Қырық кісі мен қыңыр кісінің ісі

Қырық кісі мен қыңыр кісінің ісі

Қырық кісі мен қыңыр кісінің ісі
ашық дереккөзі
Филиппин халқы жаппай ереуілге шығуда. Бұған президент Родриго Дутертенің соңғы жолдауы себеп болған көрінеді. Сарапшылар "қос тарап бір-бірімен дұрыс тіл табыса алмай отыр. Әйтпесе ешбірі де елге қиянат етіп жатқан жоқ" дейді. Филиппин президенті елдегі есірткі бандасымен күресті жалғастыратындығын жеткізген. Шын мәнінде халық бұған емес, елдің экономикасы құлдырап, жұмыссыздық деңгейі өсіп, адамдардың құқығы бұзылып жатқандығынан қауіптеніп отыр. Тұрғындар ел басшысына есірткімен күресті қоя тұрып, аталған олқылықтарды оңалтуды сұрап жатыр. Сейкесінше Родриго Дутерте де өз менін бірінші орынға қойып: «Егер осы қарсылық шарасына шығу арқылы мені есірткімен күресуден бас тартады деп ойласыңыздар қателесесіздер. Сіздерге адам құқығы маңызды болса, маған тұрғындардың өмірі маңызды» деп дегенінен қайтпай отыр. Тіпті есірткі бандаларының көзі жойылса елдегі аһуал да жақсарады дегенді алға тартқан. Тұрғындарының жан айқайының көлеңкесінде тағы бір үлкен мәселе бар. Дутерте тұрғындар өмірін шынымен қорғағысы келсе, билік басына келген екі жыл ішінде қылмыскер деп танылмаған 4 жарым мың күдікті атылса, есірткі саудалағаны үшін бірнеше мың адам белгісіз жағдайда қаза тапқан.