Жапония: Апаттан қаза болғандар саны 204 адамға жетті

Жапон елініде төтенше жағдай орын алды. Толассыз жауған жаңбыр, су тасқыны мен лай көшкіні 204 адамның өмірін жалмады.

Жапониядағы бұл – қайғылы оқиға соңғы он жылда орын алған ең ауыр апат. Окаяама, Хиро­шима және Яамагучи аймақтары ора­сан залалға ұшыраған.  Деректерге сүйенсек, соңғы рет су тасқынынан мұншалықты көп адам 1982 жылы қаза тапқан. Төтенше апаттан зардап шек­кен­дерді құтқару жұмысына 75 мыңнан астам адам жұмылдырылып отыр. Олар­дың қатарында өрт сөн­діру­шілер, әскерилер де бар. Тіпті, Жапония­ның премьер-министрі Синдзо Абе де шет елге іссапарын кейінге қал­дырып, тасқынның салдарымен кү­ресуге бел шеше кірісіп кеткен.

Back to top button