ӘЧ 2018: Дешам VS Далич

ӘЧ 2018: Дешам VS Далич

ӘЧ 2018: Дешам VS Далич
ашық дереккөзі
Ресей Федерациясында өтіп жатқан футболдан XXI әлем чемпионаты бүгін өз мәресіне жетеді. Топты жарып финалға жеткен Франция және Хорватия құрамалары. Осындай маңызды, байрақты бәсекеде нәтижелі өнер көрсету команда бапкеріне тікелей байланысты екені белгілі. Біз өз кезегімізде Златко Далич пен Дидье Дешам жайлы сөз қозғамақпыз. width=Дидье Дешам  бұл есім футбол жанкүйерлеріне 1990 жылдан бері таныс. Қазанның 15-і күні 50 жасқа толады. Дешамның футболдағы мансабы ұзақ жылғы еңбекпен келді. width= «Әу» дегеннен-ақ әлем чемпионы болу бұйыра қоймады. Италияда өткен 1990 жылғы және АҚШ-тағы 1994 жылғы әлем чемпионаттарында Франция құрамасымен бірге Дидьенің де тауы шағылды. 1996 жылы Францияның жыл футболшысы болды. «Ер кезегі үш» деді ме бұл ойыншы 1998 жылы өз елінде өтетін чемпионатқа күш жинап тағы қатысты. Ұлттық құраманың капитаны болған ол Франция құрамасымен бірге алғаш рет әлем чемпионы болып еді. width= Енді Дешам Ресейде өтіп жатқан XXI әлем чемпионатында бапкер болып, қайта келді. Ұлттық құраманы 2012 жылдан бері жаттықтырып жүр. Бапкер ретінде 20 жылға жуық тәжірибесі  бар. Дегенмен бүгін болатын жауапты кездесуде алаң сыртында тұрып, өзі 20 жыл бұрын жеңген шақпақ жейделілердің осал тұсын таба алар ма екен? Кім білсін?! Не де болса, Дешам бастаған Франция құрамасы осал ойыншылардан құралмағаны хақ.  width= Златко Далич – футболдағы мансабы көптен ерекшеленбейді. Елудің екеуіне аяқ басқан Далич Кеңестік Югославия (Хайдук) құрамасынан өз карьерасын бастап, тәуелсіз Хорватия (Вартекс) ойыншысы болып аяқтаған. Және осы Вартексте бапкердің көмекшісі болып тренерлік мансабын бастаған. 2005 жылы Вартекс бас бапкері болады. Оcы он екі жыл ішінде 9 команданы жаттықтырып үлгерген. Хорватия құрамасы оныншысы. width= Осы жолғы ұлттық құрманың құрамы сапалы әлде бапкер жақсы жұмыс істеуде. Әйтеуір Хорватия құрамасы финалға шықты. Және ешқандай талассыз. Егер құрама жеңіп кетсе, Хорватияның футбол тарихына Златко Далич есімімен қатар команда капитаны Лука Модричтың да есімі алтын әріптермен жазылмақ. Бірнеше сағаттардан кейін төрткүл дүние көз тіккен чемпионаттың нағыз үздік құрамасы анықталады. Әліптің артын бағалық. width=