Сәбидің үні сүйкімді

Сәбидің үні сүйкімді
Соңғы бес айдың ішінде Қарағанды облысында жаңа туған сәбилер саны 39 адамға артқан. АХАТ органы 9163 жаңа туған сәбиді тіркеген. Соның ішінде 7399 нәресте – қалалық жерде және 1764 сәби – ауылдық жерде дүниеге келген. Сәбилердің арасында ұлдардың үлесі 52,8 пайызды құраса, қыздар ˗ 47,2 пайыз. Яғни, әр 100 қыз балаға 111,7 ұлдан келіп отыр.
Сондай-ақ, облыстық АХАТ органы 3 277 неке мен 2 106 ажырасу фактісін тіркеген. Өткен жылмен салыстырғанда неке саны артып, ажырасу көрсеткіші 0,5 пайызға кеміген.
ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің 2018 жылдың 1 маусымы бойынша жүргізген есебі нәтижесінде еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамға жеткен. Оның ішінде қала тұрғындары – 10 514,3 мың (57,6%), ауыл тұрғындары – 7 739,0 мың адамды (42,4%) құраған. 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен.