533
Таныта білу де тылсым өнер
Таныта білу де тылсым өнер
Елімізде туризмді дамыту үшін барлық қажетті, мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдай бар. Осы ретте Үкімет өзінің ұзақ мерзімді дамуы жөніндегі бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде жариялады.
Еліміздің туристік саласын өркендету амалдары Үкімет қабылдаған 2023 жылға дейінгі арнайы тұжырымдамада көрсетілген. Құжатта жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнесті, инженерлік-көліктік және туристік инфрақұрылымды, маркетингті дамыту, сондай-ақ, экономиканың басқа да секторларымен бірлесе жұмыс істеу, бай тарихи-мәдени мұра құру қарастырылған. Әсіресе, бірнеше туристік жобаны жүзеге асыруға ден қойылады. Олар Бурабай, Имантау, Баянауыл, Түркістан, Алакөл, Шарын шатқалы, Каспий теңізіндегі демалысты дамытуға қатысты. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі 2 кезеңге бөлінген. Алғашқысы 2017-2019 жылдарды қамтиды. Ал екіншісі 2020-2023 жылдарға арналған.
˗ Бес жылдан кейін елімізге келетін шетелдік туристер саны 8 миллионға жуықтайды», – деп мәлімдеді Қазақ туризм компаниясы төрағасының орынбасары Қайрат Сәдуақасов. Оның айтуынша, ішкі туризм де қарқынды дамып келеді. Тек биылғы жыл басынан бері бұл көрсеткіш 20 пайызға артқан.