Қазақстанда 4 жылдың ішінде 8 түрме жабылған

Қазақстанда 4 жылдың ішінде 8 түрме жабылған

Қазақстанда 4 жылдың ішінде 8 түрме жабылған
ашық дереккөзі
Шетелдіктер біздегі құқық саласында жасалып жатқан реформаларға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Хабар 24. Айталық, Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Герхард Ярош елімізге келіп, Бас прокуратураның өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында Ярош мырзаға Бас прокуратураның жаңа жобасы таныстырылды. Бұл бағдарлама түрмеде отырғандардың санын азайтуға бағытталған. Ол 10 нақты шарадан тұрады. Нәтижесі жоқ емес. Мәселен, егемендік алғанға дейін Қазақстан әлем бойынша түрме саны көп елдердің үштігіне кірсе, қазір 82-орынға шегерілген. Отыз жыл бұрын ел аумағындағы абақтыларда 100 мың адам отырса, қазір бұл көрсеткіш 33 мыңға дейін төмендеді. 4 жылда 8 түрме жабылды. Осындай оң өзгерістермен қатар шетелдіктерге цифрландыру бойынша қолға алынған ілкімді істер де баяндалды. Соның бірі – «Электронды қылмыстық іс» деп аталатын жоба. Бұл жаңашылдық әділ шешім қабылдау үшін азаматтарға кепілдік береді. «Бұрынғы кеңес дәуірінен келе жатқан 20-30 жылдардағы түрмелердің сегізі жабылды. Нәтижесінде, бізге 12 миллиард теңгені үнемдеуге жол берді. Тағы да қазір міне 1-2 түрме жабылып жатыр. Осы ізгілендіру арқасында осы жұмысты жалғастырып отырмыз. Олар біздегі оң өзгерістерді МАП-тың сессиясына шығарғысы келіп отыр», -  деді  ҚР Бас прокурорының орынбасары, Марат Ахметжанов.