Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды

/
Жаңа жыл мерекесінде қазақстандықтар қанша күн демалатыны белгілі болды
istockphoto

Қазақстанда 2026 жылғы Жаңа жыл мерекесіне арналған ресми демалыс күндері бекітілді, деп жазады turkystan.kz.

Елімізде 1–2 қаңтар – Жаңа жыл, ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі ретінде белгіленген.

2026 жылы 1 қаңтар аптаның соңына тура келетіндіктен, қазақстандықтар 30 және 31 желтоқсанда әдеттегідей жұмыс істейді. Осыдан кейін төрт күн қатарынан демалыс беріледі. 5 қаңтарда жұмыс қайта жалғасып, Рождество мерекесіне дейін екі күн еңбек күні болады. 7 қаңтар сәрсенбіге сәйкес келіп, тағы бір ресми демалыс күнін береді.

Бес күндік жұмыс аптасы үшін:

30, 31 желтоқсан – жұмыс

1, 2, 3, 4 қаңтар – демалыс

5, 6 қаңтар – жұмыс

7 қаңтар – демалыс


Жалпы: 12 демалыс күні, 19 жұмыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасы үшін:

30, 31 желтоқсан – жұмыс

1, 2 қаңтар – демалыс

3, 5, 6 қаңтар – жұмыс

7 қаңтар – демалыс


Жалпы: 7 демалыс күні, 24 жұмыс күні.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары