АІВА Рио Олимпиадасына төрелік еткен 36 рефериді қызметінен қуды

Халықаралық бокс қауымдастығы 2016 жылы Рио Олимпиадасында қызмет еткен төрешілердің бәрін қызметінен қуды, деп хабарлайды ТАСС.

Халықаралық бокс қауымдастығы (АІВА) 2016 жылғы Рио ойындарында төрелік еткен 36 төрешіні қызметінен босатты. Бұған аталған Олимпиада ойындарында жанкүйерлер мен боксшылардың күмәнін тудырған шешімдердің көп болуы себеп.

Атап айтар болсақ, 91 келіге дейінгі салмақта «алтынға» таласқан ресейлік Евгений Тищенко мен қазақстандық Василий Левиттің жекпе-жегіндегі төрелік әлем жанкүйерлерінің наразылығын тудырды. АІВА аталған кездесуге төрелік еткен жеті қазыны ойыннан шеттетті.

Әзірге, төрешілердің қанша уақытқа дейін қызметінен кеткені белгісіз.

АІВА Риодағы ойындарынан соң төрелік жүйесін реформалайтынын ескерткен болатын.

Back to top button