318
Денис Тен жансақтау бөлімінде
Денис Тен жансақтау бөлімінде

Алматыда Денис Тен жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты №12 орталық аурухананың қабылдау бөлім растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Денис Тен бізге түскі сағат 15:00 шамасында түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», - деді аурухана мамандары.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны біреу пышақтап кеткен.
Айта кетсек, 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.