Екпенің құны – 27 400 теңге

Екпенің құны – 27 400 теңге

Екпенің құны – 27 400 теңге
ашық дереккөзі
278
Шымкентте қажылыққа баратындар менингитке қарсы екпе салдыруда.  Қауіпті дертке қарсы екпенің құны қымбат. Дегенмен дертке тұсауланбас үшін екпеден артығы жоқ болып тұр. Бүгінде Шымкентте менингитке қарсы екпені 300-ден астам адам салдырған деп жазады otyrar.kz. Биыл қажылыққа баратындардың барлығы да әлбетте залалды ауруға қарсы екпе салдыруы тиіс. Кез-келген қала тұрғыны Шымкент қалалық №1 емханасында алуына болады. Аталмыш емхана дәрігерлерінің айтуынша бүгінде қатерлі дертке қарсы екпе салдыратындардың қатары көбейген. Күніне 20 адам екпе салдырады екен. Ал қажылыққа бару маусымы басталғалы бері 300 адам екпе салдырып үлгеріпті. Ал екпенің бағасы 27 400 теңге. Ол үшін ешқандай дайындықтың қажеті жоқ. Емханада дәрігерлер дене қызуын өлшеп, барлығы да қалыпты болса, екпе салып береді.

Серіктес жаңалықтары