтың айтуынша, қауымдастық балды омарташылардан сатып алып, өлшеп, түйіп, экспортқа шығара алады. Облыс әкімі бұл мәселенің шешімін табуға көмек қолын созатынын жеткізді. Солтүстікқазақстандықтарды омарта шаруашылығына тарту – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту бойынша атқарылып жатқан қосымша шаралардың бірі. Омарта шаруашылығымен айналысу үшін 767 ара ұясы сатып алынып, 230-дан астам адам осы іске жұмылдырылған. Өңірде омарташылар мектебі жұмыс істейді. Бүгінде 25 адам оқудан өткен. Облыс әкімі Қ.Ақсақалов осыған дейін омарта шаруашылығын дамыту мәселесін бірнеше мәрте көтеріп, ара өсірудің пайдасы жөнінде де сөз қозғаған болатын.

Серіктес жаңалықтары