Б.Сағынтаев Ақтөбе облысының кәсіпорындарын аралады

Б.Сағынтаев Ақтөбе облысының кәсіпорындарын аралады

Б.Сағынтаев Ақтөбе облысының кәсіпорындарын аралады
ашық дереккөзі
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірлерге жұмыс сапарын жалғастыруда. Үкімет басшысы Ақтөбе облысында болып, ондағы өнеркәсіптік және әлеуметтік кәсіпорындарды аралады, – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Ақтөбе қаласының дамуымен танысу Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылдың соңында іске асырылған «Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты» ЖШС нысанында басталды. Премьер-Министр цехте жоғары қысымда жұмыс істейтін қондырғыларды әзірлеудің және блоктық-жиынтықты жабдықтардың технологиялық үдерісімен танысты. Зауытты аралау барысында «ҚМЖЗ» ЖШС директоры А. Кашлаев зауытта өндірілетін өнім сапасының пайызы 96% асатынын айтты. Осылайша, өндіріс көлемі бірінші жарты жылдықта жалпы сомасы 3,6 млрд теңгеге шамамен 5 мың т құрады. Шығарылған құбырлар ұңғымадан сыртқа газ немесе сұйық флюидты тасымалдауға, бұрғылау кезінде және оларды одан кейінгі пайдалану үшін мұнай мен газ ұңғымаларын бекітуге, сондай-ақ суды, пайдалы қазбаларды және т.б. іздеу кезінде ұңғымаларды бұрғылау үшін пайдаланылады. Сондай-ақ, блоктық-жиынтықты жабдық жол және құрылыс үшін битум мен мазут алуға, ал қондырғылар ұңғымаларды бұрғылауға арналған. Бұдан өзге, Б. Сағынтаевқа кәсіпорынды дамыту перспективалары туралы баяндалды. Шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, жалпы инвестициялар көлемі 16 млрд теңге болатын және 100 жаңа жұмыс орнын құрумен «Көміртек күйесі өндірісі» жаңа жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Зауытты тексергеннен кейін Ақтөбе облысының әкімі Б. Сапарбаев «Ақтөбе» индустриялық аймағының аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын цифрландыру және технологиялық жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. «Ақтөбе» индустриялық аймағы 200 га аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда жеті жоба құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 29,4 млрд теңге сомасына 508 жаңа жұмыс орнын ашумен төрт жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Облыс әкімінің орынбасары С. Төленбергенов өз кезегінде өңірдегі жол бойындағы сервисті дамыту және автожолдарды жөндеу жоспарын жүзеге асыру туралы баяндады. Осылайша, Мемлекет басшысының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың 90% үлесіне 2022 жылға қарай қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жыл сайын жол жөндеу жұмыстарының көлемі артып келеді. «Ақтөбе» индустриялық аймағы 200 га аумақты қамтиды. Бүгінгі таңда жеті жоба құрылысы жүргізіліп жатыр. Биыл 29,4 млрд теңге сомасына 508 жаңа жұмыс орнын ашумен төрт жобаны пайдалануға беру жоспарланған. Облыс әкімінің орынбасары С. Төленбергенов өз кезегінде өңірдегі жол бойындағы сервисті дамыту және автожолдарды жөндеу жоспарын жүзеге асыру туралы баяндады. Осылайша, Мемлекет басшысының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автожолдардың 90% үлесіне 2022 жылға қарай қол жеткізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жыл сайын жол жөндеу жұмыстарының көлемі артып келеді. «Ақтөбе облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының желісі 1897 шақырымды құрайды. 2016 жылы 99 шақырым жөнделді, 2017 жылы — 302 шақырым, биыл жалпы сомасы 35,7 млрд теңгеге 404 шақырым жол жөндеу жоспарланған, ал 2019 жылы 43,6 млрд теңгеге 452 км жөндеу болжанған», — деді С. Төленбергенов. «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы Е. Кизатов KazWay павильон-сервисінің жұмысын таныстырды. Оның айтуынша, биыл Ақтөбе облысының аумағында республикалық автожолдар мен «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің бойында ұзындығы 609 шақырым болатын осыған ұқсас жеті павильон орнату жоспарланып отыр. 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Ақтөбе облысында өнеркәсіп өнімдерін шығару көлемі 815,3 млрд теңгені құрады. 2017 ж. тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 105,1% құрады. Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өңдеу өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары, металлургия, дайын металл бұйымдарының өндірісі артты. Ақтөбе облысында екінші бесжылдықта (2015–2019 жж.) Кәсіпкерлікті қолдау карталарымен инвестициялар көлемі 195 млрд теңге болатын, 2,9 мың жұмыс орнын құрумен 23 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 14 жоба пайдалануға берілген, 1100 астам жұмыс орындары құрылған. Бұл әк, бекіту бұйымдарын, борлайтын шарларды, силикат бұйымдарды, металл конструкциялар мен металл бұйымдарды, макарон өнімдерін, жарақаттанудан қорғайтын жабындарды, сүт өнімдерін өндіретін жобалар, ет комбинаты, құрамында хромы бар қалдықтарды қайта өңдеу, мұнай-газ жабдықтары және құбырлар, шыны жуатын сұйықтықтар, антифриздер, шағын МӨЗ, сонымен қатар үй құрылысы комбинаты. Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік қағидаты бойынша іске асырылған бірқатар әлеуметтік нысандарды: «Daru Zharygy» офтальмологиялық орталығын, «Алғашқы көмек» ЖШС орталық жедел және шұғыл көмек станциясын, сонымен қатар Жекпе-Жек сарайын аралады. Медициналық ұйымдарды аралау кезінде денсаулық сақтау басқармасының басшысы А. Қалиев Ақтөбе облысының денсаулық сақтаудағы жоғары әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді жаңғырту іске асырылып жатқанын айтты. «Облыста бауыр мен бүйрек трансплантациясы (2 жыл ішінде 37 бүйрек ауыстыру және 12 бауыр ауыстыру оталары жасалды), үлкен буындарды эндопротездеу, эндо-бейнехиругиялық емдеу тәсілдерінің кең ауқымы тәрізді бірегей емдеу технологиялары игерілді. Заманауи деңгейдегі генетикалық зертханасы бар Экстракорпоральді ұрықтандыру орталығы ашылды», — деді А. Қалиев, ол сонымен қатар медицина кластерін дамытудың бұдан кейінгі жоспарлары туралы баяндады.  Ақтөбе облысында денсаулық сақтауды қаржыландыруға 8,5 млрд теңге, денсаулық сақтау нысандарын дамытуға — 4,2 млрд теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға — 1,9 млрд теңге қарастырылған.  Бақытжан Сағынтаев «Daru Zharygy» заманауи офтальмологиялық клиникасында болды. Медициналық мекеме әлемдік сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай келетін АҚШ, Швейцария, Германия, Жапония елдерінің жоғары технологиялық жабдықтарымен және инновациялық технологияларымен жарақталған.