Жамбылдағы алғашқы ІТ-сынып

Жамбылдағы алғашқы ІТ-сынып

Жамбылдағы алғашқы ІТ-сынып
ашық дереккөзі
«Нұр Отан» партиясының «Балаларға ақысыз ІТ-сынып ашу» жобасын іске асыру барысында Жамбыл облысында алғашқы ІТ-сынып ашылды. Бұл іс партияның Жамбыл облыстық филиалы, ҚР Тұңғыш Президенті қоры және облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды. Өңірдегі алғашқы ІТ-сыныптың ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеев, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова, партияның Тараз қалалық және аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. ІТ-сыныптың жұмысымен «Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының» директоры Шариякүл Қашқынова және мұғалім Бақтияр Ошақбаев жан-жақты таныстырып, түсіндірді. ІТ-сынып 10 оқушы, 1 мұғалімге арналған барлық құрал-жабдық, оқу-құралдары және компьютерлермен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, сыныпта оқушылардың сабақ оқуы және құрал-жабдықтармен жұмыс істеудегі ескертпе стендтері, робототехника және 3D модельдеу үстелдері құрал-жабдықтары орнатылған. ІТ-сыныпта 8 және 16 жас аралығындағы оқушылар «STEM centr» академиясы бойынша 3 модульден тұратын оқу бағдарламасымен оқып, 1-ші оқу модулінде бағдарламалауды игеріп шығады. Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобаларын іске асыру мақсатындағы желілік кесте бойынша, жыл соңына дейін 12 ІТ-сынып ашу жоспарланған. «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шүкеевтің айтуынша, партияның мұндай бастамашыл жобалары Елбасының «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарына қатысуға партияның толық дайын екенін көрсетеді. Қазірдің өзінде облыста жаңа партиялық жобалар өз жұмысын бастап кетті. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы мен жергілікті мемлекеттік органдар, өңірлік кәсіпкерлер палатасы және бизнес қауымдастық арасында бірқатар меморандумға қол қойылды. Бұдан бөлек облыста тағы да 3 коворкинг орталық және 1 білім орталығын ашу жоспарлануда.