Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді

Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді

Адалдық жүрген жерде – адамдық жүреді
ашық дереккөзі
Қала тұрғындарын ірі сауда-ойындарының бірі «Мега паркте» қабылдаған мемлекеттік қызметкерлер  «Адал жол»  марафонын ұйымдастырды. Аталмыш шараның негізгі мақсаты ˗ жемқорлыққа нөлдік төзімділік қалыптастыру. Ол Республиканың әр өңірінде өзіндік ерекшелікпен өткізіледі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін өткізілген  шара Алматыда наурыз айында бастау алған болатын. Іс-шараны қаладағы 8 аудан әртүрлі деңгейде, әр аудан бір айдан сегіз ай көлемінде жүзеге асырады. Мәселен, шілде айы – Алмалы ауданынікі. Осыған орай, Алмалы ауданында өткен  қоғамдық қабылдауға Алмалы ауданының прокуроры, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, Жергілікті полиция қызметінің бастығы, Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, Тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының басшысы, Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, Білім бөлімінің басшысы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Жұмыспен қамту орталығының басшысы, Зейнетақы төлеу бөлімшесінің басшысы, Аудандық бас дәрігер, АХАТ бөлімінің басшысы және Мемлекеттік-құқық бөлімінің басшысы қатысты. Олар халыққа мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі мен мерзімі жайында, оларды алу жолдарын түсіндірді. –  Біздің бірінші шарамыз – Арбатта өткен «Денсаулық күні». Онда халыққа мемлекет тарапынан берілетін тегін медициналық көмектер, дәрі-дәрмектер тізімі жөнінде және дәрігерге онлайн жазылу жолдары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізідік. Басты мақсат – тұрғындардың мемлекет мекемелеріне деген сенімін арттыру. Екінші іс-шара – қоғамдық қабылдау, яғни мелекеттік қызмет күні. Алдағы уақытта марафон аясында жастарға арналған іс-шаралар өткізу жоспарланған. Біз эстафетаны Жетісу ауданынан алдық, енді бір ай бойы біздің аудан іс-шаралар ұйымдастырып, ай соңында эстафетаны Наурызбай ауданына береміз. Осылайша марафон жыл соңына дейін жалғасып, қорытынды есеп республикаға жіберіледі, –  деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова Айнұр.