Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева өзінің Instagram-дағы парақшасында жігіттерді қорған бола білуге шақырды, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Отбасының тірегі-еркек. Тірек әлсіз болса шаңырақ құлайды. Еркектің еркектігі айқайлауында немесе тек ақша табуында емес, қорған бола білуінде. Қорған болу-қорғау! Қорғау дегеніміз жаудан қорғау емес. Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын қорғау керек. Отбасы-аманат! Аманатты иесіне қайтарғанда ұялмайтындай болу керек», - деп жазды ол.